Мұсылманның адамгершілік қасиеттері

Сырды сақтау – шынайы мұсылманның жүрегіндегі алтын қазына. Бұл қасиет – адамның ішкі күшінің, тұлғалық жетілуінің айқын дәлелі. Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, үлгісінде өскен әрбір мұсылман осы қасиетті бойына сіңіріп, өмір бойы сақтауға тырысады.

Анас ибн Мәліктің балалық шағындағы оқиға – сыр сақтаудың маңыздылығын көрсететін ең жақсы мысал. Кішкентай баланың Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сенімін ақтау үшін қандай үлкен жауапкершілік сезгенін елестетіп көріңізші! Оның бұл қасиеті – шынайы иманның нәтижесі.

Имам Муслим Анас ибн Мәликтен, Алла оған разы болсын, риуаят еткен хадисте: «Бірде мен басқа балалармен ойын ойнап жүргенде, Алланың Елшісі, оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын, келіп, бізге сәлем берді де, маған бір тапсырма берді. Осы себептен, үйге кешігіп келдім. Анам мені: „Неге кешіктің?“ деп сұрады. Мен: „Алланың Елшісі, оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын, тапсырма берді“ дедім. Ол: „Не тапсырма?“ деп сұрады. Мен: „Бұл құпия“ деп жауап бердім. Сонда анам: „Алланың Елшісінің, оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын, сырын ешкімге ашпа“ деді. Анас былай деді: „Алламен ант етейін, егер ол сырды біреуге ашқанымда, саған, уа Сабит, айтар едім!“» деп жеткізеді.

Анас ибн Мәликтің анасы ұлының Алланың Елшісінің, оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын, сырын сақтауға деген ықыласын байқап, оған ешкімге ашпау керектігін ескертіп, осы тілегін нығайтады. Біз оның бұл сырды шынымен ешкімге, тіпті риуаят еткен Сабит Әл-Бунаниге де айтпағанын көреміз. Ал оның анасы ұлының сақтаған сырын білмек ниетпен артық сұрақтар қоймады. Бұл – шынайы исламдық тәрбиенің көрінісі әрі ер, әйел немесе бала болсын, әрбір адамның осы тәрбие арқылы жетуге болатын биік деңгейі.

Сырды ашу – адамның жүрегіндегі қараңғылық. Бұл – сенімді сындырып, қарым-қатынасты бұзатын қатерлі дерт. Әсіресе, отбасы құпияларын ашып айту – үйдің тыныштығын бұзып, бақытты отбасын ажыратып жіберетін қадам.

Поделиться

Добавить комментарий

Прокрутить вверх