жатқан бірнеше істерің нәтиже бересе, дұрыс екендігін қайта ойға сал! Алайда бұл үш мақсатқа ұмтылу керек деген сөз емес. Бар күшің бір жерге бағытталмаса мақсаттарға жету мумкін емес! Ол оңай мақсат қою керек деген сөзде емес. Ойлаған адал ой, дүниеңді ертеңге қалдырмай жаса жәнеде есіңде сақта бәрі өз қолыңда харам не халал ақша табу, мысалы: харам түрде ұрлықпен тауып, біреудің ақысын жеп, алдап сатып, біреудің көз жасына қалсаң, ол бәрі-бір несібеңді харам түрінде алдың деген сөз, сенікі сеннен кетпейді ғой, дәл сол ақшаны халал түрде алуға болатын несібеңді өзің харам ақшаға айналдырып аласың. Халал: алу үшін алдамай дұрыс зат сат, жұмысты жауапкершілікпен дұрыс атқар сонда несібең берекелі әрі қайырлы болады.
Біз ешқашан да өзімізді қалай бар солай қабылдамай, бақытты бола алмаймыз! Жетістікке жеткің келсе бар назарыңды соған аударып ұзақ уақыт айналыс, бүгін мына іспен, ертең ана іспен айналыссаң әсте жасап жатқан амалың уақыт құртушылық қана!
Бұл өмірде ештеңе оңай емес, оңай болмайды да! Жай ғана алға қарай ұмтылып қадамдап бас, бәрі өз уақыттымен болады. Егер қазірден бастап жақсы іспен айналысып жүрсең, түбінде жақсы нәтиже болады. Дәл солай, керісінше жаман іспен айналысып жүрсең, жаман нәтиже болады! Бірақ түптеп келгенде бәріміз өлеміз! Өлімді мойындамаған – кәпір! Бірақ осы уақыттымызды бар-жоғы жетер-жетпес 1 ғасыр, мақұл 70 жылды дастойно өткізе аламыз ба? Міне мәселе қайда жатыр!
Өмір – сүт пісірім уақыт қана! Сүтке қарап отырмасаң, ол тасып кетеді. Тасыса бәрі бүлініп, сүті де құрттақандай ғана қалады. Ішсең дәмсіздей, ал қаймағы сыртында. Бар болғаны, сен қазір қараймын ғой, мына телефонды қарап тастайын немесе үй жинайын, не ұйқыны қимай жүргенде, өмір яғни өміріңнің уақыты жақын жерде зу етіп өте шықты. Сондықтан да өмір сүт пісірім уақыт қана, ол да сезілмей ғана, бірақ өте тез піседі, ал өміріңді пайдалы өткізбегенің үшін өміріңнің сүті аз, дәмсіз, ешкім ішпес, ішседе сен қалаған тіршілік иесі емес, онымен қоса ыдыстармен, қыздырған пешті жуып тазалау керек, күнәні жуу керек деген сияқты, қазір тіріңде тазалауға болады, бірақ өмір өткесін әй, қайдам тазалау өйте қиын-ау, тіпті мүмкін еместей. Ол істі жасамағанда күнәдан таза, уақытыңда бүтін болар еді. Қаймағы ең үлкен жетістігі жоқ, нағыз жақсылыққа жұмсар уақытты өмірдің алдамшы нәрселеріне құр босқа жоғалтып алады және спортпен айналыспағаны үшін де өмір жасы азғана 5% мән бермегені үшін, көбірек уақыттының 20%-30% мақұрым қалады, сондықтанда физикалық және психикалық денсаулық біздің басты байлықтарымыздың бірі, сондықтан оны күту әрі дамыту қажет! Сонда ғана толық қанды өмірден ләззат ала-аламыз, ал егер бұны елемесек, бұл деген дұрыс сауда жасай алмады дегенде сөз, себебі: уақыт әлдеқайда қымбатырақ, әрі қалған өмірін жақсы өткізуіне ешкім кепіл емес! Мысалы, аурып бақытты болу қиын, мейлі сен қымбат үйде, қымбат көлікпен қымбат жерге барсаң да, одан бақыт алу қиын десеңіз