Іштегі әтір. Мен әлемді жақсырақ орынға айналдырғым келеді және қолымнан келгенін бәрін жасайтын боламын!

Сұрауы болады ғой әрқашан!

Бізге шынымен бір нәрсе керек болса, оны алуға әрекет жасаймыз. Болмаса ертең не кейін жалындаған жастығымызды жоқ ететін, денсаулығыңды қор ететін, арманыңды өлтіретін шешім. Сондықтан сылтаумен өзіңді алдай бермей іске кіріс, көздеген мақсатыңа жеткен соң демаласың! Жалғыз жаратқан қаласа!

Адамдар үнемі ауылдан, теңіз жағасынан немесе таудан пана іздейді. Алайда адамда ниет болса өз жанынан өзіне пана таба алады. Ешбір жан өз жанындай жайлы сезілетін пананы ешқашан өзгеден таппақ емес. Әсіресе, өз санамызда белгілі бір бейнелерді суреттеп, сол арқылы жанымыз тыныштық тапса, ол тыныштық – ойымыздағы тәртіптен басқа ештеңе емес. Меншікті мекеніме айналған сықырлауық диваныма қисайып, ескі көк сөздерімді қайта-қайта оқудан жалығар емеспін. Қым-қуыт арпалыстың алыс сапарында

жақыныңмен бір кездесіп, сағынышыңды жұбатқандай боласың. Әрине, өңің емес, түсің екені өкінішті, бірақ түстің өзі де Арал. Түстің аты – түс.

Намазды қаза қылсаң, қазасын өтейсің, кешірімін тілейсің, бірақ ол далада жанып тұрған шырақ секілді, бір жел ессе өшпеуіне сенің иманың мен шынайы ниетің ғана үміт болады.

Алтыншы көк сөз (Уақыт)

Бұрын қазіргідей ермек іс жоқ кезінде уақыт өткізіп болмайтынмын, ал қазір керісінше уақыт таппаймын.

Уақытты қалай өлтіремін деп ойлап отырғанда, уақыт сені жайлап өлтіруде! Бәрі соңында бітеді, бірақ біткенін мойындау керек. Уақыт, өмір, жаныңа жақын адамдар, махаббат бәрі тек бір Алланың қалауымен соңында бітеді. Сондықтан да олар бағалы болып саналады. Сондықтан оларды бағалай білу қажет! Бағалай білмесек ертеме, кеш пе, ол біткен де өкіну наданның ісі, ал өкіну ең арзан ақы.

Поделиться

Добавить комментарий

Прокрутить вверх