Мұсылманның адамгершілік қасиеттері Фрагмент

Мұсылманның адамгершілік қасиеттері

Раздел библиотеки: Религии / верования / культы
ISBN: 9785006500945
Издатель: Издательские решения
0 (0 рейтинг)

Оқырмандар ұзақ күтумен асыға күткен бұл еңбек – Құран Кәрім мен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сүннетінің асыл нұсқауларына негізделген, адамзаттың рухани өрлеуі мен тәрбие ісіне арналып жазылған қымбат қазына.

Поделиться

Мұсылманның адамгершілік қасиеттері

А. Б. Байзаков
Ж. Х. Рахымбай

© А. Б. Байзаков, 2025

© Ж. Х. Рахымбай, 2025


ISBN 978-5-0065-0094-5

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

Ғылыми редактор, дінтану ғылымдарының (PhD) докторы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Б. М. Манабаев.


Рецензент, дінтану магистрі, М. Таттибаев.


Қазақстан Республикасы Қоғамдық келісім комитеті бұл еңбекті исламтанушыларға, имамдарға, сондай-ақ ислам ахлақы мәселелеріне терең қызығушылық танытқан барлық жандарға арнайды.


Рецензияның тіркеу нөмірі: №16-05-12/396, 13.03.2019 ж.

КІРІСПЕ

Иә, Аллаһым, мейірімді әрі кешірімді Раббым! Сен – барлық мұсылмандардың үмітісің. Өз Қасиетті Кітабында былай деп баяндадың: «Ей, иман келтіргендер! Егер сендер Аллаға көмектессеңдер, Ол да сендерге көмектесіп, аяқтарыңды нықтайды». (Сүре Мұхаммед, аят 7). Асыл Пайғамбарымыз Мұхаммед, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, арқылы бізге жеткен Ислам діні – адамзаттың бақытына жол ашқан, жүректерді нұрландырған асыл бағыт. Оның үмбеті болу – өмірдегі ең жоғары мәртебе, ең үлкен жетістік.

Иә, Аллаһым, Раббым! Соңғы Пайғамбарға, оның отбасы мүшелеріне, сахабаларына, барша пайғамбарларға, оларға ерген мумин мұсылмандарға өзіңнің шексіз мейіріміңді жаудыра гөр. Жүрегімізді иман нұрымен нұрландыр, бізді тура жолдан адастырмай, иманымызды күшейт.

Алла Тағала бізге әрқашан хақ жолында жүруге және екі дүниенің бақытын нәсіп еткей.

Құрметті оқырмандар, бұл кітап сіздерге Исламның рухани құндылықтарына жол ашып, иман, ізгілік, әділеттілік сияқты терең мәндерге үңілулеріңізге мүмкіндік береді. Бұл еңбек – адам жанының байлығын арттыратын, өзін-өзі тану мен қоғамның үйлесімді дамуына үлес қосатын құнды нұсқаулық. Ислам дінінің адам өміріндегі орны мен рөлін түсіну арқылы сіз өмір жолында үнемі серік болатын рухани бағдар табасыз.


Құрметпен, кітап құрастырушылар: А.Б.Байзаков, Ж. Х. Рахымбай.

Поделиться

Добавить комментарий

Прокрутить вверх