Психология саласындағы көптеген зерттеулер көрсеткендей, жетістіктерді өлшеу үшін белгілі бір критерийдің болуы керек сияқты іс-əрекетке деген ынтаны арттыратын не? Жоспар жазуды қалау және сүю. Жоспар жазу процесі ойларды нақтылайды, ал ойлар іс-əрекетке итермелейді. Жазбаша жоспар қалаған нəрсені жүзеге асыру ниетін бейсанаға бекітеді. Ол сіздің мақсаттарыңыз бен міндеттеріңізді еске салып отырады жəне əрбір еске ала берген сайын, жоспардың жүзеге асу мүмкіндігі арттырады. Жоспарды жазуға жұмсалған күш-жігер мен уақыт жүз есе өтеледі. Сіз жоспар арқылы уақыт пен энергияны үнемдейсіз, өйткені оның арқасында сіз əрқашан неден бастағаныңызды, қай уақытқа дейін іс-əрекетті аяқтау керек екенін, қаншалықты алға ұмтылғаныңызды білесіз. Жолда қандай да бір кедергілер туындаған кезде, жазбаша жоспар сізге өз позицияңызды қайта қарап, таңдалған бағытқа оралуға немесе өзгертуге көмектеседі.
ПАЙДАСЫН АНЫҚТАҢЫЗ
Фрейд нақты мақсаттар көңілсіздік пен мазасыздықты тудырады жəне олар қажет емес деп санайды. Виктор Франкл өз кезегінде адам мақсатсыз өмір сүре алмайтындығын айтты, өйткені ол табиғаты бойынша мақсатты тіршілік иесі. Менің ойымша, екеуінің де ойы дұрыс. Адамның ең үлкен қателігі – тым жоғары мақсат қою немесе тым көп нəрсені қалау. Мен қалаған нəрсеге қол жеткізу мүмкін емес деп айтқым келмейді. Егер сіз теннис бойынша əлем кубогын жеңіп алғыңыз келсе, алдымен ракетканы ұстап, допты ұруды үйреніп алсаңыз жақсы болар еді. Басқаша айтқанда, мақсаттар тек үміт емес, қажырлы еңбек, мол уақыт жұмсау. Бұл эфемерлік (тұрақсыз) тілектер (дұғалар) емес, түпкілікті нəтижеге нақты көзқарас. Арман сізді табады деп күтпеңіз, оны өзіңіз іздеңіз. Мақсаттар жоқтан пайда болмайды, олар жүректен шығады. Егер сізде алдағы жетістіктің пайдасы туралы нақты түсінік пен сенім болмаса, мақсатыңызға жүз пайыз адалдықты сақтау қиын. Қалаған нəрсені алу процесінің ең маңызды құрамдас бөлігі – пайдасын анықтау. Қандай проблема болмасын, оны шешу үшін: жұмыстағы, қарым-қатынастағы немесе өмірдің кез-келген саласындағы, егер сіз қандай пайда көретініңізге сенімді болмасаңыз, сізге қажетті ынта, табандылық пен ерік-жігерді сақтау қиынға соғады. Пайда туралы нақты түсінікке ие болмай, өзіңізді толығымен мақсатқа арнау өте қиын. Мақсат қою қажырлы еңбектің нəтижесінде қандай нақты пайда алуға болатындығын анықтауға көмектеседі. Сіз пайда алуға деген сенімсіздікпен – өз ниетіңізді жүзеге асыру үшін бар күш-жігеріңізді, уақытыңызды жұмсай алмайсыз.