Баларды тәрбиелеу бойынша әдеби ұсыныстар
Есіңізде болсын: билік айғайда емес. Біз дауыс көтергенде, оны көрсетуге, жағдайды бақылауға тырысамыз. Алайда балаларды ересектердің ашуын келтіріп, эмоцияға берілуі қанаттандырады. Бала: «Бер, бер, маған печенье бер!» деп қайта-қайта айқайлағанда, сіз оған байсалды, мейірімді үнмен: «Егер тағы да сұрайтын болсаң, үстелден тұрып, басқа бір іспен айналысасың», – дейсіз. Ол сізді тыңдамай, қайта сұрауы мүмкін (Мұндай сәттерде отбасы мүшелерімен алдын ала келісу маңызды: егер біреуіңіз балаға ұрысып немесе жазалап жатсаңыз, басқалары да соған сай қаталдық танытуы тиіс. Себебі бала: «Біреу мені ұрсады, ал екіншісі қолдап тұр. Біреуінен қорықпаймын, өйткені екіншісі менің жағымда», – деп ойлауы мүмкін. Бұл ата-аналардың өзара қақтығысуына да алып келуі ғажап емес). Балаға тәртіп орнату үшін оған белгілі бір қолайсыздықтар тудырған жөн: ашулы түр көрсету, көшеге шығудан айыру, ойыншықтарын алып қою немесе бұрышқа тұрғызу секілді шаралар.
Физикалық жазалау – ең соңғы амал, және ол өте сирек қолданылуы керек. Қасиетті мәтіндерде баланы жазалағанда жіңішке жіппен ғана ұрған дұрыс делінген. Оның мақсаты – баланың назарын өз қателігіне аудару, ауырсыну емес. Егер бала күн сайын жазаланатын болса, оның тәрбие құралы ретіндегі әсері мүлдем жойылады.
Табандылық танытыңыз: талаптарыңыз ақылға қонымды болсын, бірақ оларды міндетті түрде орындатыңыз.
Балаға деген махаббаттыың шынайы көрінісі
Балаларына сүйіспеншілікпен және мейіріммен қарайтын ата-ана өзімен-өзі тыныштықта әрі үйлесімділікте өмір сүреді.