Біздің басты қате түсінігіміз, бізде әлі уақыт бар деп, өз-өзімізді алдауымыз. Уақыт тез өтеді! Сондықтан да күлкі арзан, арсыз ұйқы мен бос ойын делінеді себебі: олар болашақта еш пайда әкелмейді, әкелсе де азын-аулақ қана, ал еңбегің ертеме, кешпе ақталады! Қиындықтар бітеді, орнын жақсы нәтижелер басады. Барлық еңбектерің сәтті болмауы мүмкін, бірақ бірі міндетті түрде не одан кейін жұлдыз болып жанады. Иә, қатты не әлсіз жануы мүмкін, бірақ ол сенің еңбегің, сенің жер наның мен бақытың, табысың, мақтаулың, атағың, тарихқа енуің! Аллаға тапсыр да, тәуекел ет!
Себебі: оған өзіңнің аз ғана өміріңді жақсарту үшін қандай себеп керек!? Біз үшін әр күн, сағат, минут тіпті әр секундтың өзі бағалы. Сол уақытты ұтымды пайдаланып, жүрегің қалаған іске өзіңді бағыттасаң – сонда, нағыз бақыттың бал дәмін татасың! Қаншама армандарың, мақсаттарың, қаншама энергия, қаншама тірлік уақытың ұйқыңмен бірге, ұйқыға кетіп жатыр. Мотивация керек пе, ол саған жетіспей ме? Онда қазір жасап жатқан ісің үшін, 10жылдан кейін қайда және қандай жағдайда болатыныңды ойла!
Сондықтан да қазіргі кездердегі сәттерді адам сенгісіз ұмытылмастай қылып өткізуге тырыс. Себебі: бұл Бір Тәңірдің берген тәтті сыйы. Мүмкіндіктер шексіз әлемді қарсал. Себебі: уақыт келгенде бәрі кеш болады. Кеш болса, өмірді бос өткізгенмен тең болады. Имамның артында тұрып көп намаз
оқыңдар, имамның алдында тұрып қалғанда кеш болмақ емес пе? Онда да күн батыстан шыққанша, әлі шығыстан шығып тұрған күнге шүкір етіп, сауап жаса, жаманнан арыл, нәпсіні жең! Нәпсіні тәрбелеу қиын себебі: ол да ауырсынуды сезеді, сен оны жасамағың келген істі жасап қамшылап тәрбелесең, ол деген өз-өзіңді ұрумен тең, сондықтан оны ұру қиын. Біреу өзін ұрса жынды ма дерсің, ол да сондай, ал ұрмасаң, ол қатаймай, ырқыңнан шығып кетеді. Иә, өлгенше ұрма, онымен қоса өмірдің мәні не өзің оның артынан барасың, тәрбелен!
Бізде уақыт көппе, азба Аллаһ біледі, сондықтан да қаламайтын кезде өзіңді мәжбүрлеуге тырыс. Бір күнде үштен көп адал істі бітіруге тырыс. Егер бір сәтте жасап