«ҚАЛАЙ БОЛУ КЕРЕК» ТУРАЛЫ ҰМЫТЫҢЫЗ
Өз ұмтылыстарыңызды шешіп, мақсаттарға жету туралы бұрын білгеннің бəрін ұмытып кетуіңіз керек. Бұл ештеңе жасаудың қажеті жоқ дегенді білдірмейді. Өкінішке орай, біз проблемаларды бұрынғы тəжірибе негізінде жəне əдеттегі құралдар арқылы шешуге дағдыланғанбыз. Алайда шығармашылық əмбебап ақыл біздің мақсатымызды қалай жүзеге асыруды бізден әлдеқайда жақсы біледі. Ол бізге бəрі қалай болуы керек екендігі туралы бұрынғы ойлардан арылғанымызда ғана бағыт береді. Басқаша айтқанда, өмірге қанағаттану дəрежесі «болу керек» деген кез-келген ойлардан бас тартуға дайын болуына тікелей байланысты. Біз өз бақытымыздың ажырамас шарты деп санайтын барлық нəрсені ұмытып кеткенде, біз қорқынышсыз өмір сүруді үйренеміз. Адам, қоршаған əлемнің идеалды құрылымы туралы ойлары шын мəнінде ақиқатқа сəйкес келмеген жағдайда ғана бақытсыз болады. Жағдайдың дұрыс дамуы туралы бұрынғы болжамдардан бас тарта отырып, біз не істеу керектігін, қайда бару керектігін, кіммен танысу керектігін бейсана арқылы қабылдай аламыз. Біз қол жеткізгіміз келетін нəрсені шешкеннен кейін, біздің барлық əрекеттеріміз қалаған нəрсені жүзеге асыруға ықпал етеді. Салыстырмалылық туралы ойлар Эйнштейннің басында науқас болып, төсекте жатқан кезде пайда болды. Қажетті ойлар кез-келген уақытта сіздің басыңызда пайда болуы мүмкін, егер сіз оларды қабылдасаңыз. Есіңізде болсын, сіздің қалауыңыз немесе мақсатыңыз қазіргі уақытта сіздің алдыңызда болуы мүмкін кез-келген кедергіден əлдеқайда күшті. Ең бастысы – Қалай? екеніне назар аудармау, өйткені сіз өзіңізбен жасағанның бəрі сізді қалаған нəтижеге əкеледі.
СІЗГЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕКТІГІН АЙТАДЫ