Жұбайлар арасындағы қарым-қатынастағы келіспеушіліктерден сақтанудың жолдары
Отбасының тыныштығы мен берекесі, күйеу мен әйелдің бір-біріне деген құрметі – тек сол шаңырақтың ғана емес, тұтас қоғамның негізгі тірегі:
1. Күйеуінің разылығы – әйелдің бақыты. Пайғамбарымыз Мұхаммед, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, айтты: «Үш топ адамның дұғасы құлағынан аспайды: қашқын құлдың, ол қайтып келгенше; күйеуі ашуланған кезде ұйқыға кеткен әйелдің және халқы наразы болған билеушінің дұғасы» – деп ескертті
Әйел жүрегінің жылуы күйеуінің разылығымен қуат табады. Егер әйел күйеуінің көңілінен жықса, оның жүрегінен шаттық қашып, шаңырақтың берекесі шайқалады. Қарапайым түсіністік пен өзара сыйластық – отбасының алтын арқауы;
2. Күйеуіне қиындық туғызу – рухани үйлесімді бұзады. Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген: «Әйел күйеуіне дүниеде қиындық туғызса, оның (жаннаттық) хұрлары: „Ол сенің қонағың ғана, көп ұзамай осы дүниеден кетеді, ал ол бізбен бірге мәңгілік бақытта болады“», – деп айтады;
3. Себепсіз ажырасудың ауыртпалығы «Егер әйел күйеуінен себепсіз ажырасуды сұраса, ол жәннаттың хош иісін сезінуден де айырылып қалады», – деген хадис әйелдің отбасындағы орнының қасиеттілігін көрсетеді;
4. Күйеуінің келісімінсіз амал етудің орынсыздығы. «Әйелге күйеуінің рұқсатынсыз оның жанында ораза ұстау, сол сияқты оның келісімінсіз үйге бөтен адамдарды кіргізу жарамайды», – деген хадисте отбасылық үйлесімнің маңыздылығы көрсетілген;
5. Отбасылық құпияны сақтау – ерлі-зайыптылардың ар-намысы. Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, айтты: «Ерлер де, әйелдер де кейде интимдік қатынастарының егжей-тегжейлерімен бөліседі… Мұны істемеңдер!» – деп ескертті;
6. Әйелдің ар-намысы мен ұятын сақтау. «Егер әйел күйеуінің үйінен тыс жерде киімін шешсе, Ұлы да Құдіретті Алла оны ұятқа қалдырады», – деген хадис әйел адамның қоғамдағы жауапкершілігін көрсетеді.