Кез-келген уақытта Жаратушы сізді басқа адамға айналдыру үшін немесе сізге маңызды сабақ беру үшін, сіз дайын емес жағдайға душар етуі мүмкін екенін біліп, түсінуіңіз керек. Ең бастысы – тез үйреніп, осы тəжірибелерден бастан өткеріп, əрі қарай жүру керек. Жаратушы сізден ештеңе жасырмайды, егер сізде бірдеңе болмаса, онда оны өзіңіз алмағаныңыз үшін ғана солай. Сіз қалаған нəрсенің бəрі сіздікі жəне сіз оны түсінуіңіз керек. Егер сіз жəне сіздің тілегіңіздің арасында қандай да бір кедергі болса, онда жоғары күштің көмегімен сіз оны көресіз жəне оны жеңе аласыз. Сізге мақсатыңызға жету үшін білуіңіз керек барлық нəрсе ұсынылады. Мақсатыңыз туралы нақты шешім қабылдағаннан кейін сіздің ішкі күштеріңіз қозғалады. Сіз өзіңіздің ақылыңызға қажетті білімнің енуіне мүмкіндік беруіңіз керек. Жаратушыға сеніңіз – ол сізге не істеу керектігін айтады. Адамның мінез-құлқы саласындағы зерттеулер, адамдардың өздерін жайлы сезінетін ортаға ұмтылуға бейім екенін көрсетеді. Адам белгілі бір ойлар мен құндылықтарды қалыптастырған кезде, ол оларды қолдайтын жəне соған сай сенім жүйесі бекітілген ортаны іздей бастайды. Бұл дегеніміз, егер сіз өзіңіздің əлеуетіңізді барынша арттыруға кедергі келтіретін ойлауды өзгерту туралы ақылмен шешім қабылдамасаңыз, онда ол бұрынғыдай қалады жəне сіздің өміріңіз де өзгермейді.
ӨЗГЕРІС ҚОРҚЫНЫШЫН ЖЕҢІҢІЗ
Егер өмір туралы қалыптасқан көзқарастар бізді адасуға мəжбүр етсе, неге біз оларды өзгертуден бас тартамыз? Неліктен біз қалағандай өмір сүру үшін қажетті əрекеттерді жасамаймыз? Себебі біз өзгеруден қорқу үшін бейсанада сыртқы күштермен бағдарламаланғанбыз. Біз сенімділікке тəуелдіміз. Біз жақсы, тұрақты өмір сүргенді жөн көреміз, бірақ бақытты өмір сүру үшін тəуекелге барудан қорқамыз. Бізге енгізілген бағдарлама бізді қауіпсіздік пен өзін-өзі сақтауға ұмтылуға, сондай-ақ белгісіздіктен қорқуға мəжбүр етеді. Адам қабылдаған шешім əрқашан ол туралы бір нəрсе айта алады. Шешім қабылдамау да. Егер сіз «Иə» мен «Жоқ» арасында үнемі өзгеріп отыратын болсаңыз, онда бұл ішкі қорқыныш сізді өзгеруден аулақ екеніңізді білдіреді. Кез-келген обсессия (жабысқақ ойлар) сияқты, нөлден туындаған күнә-қателіктер, қорқыныш көп жағдайда кейбір терең проблемалардың қақпағы ретінде қызмет етеді. Қорқыныш – бұл басқа адамдардан өз әлсіздігіңізді жасыруға мүмкіндік беретін, іштей алаңдататын маневр. Бұл əдетте «Ел-жұрт не дейді?» немесе «Егер мен қателессем ше?» деген сияқты.