Қаншалықты азап шексең, соншалықты басқаларға түсіністікпен қарай бастайсың! Бүгін қиын болып көрінген нәрсеңді, уақыт өте келе артқа қарасаң уайымыңа керек емес, қарапайым іс екенін түсінесің. Сондықтан бүгінгі қиындық, ертеңді жеңілдетеді, оның арғы күні қарапайым дүниеге айналады. Кеше ғана сияқты оқу мүмкін емес, азап көрінетін еді міне дамыдың. Басында мен үшін де солай көрінді, үйренген
соң, көп көріп, көп оқыған соң, кітап жазып жатқаныма өзім әлі қайран қалам, осындай дәрежеге қалай жеттім депте қойам.
«Білім, бізге түрме мектеп, түрме универ, құлдық жұмыс, сенімсіз түрме қарттық не керек? Неге бұны оқып, болашақта керек болмайды ғой! Неге бұны тыңдауым керек өз ақылым өзіме де жетеді ғой!? “ дегендерге болашақта «Неге бұндай лас! Қызықсыз жұмыс жасауым керек!? Басқалардан қай жерім кем!? “ деген жауапқа келесіздер немесе жұмыс жасамасаңыз аштан кетесіздер, бизнес бастап шалқайып жатам десең тағы білім керек! Кемшілігіміз білім алмағандығымызда. Болашаққа алаңдап қазіргі уақытты босқа өткіземіз бе? Алаңдамай тәуекелді адал жасасаң, өміріңді өзіңе ұнайтын жолға сарп етесің. Сенде барлық мүмкіндік бар, білім алуға, еліміздің бір кірпіші болуға! Адам болу өзіңе байланысты! Есті болып адам болу! Ессіз болып надан болу! Есі, санасы бар адам кез келген жер де тесіп шығады! Сіздің қайда және қалай пайда болғандығыңыздың қандай айырмашылығы бар? Ең бастысы еш нәрсеге өкінбей өмір сүру! Ештеңеге өкінбейтіндей өмір сүр! Жақсылар жақсы мен жаман, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажыратып сауап арқылы өзіне пайдалысын жасайтыны да рас және өте дұрыс! Ондай есті керемет кісі, өзгенің ғайбат сөзін елемей өмір сүруді әсте бас орынға қойады, мандайы бес мезгіл сәждеден ажырамайды, күнәлі істен аулақ болады! Өмірінің әр сәтін өзгеге де, өзіне де пайдалы болу үшін еш кетірмей уақытын қымбат тұтып өмір сүреді! Өзіне, өзгеге емес, өзіне ұнайтын істі жасайды.
Ессіз болсаң, естілерге жұмыс жасайсың! Адамгершілік өмірде ең басты орындар да, ал адамгершілігі жоқ адамның өмірі мәнсіз, тамағы дәмсіз!