«Мен өз бизнесім үшін жаңа идеялар ойлап табудан лəззат аламын». Біз қуанғанды жəне лəззат алғанды жақсы көреміз. Біз əрқашан жағымды сезімдер əкелетін нəрсені жиі жəне жиі жасағымыз келеді. Келесі әдетте жарнамада қолданатын сөздер сіздің растауыңызды тартымды етеді: «ыңғайлы», » сенімді», «қауіпсіз», » жылдам», «тегіс», «жағымды» жəне т.б. сезімдерді тудыратын осы немесе басқа сөздерді қолдана отырып, сіз өз мақсаттарыңызды, өзіңіз қалаған нəрсені жүзеге асырудың жаңа тəсілдерін сөзсіз тартасыз. Есіңізде болсын, сіз өзіңіздің өмір атты фильміңіздің сценарийін өзіңіз жазып жатырсыз, оған режиссер болып растамалар қолданып жатырсыз, оператор болып бейнелеп жатырсыз, сосын продюссермен бірге тамашалап эмоция алып жатырсыз, сондықтан оны өзіңіз қалағандай жасаңыз.
5. РАСТАМА ЕҢ ҮЗДІК НӘТЕЖИЕГЕ БАҒЫТТАЛУЫ КЕРЕК
Растауды сіз елестете алатын бизнестің ең қолайлы нəтижесін сипаттауға тырысыңыз. Сіз жаңа пəтер алғыңыз келеді делік. Егер сіз жай ғана «жаңа» сөзін қолдансаңыз, ол кішкентай, лас, шулы нашар пәтер болады. Растау жұмыс істеді, өйткені бұл пəтер сіз үшін əлі де «жаңа» болды, бірақ мұндай жағдайда өмір сүру өте ыңғайлы емес… Мұндай растама əлдеқайда жақсы əсер етуі мүмкін: «Мен күн шуақты, кең, тыныш, жақсы күтілген пəтерде тұруды қалаймын, шешім қабылдадым». Бұл растама əлдеқайда жағымды нəтиже береді.
6. РАСТАУ ОҢ, ЖАҒЫМДЫ, ПОЗИТИВТІ БОЛУЫ КЕРЕК
Біз үшін ақпаратты қабылдау кезінде бейсана теріс, жағымсыз, негативті растамалардан аулақ болып, мəн бермеуі керек. Бейсанаға қандай да бір ақпарат беру немесе оған қандай да бір растамалар бекіту кезінде, сіздің мүмкіндігінше ойларыңыз (сөздеріңіз) жағымды, оң, позитивті болуы керек. Мұндай сөздерді қолданбаңыз: «жоқ», «мүмкін емес»,» ешқашан» жəне т. б. Теріс растаманың мысалы: «Мен енді бас ауруын сезінбеймін». Оны жағымды етіп ауыстырған дұрыс: «Мен тыныштық пен жақсарып келе жатқанымды сезінемін». Көбінесе біз теріс нəрсеге назар аударамыз, оның салдарын өзіміз түсінбейміз. Сондықтан сіз өзіңіздің растауыңызды бекіткен кезде, жоғарыда айтылған сөздердің жоқтығын тексеріңіз. Қажетті нəтижеге сəтті қол жеткізу осыған байланысты.