6) «Мен шаршадым, ажырасуым керек»
Өзінің немесе өзгенің үміттерін ақтамау арқылы көптеген адамдар бейсанада теріс тəжірибені жинақтайды. Содан кейін мұндай мəлімдемелер оң нəтиже бермейді, керісінше біздің өзімізге деген теріс көзқарасымызды арттырады. Біз өз үміттерімізді тағы бір рет ақтауымыз керек. Үміт ақтау проблема емес, өзіңмен айналысқың келмеу, кітап оқығың келмеу, ойланбау проблема.
ӨЗ ІС-ƏРЕКЕТТЕРІҢІЗДІҢ ТИІМДІЛІГІН ҚАЛАЙ АРТТЫРУҒА БОЛАДЫ
Өзін-өзі сынау (критика) екіге бөлінеді деструктивті ж/е конструктивті өзін-өзі сынау. Біз өз үміттерімізді ақтамайтын сəттерде өзімізді сынамауға үйренуіміз керек, өйткені деструктивті өзін-өзі сынау бізге көмектеспейді.
Өз іс-əрекеттеріңіздің тиімділігін қалай арттыруға болады? Біріншіден, өсіп тұрған бірінші ағашты кесіңіз, ол өзін-өзі құртуға бағытталған, сынауға, кемсітуге деген ұмтылыс. Өзіңізге айтыңыз: «Болды! Тоқта!» Содан «Бұл Мен емес» деп айтыңыз. Соңында, шешуші сөздерді айтыңыз: «Келесі жолы мен…» Келесі жолы қалай əрекет ететініңізді сипаттап, жазыңыз.
Өзіңіз туралы, өзіңізге деген жағымсыз көзқарас туралы ұмытыңыз. Мен сізді өзіңіздің немесе басқа адамдардың қателіктерін елемеуге шақырмаймын, керісінше қателіктерге бой алдырмауға шақырамын. Өзіңізге: «Келесі жолы мен қателік жасамаймын» деп айтыңыз. Осы тұжырыммен сіз өзіңіздің бейсанаңызбен бірден оң пікір қалыптастырасыз. Теріс тəжірибенің орнына ол болашақта конструктивті көзқарасты есте сақтайды. Өзіңіздің «Мен» деген оң имиджіңізді нығайту немесе теріс болса, оны жақсарту үшін, өз əрекеттеріңіздің қажетті нəтижесін елестетіп, неден аулақ болғыңыз келетіні туралы ойлануды жəне сөйлесуді тоқтатыңыз. Егер сіз өзіңіздің іс-əрекеттеріңіздің нəтижесіне қанағаттансаңыз жəне ақыл-ойдың көтерілуіне тап болсаңыз, онда бұл оң тəжірибені сындарлы, прагматикалық ішкі диалогтың көмегімен бейсана ішінде бекітуге тырысқаныңыз. Өзіңізге: «Мен осындаймын…», «Мен ешкімге ұқсамаймын» деп айтыңыз. Позитивті ішкі тұжырым – бұл өзін-өзі бағалауды арттырудың ең жақсы тəсілі. Оның көмегімен сіз ішкі сыншының (эго) дауысын саналы түрде өшіресіз жəне айналаңыздағы адамдар сізге жүктеуге тырысатын жағымсыз, теріс, негативті пікірлерден өзіңізді қорғайсыз. Оң, жағымды, позитивті сөздерді ішкі диалогтың көмегімен Бейсанаға бекітуге тырысыңыз. Позитивті, адекватты ішкі тұжырым өзіне-өзі әділ баға берудің ең жақсы тəсілі.