РАСТАМАЛАР МЕН БЕЙНЕЛЕУ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Позитивті растауды қолдану – əдейі өзін-өзі гипноздау əдісі. ХХ ғасырдың басында француз дəрігері Эмиль Куэ бұл əдісті пациенттерін емдеуде сəтті қолданды. Ол олардан бір тұжырымды үнемі қайталауды сұрады: «Мен күн сайын жақсарып, жазылып келемін». Бұл көмектесті! Растама əрекеті ойларды айдау, тазалау принципіне негізделген. Егер сіз кранның астына бір стақан лас су қойып, оны таза сумен толтыра бастасаңыз, онда ерте ме, кеш пе таза су барлық лас суды кетіреді. Теріс, негативті, жағымсыз, пайдалы емес ойларды мақсаттар тұрғысынан оң, пайдалы ойлармен алмастырған кезде, дəл солай болады.
Сіз өзіңізді шектейтін наным-сенімдерден құтылуға міндеттісіз. Бейсанада бізге қалаған нəрсені алуға көмектесетін ойлар басым болуы үшін қолдан келгеннің бəрін жасау маңызды. Компьютерлік терминологияда «ГИГО» сөзі бар. Бұл ағылшын тіліндегі «garbage in – garbage out» деген сөзден шыққан аббревиатура, аудармада «кіру қоқысы – шығу қоқысы» дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, егер бастапқы деректер (ақпарат) жалған болса, онда нəтиже жалған болады. Ал бастапқы деректерді кім енгізеді? Əрине, бағдарламашы. Егер бағдарламашы шындық ақпаратты бұрмалағысы келсе, ол жүйеге бұрмаланған деректерді енгізеді. Демек, ол енгізген ақпартқа бұрмаланған сеніммен жауап береді. Ұқсастық бойынша, егер сіздің жеке бағдарламашыңыз, яғни ақыл, бейсанаға дұрыс емес, яғни қисынсыз немесе жалған ақпарат берсе, онда ол дұрыс болмайды, қоқыс болады. Бес бейсанамызға жазған қоқыс ақпаратты кіргізе де шығара да аламыз, қоқыс шығарылмаса сіздің бейсанаңыз қоқыс жәшігіне айналады.
Логикалық тұрғыдан қарама-қайшы сенімдер бір-бірінен ерекшеленеді: біз бір уақытта, бір сәтте белгілі бір объект немесе құбылыс туралы екі қарама-қарсы ой-пікірді сақтай алмаймыз. Бір ниет туралы ойланып, өзіме «Мен қалаймын» не «Мен қаламаймын» деп айту мүмкін емес. Сондықтан сіз өзіңіздің бейсанаңызда қандай ойлар басым екенін мұқият талдап, оны дұрыс бағдарламалауыңыз керек. Эмерсон: «біз күні бойы не туралы ойласақ, сол бізбіз», – деді. Бұл шынымен де солай. Сонымен, позитивті растаманы қолдану – бұл сіздің бейсанаңызды сəттілікке бағдарламалаудың ең тиімді əдісі. Аффирмация сөзбе-сөз «бекіту», «растау» дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, сол ой қайта-қайта қайталанған кезде, ол жалған болса да шындық мəртебесін алады. Біз мидың нейрондарына бейсана арқылы өңделген сигналды жазып, сол арқылы өз сенімімізді растаймыз (аффирмация=ой=ішкі дауыс). Бейсана оны қабылдағаннан кейін, ол бірден оны жүзеге асыра бастайды. Күнделікті Растауды қайталау – сіздің өміріңізге қандай да бір өзгерістер енгізудің ең оңай жолы.