СІЗДІҢ СӨЗІҢІЗ – СІЗ ҮШІН ЗАҢ
Адамның өз-өзімен сөйлесуін ішкі диалог деп атайды. Ішкі диалог адамда әрдайым жүріп жатады. Өз-өзімен сөйлесетін жалғыз жаратылыс ол адам. Əлем, ғалам үшін сіздің əрбір ойыңыз – сөз, ал əрбір сөзіңіз – заң. Ой дегеніміз ол сіз ғана еститін ішкі сөздер. Сіз осы ішкі сөздердің бейсаналық деңгейде қалай əрекет ететінін білуіңіз керек. Өмір заңдылықтарын білмей жəне өз-өзіңіңізді түсінбей, сіз өз өміріңізді ақиқат қалауы бойынша жасай алмайсыз. Барлық адамдар бағынатын ең маңызды, іргелі, басты заң, ереже себеп-салдар заңдылығы. Ол кез-келген жағдайдың нəтижесі оның себебіне байланысты екенін айтады. Себеп əрқашан қандай да бір іштегі ниет, қалау, ой, сөз немесе сенім (түсінік, ұстаным). Бүгінгі контексте бұл заңның мəні: өмірде болып жатқанның бəрі біздің ойларымыздан (санамыздан) туындайды. Себеп-салдар заңдылығы барлығымызға ортақ, бейтарап (нейтралды), əділ, бұл ереже дəл күн сəулесі сияқты – адамдардың барлығына бірдей түсе алады. Кей адамдар оның сəулесінің астында тұрып махаббат, жылулық, рақым, мейірім, шапағат сезіне алмайды. Себебі көбісі көлеңкеде жасырынған, надандық көлеңкесінде, онда күн сіз үшін жарқырамайтын сияқты болып көрінеді, сіз үшін онда күннің (білімнің) болғанынан не пайда? Сізді көлеңкеге кім айдап апарды? Қараңғыда сізді кім қалдырды? Шындық мынада, біз өзімізді қараңғылықта, надандықтың қараңғы түнегінде өмір сүруге мəжбүр етіп жатамыз. Оған сіз кінəлі емессіз, мен кінәлі емеспін, ешкім кінəлі емес. Бұл алдыңғы кітапта айтылған «Құлдық Сана» мен ақиқатқа емес, өзгеге «тәуелді» болудың салдарынан.
ПРОБЛЕМА НАДАНДЫҚТА ЖӘНЕ БІЛМЕСТІКТЕ
Ақиқатын білмей, туралықты табу мүмкін емес. Ақиқат дегеніміз Құдай сөзі, ғылыми дәлелдер мен имани (рухани-адамгершілік) түсінік, барлық жаратылыстың сыртқы емес ішкі формасы, терең мәні.