Исламның жеті парызы
Мұсылман культінің негізі Мұхаммед пайғамбардың өмірінде қалыптасқан бес негізгі діни парыз (аркан ад-дин) болып табылады: иман келтіру (шахадат), намаз (солят), Рамазан айында ораза ұстау (саум), зекет (зекет – табыстың 2,5% мөлшерінде) жəне Меккеге қажылық (хадж). Кейбір теологтар «исламның бес тірегіне» тағы бір парыз қосады – жиһад (арабша «жігер», «сенім үшін күрес»). Исламды тарату жолындағы құлшыныс пен қажырлы қызметпен көрінеді. 9 ғасырда ислам догматикасында жиһадтың бес түрі туралы түсінік орнықты: рухани жиһад (Алла жолындағы ішкі өзін-өзі жетілдіру), қылыш жиһады (сенбейтіндерге қарсы қарулы күрес), жүрек жиһады (нəпсілерімен күресу), тілмен жиһад (мақұлданғанды əмір ету жəне айыптыдан тыю), қол жиһады (қылмыскерлерге тəртіптік шаралар). Қазіргі уақытта жиһадтың қарулы түрін мұсылмандардың террористік жəне экстремистік топтары өздерінің іс-əрекеттерін идеологиялық негіздеу ретінде пайдаланады.
Иманды мойындау (шаһада) – бірінші парыз
Аллаға сену жəне Мұхаммедтің пайғамбарлық міндетін мойындау (куəгерлік жəне сенім). Шахаданың қасиетті формуласын айту, («Алладан басқа тəңір жоқ жəне Мұхаммед Аллаһтың Елшісі екеніне куəлік етемін») түсінумен қатар жүруі керек. Оның мəні мен оның ақиқатына шынайы сенім болу керек. Мұсылман болу үшін жүректегі иманмен Шахада формуласын дауыстап айту жеткілікті. Шаһаданы бала туылғанда жəне қайтыс болғанға дейін, күнделікті парыз намазында жəне оның сыртында оқу керек.