Намаз белгілі бір уақытта оқылады, белгіленген рəсім бойынша оқылады. Парыз намазы күніне бес уақыт: таң (фаджр), күндіз (зухр), түстен кейін (‘аср), кешке (мағриб) жəне түнде (‘иша) оқылады. Мұсылман намаз оқудан бұрын сумен (дəретпен) немесе таза топырақпен (тəйəммүм) дəрет алуы керек. Намаз жабық киіммен, Меккеге (құбылаға) қарап оқылады. Мұсылмандар əр жұма күні бас мешіттерге барып, арнайы жамағатпен бесін намазын (жұма намазын) оқиды. Жұма ғибадат əдетте моральдық, əлеуметтік немесе саяси мазмұндағы уағызбен бірге жүреді. Ислам дінінде парыз намаздардан басқа уақытта, жаназаларда, өмірдегі қиындықтарда, дəрет алғаннан кейін жəне мешітке кірер алдында оқылатын бірнеше нəпіл намаздар бар. Исламдағы діни өмірдің орталығы – мешіт. Ислам діні пайда болған алғашқы ғасырларда мешіт ғибадат үйі, діни мектеп, қонақ үй, билік органдары бөлімі функцияларын біріктіріп, мұсылман қауымының мəдени жəне қоғамдық-саяси өмірінің орталығы қызметін атқарды. Халық алдында сөз сөйлеу жəне шариғат сотының мəжіліс залы. Мешіт бірте-бірте өзінің зайырлы (саяси жəне құқықтық) функцияларын жоғалтты. Мұсылмандық дəстүрде мешіт ғимаратын бағыштау рəсімі жоқ, бірақ оның кеңістігінің киелі сипаты дінге сенушілердің мешітке барар алдында тазару рəсімімен ерекше атап өтіледі.