Іштегі әтір. Мен әлемді жақсырақ орынға айналдырғым келеді және қолымнан келгенін бәрін жасайтын боламын!

ғұлама адамға айналады! Себебі: білімнің түбі жоқ! Бәрі дамып жатқанда бір орында тұрған ақшадай инфляция жеп қояды!

Күндердің бір күні банкрот болсаң, ақшан жоқ болса, Анаңнан басқа ешкім қол ұшын бермес! Тіпті Анаңда сені ойлап «Жұмыс тап!» дер.

Тоғызыншы көк сөз (Мойыма)

Кім қатты жарқырап жанса, соғұрлым ерте сөнеді! Дәл сол секілді түнек тым қараңғы болса, соғұрлым сәл жарық, жарқырап жанып, ерекше көрінеді. Адам қандай керемет болса да, ол да біреуге ұқсағысы келеді. Қарсылас жеңу оңай болса, ол қарсылас емес, ал сенің жеңуің қиын болса, ол шынайы қарсылас болады. Менің қарсыласым айтқан: «Мен істеп өкінгенше, істемегеніме өкінуді қаламаймын» деген, сонда менің алдымда мен іздеген қарсылас екенін ұқтым. Кез келген нәрседен шығатын жол болады. Сол шығатын жолды табуға, сенің күшің және ақылың жетеді ме? Міне мәселе сонда! Әр берілген сынақ Бір Тәңірдің берген тәтті сыйы! Әр сынақтан соң, міндетті түрде жеңілдік және сыйы болады! Айналаңа қара, ұнайды ма? Ұнасын, ұнамасын Шүкір ет! Қиындық келсе бүкіл қиындыққа ақылыңды қолданып, күшіңді сал! Жеңілме, тек алға, жарқын болашаққа жол құра! «Қорқасың ба жасама, жасап жатсың ба

– қорықпа, жасап біттің бе – өкінбе!» Деп Шыңғыс хан бабамыз айтқандай әр сөзің, ісің үшін жауап бере алатындай бол! Жетістікке жетсең де дұрыс жаққа қолдана біл! Адам негізі басқаларды емдеген кезде, өзін

де емдейді. Басқаларға мейірімділік танытқан кезде, өзін жақсы көреді. Басқаларға көмектескен кезде, өзіне де көмектеседі. Жақсылық жасап, мейірімді бол! Оны берген Аллаға шүкір ет те, Алланы таны!

Оныншы көк сөз (Өлеңдеп)

Бізді заман емес, адам өзгертеді,

Солай-солай заманға дақ келтіреді,

Бірімізге-біріміз жау болып,

Өмірді солай босына өткізеді!

Түбінде бәрібір жаман іс жарып шығады,

Ұрлық ісі өзіне де керек емес болып қалады,

Жасырын, жасап ап неге өзін сынға алады?

Жарып шыққанмен ол қоймай, махшарда сауал болады!

Қасыңды аш қабағыңа қар жаумай,

Ғайбат айтпа сауабыңнан айырылмай,

Өзіңді ұлы ұстар мінезді қой,

Тәкаппарланып жұмағыңнан айырылмай!

Білмей жатып білем деме ешқашан,

Әйтпесе өтірікпен күнә аласың әрқашан,

Поделиться

Добавить комментарий

Прокрутить вверх