дәл солай болады!
Өмірде ештеңеге алаңдамайтын досым бір күні «11-жыл мектеп оқып, 4-жыл универ оқыдық делік, 1-жыл армияға, 3—4 жыл мамандықсыз жұмыс жасадың. Өмірің ақша, махаббат деп жүргенде 25—26 келдің. 24/7 жұмысқа барасың, балам, Әйелім, Ата-Анам деп, ал өзіңе уақыт таппай осылай жүргенде 30—40 келіп қалдың, балаңды, немесе қызыңды университетке түсіруің қажет. Балаларың университетін бітіріп, үйленіп, бала шағалы болайын деп жатыр, ал сен 50—60 келіп қалдың, солай-солай уақыт демде өтіп жүргенде өмір сүруді ұмытамызда жүреміз.» деген, расында біреуді жек көрумен уақытты жоғалту үшін, өмір тым қысқа! Болмашы затқа ренжеп, кектеніп, ақылға салмай іске беріліп, керек емес адамға уақыт құртып, мақсатсыз іс бастасақ опыт емес, опық болады!
Есіңде сақта бүкіл әлем, бүкіл қоршаған орта. Алланың арқасында, саған бір өзіңе арналған! Кейде тіпті бос іспен уақыт құртамыз, иә, уақыттың бос іспен өткенін мойындау қиын, тіпті тым қиын! Өмір жалғаса беруі тиіс! Ол тек қана, біздің бір қалыпта тұрмайтынымыздың және де ештеңеге қарамастан алға қарай ұмтылу керектігіміздің дәлелі болып қала бермек!
5 минут құр алдамшы елес емес,
Уақыт менсінбейтін таста емес,
Әр секундыңды бағала, пайдалы өткіз,
Сонда өзің өлгенменен тарих өлмес!
Жетінші көк сөз (Пайда)
Бала кезімде анам жатарда түрлі ертегі оқымаса да, көп
әңгіме айтып беретін, соғыс, өмір, ауыл, салт-дәстүр мен түрлі үстел ойындарын ойнауды үйрететін. Бір әңгімесі есімнен әлі кеткен жоқ:
Қасқыр қойды азық қылса адамдар қасқырды жаман дейді. Түлкі тауықты ұрласа адамдар түлкіні қу дейді. Тышқан астықты кемірсе оңбаған дейді. Адамдар араның балын алғанда оларды еңбекқор, қарапайым дейді. Төрт-түліктен бар жақсылықты алғанда керемет деп асыра мақтап, бағып-қағады, мақал-мәтеліне қосады. Жылан өзінде у бар екенін білмейді. Адамдар өзінде қате бар екенін білмейді, Құлыным! Сондықтан да өмірде жақсы мен жаман жоқ! Кімге кім пайдалы сол жақсы! Өмір де досың жоқ! Әр ісің де сақ бол!