Екінші көк сөз (Ұғынтұғын)
Бұл таңғажайып әлемде бәрі де үлкен-үлкен жетістікке жеткісі келеді, алайда ешкім де әрекет еткісі келмейтұғын. Ерініп ештеңе істегісі келмейтұғын, осы ісі жақсылыққа алып бармайтұғынын білмей өмір сүретұғын. Біле тұрып әрекет әрекет етпейтұғын, айта тұра өзі істемейтұғын. Өзге түгіл, өзіне де пайдасы жоқ ісі емес пе? Ал ойлаған жақсы ісін ертеңге қалдырған, наданның ісі, басын бастамаған, сүрінген соң тұрмаған саны бар сапасы жоқ адамның ісі! Ісін соңына дейін жеткізіп, жеткізгеніне мәз болатұғын, өзінен төмен адамдарды менсінбейтұғын, тәкапарланып үстінен күлетұғын болса жеткізген адал ісі де ақыретте түк пайда әкелмейтұғын! Сондықтан да жасаған әрбір ісің Алла разылығында болсын! Алла разылығында болса, ісің міндетті түрде алға басатұғын, саған түгіл өзгеге де пайдасын тигізетұғын және де ертеме кеш пе сен міндеттенген мақсат, арманың орындалатұғын! Тек шын қалап әрекет етіп, Алладан сұрасаң тұғын!
Үшінші көк сөз (Тіл ал)
Осы жақсылар көрген, білгенін ғибрат қылып айтып жатса, ақыл айтқаны үшін де ашуланып «Ешкімнен ақыл сұрайтын дәрежеде емеспін» сосын «Сен айтқан ақыл, менің табанымның астында!» деп айтып жатады, өзім көрдім, ал мұнысы не сөз? Білмегенін білмеуге тырыспау наданның ісі емес пе, ол жақсылықты табаныңның астына төсесе, бәз жақсылар басына жастанады емес пе? Ал жақсылықты табанға төсеп, жамандықты басына жастанса, оның алдағы уақытта жақсы, көрнекті тұлға болады деп ешкім демейтұғын!
Біреулер айтса ақылын,
Құлағыңды тығындайсың,
Міне осылайша сен,
Адамдыққа ұғынбайсың!
Бар дегенге бармаса,
Қой дегенге қоймаса,
Басына таяқ тигенде,
Мың рет тәубе етсе де,
Ол мүмкіндік қайтып келер ме?
Дұрыс емес екеніңді біле тұра,
Өз-өзіңді өтірік айтып, ақтайсың,
Сондықтан да екі ғұмырда,
Еш абырой таппайсың!