Бүкіл əлем сіздің ниетіңізбен белгіленген бағытта қозғалады, сондықтан кез-келген жағдайда нақты мақсаттар қою өте маңызды. Егер сіздің ниетіңіз мəнді жəне нақты болса, бейсана оларды жүзеге асыруға көмектеседі. Өмірге қанағаттанбау көп жағдайда мақсатты дəл анықтамаудың, түпкілікті нəтижені көзбен елестете алмаудың салдары болып табылады. Талапшыл, өте іскер табысы көп адамдар, неге жету керек, қалай жасау керек екенін өте анық біледі, жəне олардың өмірлері өздері қалағандай болады.
Көп адам жаман әдеттен арылу үшін, өзгеру үшін белгілі бір себеп іздеп жүреді, солардың бірі – жаңа жыл. Неліктен біз жаңа жылдың бірінші күнінде өзімізге берген уəделердің көпшілігі орындалмай қалады? Біз бекітілген, тұрақталып қалған қалау-ниеттерді басшылыққа аламыз: «Мен бұдан былай тəтті тамақ ішпеймін», «Мен енді балаларға айқайламаймын», «Мен бұдан былай темекі шекпеймін». Бірақ назар аударыңыз, бұл ниеттердің барлығы біз қалаған нəрсеге емес, біз қаламайтын нəрсеге бағытталған. Бұл түпкілікті нəтиженің психикалық көрінісі емес, керісінше, қазіргі жағдайға теріс реакция. «Ондай болмауы керек» деген сөз конструктивті емес деструктивті ішкі бұйрық, бейсана оны орындамайды. Бұл əлемдегі, бизнестегі жəне жеке өмірдегі көптеген проблемалардың шешілмеуінің басты себептерінің бірі. Біз тек проблемаларға ғана назар аударамыз, ал қалаған түпкі нəтиже тек «Мен енді бұлай істемеймін», «Бізге реформалар жасау керек» деңгейінде қалады. Ниет проблемаға емес оның шешу жолына бағытталса, керек пен қажеттің жолында мақсат қойылып, барлық күш-қуат пен уақыт қозғалысқа айналады. Шынайы жұмыс жасалуы ғана нəтиже береді, одан басқаның бәрі алдау.
МАҚСАТ ҚОЮҒА ЖАҢА КӨЗҚАРАС