Іштегі әтір. Мен әлемді жақсырақ орынға айналдырғым келеді және қолымнан келгенін бәрін жасайтын боламын!

Даналықты өз бойына сіңдіріп, өзіңнен төмен адамға өзі сұрамаса ақыл айтып керек емес, бірақ жақсылардың сөзін ғибрат тұту да бір үлкен өнер! Жақсылар деген қаһарман болса да ол болуға емес, одан озуға ұмтыл! Жаманнан өзіңді ұлы санама, сүрінуден сабақ ал! Біреудің сүрінгенінен сабақ ал! Сен мінсіз бола алмайсың, бірақ шынайы болып, мінсіз болуға ұмтыла аласың!

Сізге кеңес бергенім менің сізден ақылдырақ екенімді білдірмейді. Бұл менің сізден гөрі ақымақ істер жасағанымды, Қазақ елінің даналығын көрсетеді!

Төртінші көк сөз (Лайық бол)

Жақсы құрмет сұрама, құрметтейтіндей іс жаса! Еш себепсіз, сен де біреуге, сауап үшін болмаса, шын құрмет көрсетпейсің, ал ол саған неге құрмет көрсетуі керек?

Жақсы көр деп жалын ба! Жақсы көре алатындай қыл! Бәріміз арманымыздағы жарды қалаймыз, ал сенің арманыңдағы жар қандай адамды қалайды? Енді шынайы жауап берейік. Қызыңды өзіңдей жігітке сеніп тапсырар ма едің? Немесе ұлыңды сендей қызды алуға рұқсат берер ме едің? Бір күні мен гүлге көп су құйып өлтіріп алғанмын. Адамның жаны да, гүл сияқты өте көркем! Жалпы өмірде көп нәрсе, орташа болуы керек, не көп емес, не аз да емес, әйтпесе ол нәрсе бітеді де, басқаларында тартып қарақұрдымға ала кетеді!

Досымды тәрбелеймін десең, жақсы дос табам десең мешітте намаз оқып баста! Яғни жақсы орта тап, солармен бірге дамы!

Алғың келсе, бере біл! Бере білген адам ешқашан да ұтылмайды! Оны да өз орныңа қойып қара, не істер едің!?

«Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде!» деп халық нақылы бекер айтпаған!

Адам болам десең, өзіңнен баста!

Арманыңды ертеңге емес, дәл қазір жаса! Әйтпесе бәрі кеш болады, талай оқысаң да, тыңдасаң да әрекет етпейтінің неге? Өзің үшін, ел құрметі, абырой, ата-анаң разылығы, жақсы өмір, адал сенімді жар, бақытты өмір үшін тым қиын ба? «Темірді қызғанда соқ!» дейді Қазақ атам, ойдағы істі сол мезетте жасаған дұрыс, сол кезде жасамасаң бәрі кеш, ертеңгі күні, бүгіндей асыл болмайды. Бүгін жасамасаңыз, ертең 2 есе қиын, оның арғы күні 3 есе тағысын-тағы жалғаса береді. Неден қашсаң, соған ұрынасың! Бүгін жасай алатын істі ертеңге қалдырма!

Поделиться

Добавить комментарий

Прокрутить вверх