Іштегі әтір. Мен әлемді жақсырақ орынға айналдырғым келеді және қолымнан келгенін бәрін жасайтын боламын!

Не талап еттің соған лайықты бола біл! Сен өзің ондай дәрежеге жетпей біреуге мін тақпа! Босқа өзің ұятқа қаласың! Ешқашан да өзгені өзіңнен артық не кіші санама! Кіші санасаң, ісің баспай күнә аласың, артық көрсең ештеңеге тісің батпай, шайнап отыра бересің! Мейлі сен менің сөздерім арқылы түзеліп махаббатыңды, досыңды, жетістігіңді, тағысы тағы реттегеніңмен, бірақ басты сұрақ: сен өзіңе

қымбаттыны сақтап қала аласың ба?

«Қыз сүйсе қалады,

Ұл сүйсе алады!» деген Қазақ, ал жалғасын былай дер ем

Ұл сүймесе – тулайды,

Қыз сүймесе – улайды!

Достың да досы бар. Сатқын болса ол дос емес – қарынды үз!

Кейбір шешіміміз бізге де, қоршаған ортаға да зиян келтіреді! Әр қадамды анық басайық! Өзіңді әрдайым дұрыспын деп санама! Өзгелер де сендей адам, сен қалағанда олар да қалайды, өзгелер саған ештеңе міндетті емес, жақсы нәрсені алу үшін бірінші өзің сол жақсы нәрсені беруің керек. Өзгенің ауырсынуын сезе білуді үйрен, сонда ғана адамдарға жақсы қарап үйренесің! Сонда бәріне лайықты боласың!

Бесінші көк сөз (Ниет)

Адамның қолынан келмейтін іс бар ма сірә? Ниет қылған адамға қашанда уақыт табылар. Кейде жасап жатқан амалдарымыздың берекелі болуына мән бермей жатамыз. Салыстырмалы түрде қарап отырсақ ниетің түзулігі мен қисықтығын аңғарасың! Адамның тегі бірден ілгері көштен бола бермейді. Үлкен еңбек, үлкен тәуекел және ең мықты ниет қонбаса басында, жасап жатқан әрбір тірлігіміз бос, бір қимылымыз болғандығы. Иә, бостан-бос кейде уақыт жоғалтамыз және де соған қарай, бақыттың да жолында қолданамыз. Бақытты болу үшін ниетің түзулігі мен жүректің тазалығы керек-тей. Мың жерден бай, жүз

жерден ғалым болсаңыз да, жүрегің мен пейіліңде кір табылса жүзіңнің жылтыры көріксіз көрінетіндей. Әр істі де таза ниеттен бастап, сол ісіңе деген сүйспеншілігіңді көрсете біл және де бос сөзді айтып қоя бермей, нәтиже шығар, ал жасай алатын адам үнсіз жасайды. Жасай алмайтын адам бос сөзден басқа еш істі тыңдырмайды.

Адам қаласа – уақыт табады,

Қаламаса – сылтау табады!

Өз бақытына уақыт таба білсе,

Уақыт та оған бақытты табады!

Қателік кешіріледі әрқашан,

Бірақ ұмытылмайды ешқашан!

Күнәлі істі жасай берсең,

Поделиться

Добавить комментарий

Прокрутить вверх