Каспий кеме капитаны дауылға қарсы емес, желге қарай желкенді бұрғанда ғана алға жылжиды. Бізде сынақ келсе, сабыр етіп, қиындықты дұшпан көрмей, оны тәжірибеге, жаңа мүмкіндіктерімізге айналдырсақ, мақсатымызға жетеміз. Өмірде әр кедергі бізге бір нәрсе үйретеді! Сондықтан да өмірдің әр дауылынан сабақ ал! Себебі: өмір – ең жақсы мұғалім! Ал сен дұрыс оқысаң – ең жақсы шәкірт бол!
Сондықтан да өмірдегі дауылдардан қорықпау керек. Оларды басқаруды үйренген жан ғана шын мәнінде Каспий кемесінің капитанына айналады.
Өмірді мәнді ету әркімнің өз қолында. Жақсы ой, дұрыс ниет, табанды әрекет – бәрінің бастауы да, жалғасы да осыдан өрбиді. Бізді адам ететін – өмір үшін күрес. Біздің қалауымыз ешқашан да бітпейді! Ішіміздегі аңды жеңу арқылы ғана бақытты боламыз! Кітабымдағы көк сөздер мен өлеңдерім оқырмандарға аманат!
Бірінші көк сөз (Өмірлік мақсат)
Өмір – бұл әрбір пенде үшін берілген үлкен нығмет! Оның уақыты шектеулі, тым қысқа. Қай кезде тоқтайтынын, болжап та білмейміз. Алла Тағаланың берген бір жақсылығы болар, нақты өміріміздің соңын білмейтініміз. Егер білген болсақ онда әр сәтімізден мән қашар еді.
Өмірге келіп, нағыз адам болып өмір сүру – өз қолымызда. Басқан әрбір қадамыңыз ниетіңізден бастау алады. Шынында да таза жүректің кірлемеуі не сол күйінен ауытқымауы өзгенің сынақ болып келгеннен емес, сол сынақты қабылдау өзіміздің еркімізден. Қалай қабылдаймыз? Мәселе сонда! Сабырдың түпкі тереңнен бой алмасақ өмірдегі кез келген сынақты қабылдай алмас та едік. Алла Тағала сабыр етуді, шүкір етуді бізге бекерден бекер айтты деймісің! Бұл да бір пенденің жолынан бақ кетпесінші, маңдайы сәждеден ажырамасыншы деген жақсылықтың игі жаршысы ғой. Адам бұл жалғанның қонағы өседі, өнеді қайтадан топыраққа сіңеді! Тек сізбен мәңгі өшпейтін, сізбен мәңгі жүретін ол игі іс, тек осы іс сізбен мәңгі жүреді, ал қалғандары ерте ме? Кеш пе? Ұмыт болады. Тек ісіңіз Алла тағаланың алдында өшпейді. Өмір қысқа, ұзақтай көріп аласыз, ұйқымен, керек емес бос іспен өмірімізді қалай құр текке құртамыз! Өмір бір-ақ рет берілді, сондықтан неге оны пайдалы істермен өткізбеске! Алла жолында жұмсалған уақыт ешқашан да текке кетпейді!