Перейти к основному содержимому
Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім
Полная версия

Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім

Оценок пока нет
2021
20 стр.

Қазіргі қоғам әрекетсіз әрекет жасауды жақсы көреді, бұндай амалдың жаулары да бар. Ал негізінен сіз әрекетсіз де әрекет жасауға болатыны белесіз бе? Сіз бірінші қалаған өміріңізді миыңызда қалыптастырасыз, сосын ол өмір шындығына айналады. Ал көптеген адамдар керісінше жасайды, олар бірінші әрекет етеді немесе қалағанына қол жеткізеді бірақ артынан қателіктерге, қиындықтарға ұрынып, өкініп жатады. Неге? Себебі о баста олардың миы дұрыс таңдау жасап, шешім қабылдаған жоқ, ал оған кінәлі адамның қате, бұрыс, жалған сенімі мен түсінігі, өмірлік ұстанымы. Бұл кітаптың мақсаты Позитивті ойлаудан тыс, өзгерек, дұрыс қадам жасау және өз тағдырымызды өзіміз жазуға байқап көру. Арман, мақсат , жоспар әрекет етпей жүзеге аспайды. Сондықтан тек Аффирмация мен Визуализацияға, тек Эмоция мен Медитацияға ғана сенетін болсаңыз, арман арман болып қала береді, мақсат орындалмайды, құрған жоспарыңыз жүзеге аспайды. Өмірдің екі негізгі қағидасы бар: уақыт жеткізу мен қажырлы еңбек.

Страница 1 из 20

Біз өмірге деген көзқарасты жиі қолданамыз. Сіз өмірге қалай қарайсыз? Мен сізге бере алатын ең жақсы кеңес – өткен өмірде сүрмеу. Əр сəт сізге бəрін жаңадан бастауға мүмкіндік береді. Кеш деген жоқ. Ал ақылда түрлі шектеулер бар.

СІЗ ШЫНЫМЕН НЕНІ ҚАЛАЙСЫЗ?

Табысты, бақытты, сәтті адамдар əрқашан өздері қалаған нəрселер туралы «жиі» ойлайды жəне алға қойылған мақсаттарына жете береді. Неге сіз солай жасамайсыз? Мұны өзіңіз шешуіңіз керек. Сізді не бақытты етеді? Сіз жұмысыңызға қанағаттанасыз ба? Сіз нені үйреніп жүрсіз? Неліктен сіз басқа адам болғыңыз келмейді? Өзіңіз үшін шынымен не керек? Шын мəнінде, əрқайсымыз тек оң, жағымды, позитивті тəжірибені қалаймыз, бірақ бәрі ондай емес. Біз сезімдерді, эмоцияларды іздейміз. Себебі олар бізді басқарады. Біздің өміріміздің басты мақсаты – ең алдымен жағымды сезімдерді сезіну, ақиқатты сезіну.

Біз ұмтылатын арман-мақсаттардың өзі себеп болып табылады, ал салдарын, әрекеттің нәтежиесін біз білмейміз. Сіздің қызығушылығыңызды не тудырады? Немен айналысқыңыз келеді? Міне, сіз өзіңізге қоюыңыз керек негізгі сұрақтар.

Сіз мұны түсінгеннен кейін, əркімнің өз табар жауабы болады. Ақиқатқа, өмір заңдылықтарына сай болса – мақсатқа жету жолы əлдеқайда жеңіл болады. Сүйікті іспен айналысқаннан артық бақыт жоқ. Енді сұрақтарды, ойлануды доғарып, қызығушылығыңызға, немен айналысқыңыз келетініне байланысты әрекетке көшіңіз.


4. Мақсат қою шеберлігі

СЕНДІҢІЗ БА КӨРЕСІЗ

Көрмей жатып сену – өмірдің басты сынағы. Осы тарауда мен сіздермен мақсат қою мен жоспар құру ғылымының бірнеше құпиясымен бөліскім келеді. Кітапта кездестіретін ұғымдар мен ой-пікірлер сіздің өіңізге, өміріңізге деген көзқарасыңызды түбегейлі өзгертеді. Біздің дүниетанымымызда бəрімізге белгілі бір сенім мықтап бекітілген: «көремін, сосын сенемін». Басқаша айтқанда, «Мен өз көзіммен көрмейінше, сенбеймін», – дейміз. Адекватты сенім болып естілгенімен, бұл қате, жалған сөздер. Ақиқатқа сену үшін бірінші көру емес, сену маңызды. Бұл сынақтан сүрінбей өтсеңіз, сіз бұл өмірмен еш өкінбей қоштасасыз. Ал егер сіз көруді күтсеңіз, сіз дұрыс мақсат қойып, жоспар құра алмайсыз. Сондықтан адам көрмей тұрып сенуді үйренуі керек.

Страница 1 из 20

Обсуждение книги

Войдите, чтобы оставить комментарий.
Сообщение