Перейти к основному содержимому
Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім
Полная версия

Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім

Оценок пока нет
2021
20 стр.

Қазіргі қоғам әрекетсіз әрекет жасауды жақсы көреді, бұндай амалдың жаулары да бар. Ал негізінен сіз әрекетсіз де әрекет жасауға болатыны белесіз бе? Сіз бірінші қалаған өміріңізді миыңызда қалыптастырасыз, сосын ол өмір шындығына айналады. Ал көптеген адамдар керісінше жасайды, олар бірінші әрекет етеді немесе қалағанына қол жеткізеді бірақ артынан қателіктерге, қиындықтарға ұрынып, өкініп жатады. Неге? Себебі о баста олардың миы дұрыс таңдау жасап, шешім қабылдаған жоқ, ал оған кінәлі адамның қате, бұрыс, жалған сенімі мен түсінігі, өмірлік ұстанымы. Бұл кітаптың мақсаты Позитивті ойлаудан тыс, өзгерек, дұрыс қадам жасау және өз тағдырымызды өзіміз жазуға байқап көру. Арман, мақсат , жоспар әрекет етпей жүзеге аспайды. Сондықтан тек Аффирмация мен Визуализацияға, тек Эмоция мен Медитацияға ғана сенетін болсаңыз, арман арман болып қала береді, мақсат орындалмайды, құрған жоспарыңыз жүзеге аспайды. Өмірдің екі негізгі қағидасы бар: уақыт жеткізу мен қажырлы еңбек.

Страница 1 из 20

Босату

Бесінші жəне соңғы қадам – босату. Өзіңізді босату үшін барлық жағымсыз, теріс, негативті ойларыңыздан бас тартуыңыз керек.


Адамдардың шығармашылық əлеуетін тиімді пайдалануға кедергі келтіретін себептердің бірі – сенімнің болмауы. Өз-өзіне сенетін, «Әмбебап Ақылға» сенетін, Ақиқатқа сенетін адамда теріс ойлар болмайды. Біз не туралы ойлаймыз, содан кейін ол бізбен бірге болады. Демек, сіз өміріңіз туралы алаңдасаңыз, сіз өзіңіз дəл қорқатын нəтиже жасайсыз. Бұл жерге тұқым отырғызып, күн сайын оның өсіп-өнгенін тексеру үшін қазып алу сияқты. Сіз тұқым мен дәнді ақыры топыраққа отырғызғаннан кейін, оны жерге беруіңіз керек, әйтпесе ешнəрсе өсіп шықпайды. Қалаған нəрсені жасау процесінің ең қиын аспектісі – сенбеу, қарсы шығу емес іштегіні босата алмау.


Біздің тілегіміз қалай жүзеге асырылатыны туралы ойламауды үйрену маңызды. Бүл қате ойлар. Бұл туралы үнемі ойлана отырып, сіз өзіңіздің əлеуетіңізді қазіргі ақыл мүмкіндіктерімен шектейсіз. Өзіңіз қалаған нəрсені жасау үшін сіз өзіңіздің мақсатыңызды «əмбебап ақылмен» (Жаратушымен) байланыстырып, бейсанаға бағыттап, оған осы мақсатты жəне сізді оған жақындатуға мүмкіндік беруіңіз керек. Энергетикалық деңгейде жұмыс істейтін шығармашылық принцип сізге қалаған нəрсені жасау үшін қажет нəрсенің бəрін тартады, бірақ бұл үшін сіз өз ішіңізді негативтен босатуыңыз керек. Мұны неғұрлым тезірек жасасаңыз, соғұрлым тезірек нәтиже болады. Мені дұрыс түсініңіз: Сіз əлі де мақсат қоясыз, Растауды жəне «қиялдың əлеуетін» пайдаланып, қалаған нəрсені алу үшін қолыңыздан келгеннің бəрін жасайсыз, бірақ бұл қалай болатыны туралы ойламайсыз. Босатып, тазаланып болғаннан кейін, бейсана нұсқау алғаннан кейін, сіз қалаған нəрсені жасау процесі басталып, сізге жақындай түсетінін сезесіз. Қалай? деген сөз болжамды білдіреді ал мақсат үшін соңғы нəтижеге назар аудару қажет.


Страница 1 из 20

Обсуждение книги

Войдите, чтобы оставить комментарий.
Сообщение