Перейти к основному содержимому
Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім
Полная версия

Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім

Оценок пока нет
2021
20 стр.

Қазіргі қоғам әрекетсіз әрекет жасауды жақсы көреді, бұндай амалдың жаулары да бар. Ал негізінен сіз әрекетсіз де әрекет жасауға болатыны белесіз бе? Сіз бірінші қалаған өміріңізді миыңызда қалыптастырасыз, сосын ол өмір шындығына айналады. Ал көптеген адамдар керісінше жасайды, олар бірінші әрекет етеді немесе қалағанына қол жеткізеді бірақ артынан қателіктерге, қиындықтарға ұрынып, өкініп жатады. Неге? Себебі о баста олардың миы дұрыс таңдау жасап, шешім қабылдаған жоқ, ал оған кінәлі адамның қате, бұрыс, жалған сенімі мен түсінігі, өмірлік ұстанымы. Бұл кітаптың мақсаты Позитивті ойлаудан тыс, өзгерек, дұрыс қадам жасау және өз тағдырымызды өзіміз жазуға байқап көру. Арман, мақсат , жоспар әрекет етпей жүзеге аспайды. Сондықтан тек Аффирмация мен Визуализацияға, тек Эмоция мен Медитацияға ғана сенетін болсаңыз, арман арман болып қала береді, мақсат орындалмайды, құрған жоспарыңыз жүзеге аспайды. Өмірдің екі негізгі қағидасы бар: уақыт жеткізу мен қажырлы еңбек.

Страница 1 из 20

Бала кезімізден жеке өсу процесінде сіз бірнеше рет қателесесіз. Бірақ біз өзімізді қателіктерімізді талдауға, не болмауы керек, не болуы мүмкін екеніне назар аударуға үйретеміз. Бізге үнемі өзін-өзі талдау, өзіне деген сыни көзқарас, өз іс-əрекеттерін «дұрыс» деп бағалау қажеттілігі туралы сенім қалыптасады. Нəтижесінде өзін-өзі сынау соншалықты қатал болады, біз қателесуден қорқудан қандай да бір нəтижеге қол жеткізуді тоқтатамыз. Бізге белгісіз қорқыныш ұялайды, сондықтан біз қазіргі уақытта не болып жатқанына назар аударудың орнына, екі аптадан кейін, екі айдан кейін, екі жылдан кейін не болуы мүмкін деп алдын-ала қорқамыз. Біз əрқашан сенімділікке ұмтыламыз, егер ол болмаса, біз ештеңе істемейміз. Біз өзімізді белгісіз шекке дейін жеткіземіз. Бірақ іс жүзінде, сіз не істесеңіз де, белгісіздік элементі əрқашан болады. Сіз тырыспайынша ештеңе біле алмайсыз, үйрене алмайсыз.

ҚАТЕЛІК ӨЛІМ ЕМЕС

Сіз бір нəрсені түсінуіңіз керек: өмірде қателік жоқ, тек білместік пен надандық бар. Біздің жалғыз гарантиямыз ‐ нəтижеге жету мүмкіндігі. Демократия бостандығы кейбір адамдарды қателіктер жасауға, қиындыққа тап болуға, өзім білемін деуге, «Құлдық Санаға», жаман әдеттерден тәуелді болуға ақырында, арты белгісіз қараңғы белгісіздікке апарды, бірақ бұл әлі өлім емес.

Мен өзім көптеген қателіктер жібердім, олардың кейбіреулері өте ауыр болды. Салдары одан да ауыр болды. Бірақ бұл жеке өсу процесінің бөлігі. Дегенмен мен барынша қателеспеуге тырысамын, бірақ қателіктер сонда да болады. Ұшақ ұшу уақытының 90 пайызын белгіленген бағыттан ауытқиды деп ойлаңыз. Мұны түсінуге тырысыңыз. Егер ол Алматыдан Турцияға сəтті ұшуға қабілетті болса, онда жолдың оннан бір бөлігін курстан ауытқып кетсе, мүмкін, пилотқа сəл сыни көзқараспен қарау керек шығар. Желкенді қайық бүкіл бағытты түзу сызықпен өте алмайды. Оған желге қарсы жүзу керек болады. Ол үнемі берілген курстан ауытқып отырады. Бұл жағдайда ең бастысы – қателіктер мен сын адамды өсіретінін түсіну.

АҚЫЛДЫ АДАМ ӨЗ ҚАТЕЛІКТЕРІН ТҮЗЕТУДІ ҮЙРЕНЕДІ

Страница 1 из 20

Обсуждение книги

Войдите, чтобы оставить комментарий.
Сообщение