Жаратылыс процесі туралы сөйлесейік. Егер сіз өзіңіздің өміріңізді қайтадан құрғыңыз, құрастырғыңыз келсе немесе оны жақсартқыңыз келсе, жаратылысқа қарсы емес, онымен бірге жүруіңіз керек. Мұны істеу үшін алдымен болу керек, содан кейін жасау керек, содан кейін алу керек. Осы принцип бойынша барлық ғаламның заңдылықтары ұйымдастырылған. Болмыс – бұл қазіргі ақыл-ой жағдайы, бұл ішкі сезім, жалпы адам жаны. Сыртқы жағдайлар сіздің бақыт сезімін немесе өмірге қанағаттану дəрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл үлкен қауіп, өйткені сыртқы жағдайлар сіздің өміріңізді жəне өзіңізге деген көзқарасыңызды басқара бастауы мүмкін, әсіресе улаушы, вирусты ақпараттар. Егер сіз үнемі: «Мен бақытты боламын… (өзіңіз жалғастырыңыз) бір нәрсе істегенде, бір нәрсеге ие болғанда» – сіз ешқашан шын бақытты таба алмайсыз.
Жаңа жұмыс сіздің өміріңізді өзгертеді деп ойлайсыз делік. Сіз оны табасыз, бірақ көп ұзамай бəрі қалыпты жағдайға оралады: қайтадан жағымсыз адамдармен сөйлесуге, бір нəрсе үшін жауап беруге, уақыт өте келе, сіздің сезімдеріңізді бөліспейтіндермен жұмыс істеуге тура келеді. Жаңа жұмыс өзін-өзі қабылдауға айтарлықтай түзетулер енгізбегенін көріп, сіз бақыттың басқа көзін іздей бастайсыз. Тұйық шеңберде, мүмкін сіздің өміріңізді жаңа дос, жаңа үй, жаңа бала, жоғары жалақы өзгертетін сияқты көрінеді. Бірақ сіз қалаған нəрсені алған кезде, шын бақыт сезімі пайда болмайды. Ешқандай сыртқы факторлар бізді бақытты ете алмайды, өйткені бақыт – бұл ішкі жағдай. Іштей бақытты болуды білмейтін адам сыртқы қоршаған ортаның құлы болады.
НЕЛІКТЕН «СƏТТІЛІК МОРАЛЬЫ» ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙДІ
Біз ғаламның «болу, жасау, алу» қағидасы бойынша құрылғанын айттық. Бірақ біздің көпшілігіміз өмірде басшылыққа алатын сəттілік этикасы, өкінішке орай, «жасау, алу, болу» деген басқа қағидаға негізделген. Осыған сəйкес, сіз əрекет жасайсыз бір нəрсеге (ақша, зат, мүлік,) ие боласыз, сол кезде сіз риза жəне бақытты боласыз. Бірақ бұл рас па? Шын мəнінде, біз жəне сіз бізден бұрын өмір сүрген адамдарға қарағанда əлдеқайда көп өмірлік артықшылықтарға ие болып өмір сүріп жатырқ. Біз қалаған нəрсені жасауға көбірек уақыт бөле аламыз, оны өз қалауымыз бойынша жұмсай аламыз, ақшамен де солай. Біздің өркениетіміз бұрын-соңды білмеген технологиялық даму деңгейіне жетті. Бірақ айналаңызға қараңыз – сіз жер бетінен жұмақ көресіз бе? Көбіміз ең бақытты жəне қанағаттанған адамдардан алыс екенімізді байқаймыз, бірақ шын мәнісінде бұл өмірде ешкім бақытты емес, ал ең бақыттылар тек өздерін солай санайды, есептейді. Неге? Себебі олар бақыт деген сөзді белгілі бір әрекеттермен не дүние-мүлікпен, танылумен байланыстырып қойған. Олардың арасында (шылқыған байлар, танымал жұлдыздар) өтірік бақыттылар толып жүр. Ал шын бақыттылар көп емес. Шын бақытты болу үшін не істеу керек?