Есіңізде болсын: ішкі сөзсіз (ой) сыртқы сөз (тіл) шықпайды. Біз үнемі не айтып отырсақ (монолог болсын, өзіңмен сөйлесу, диалог болсын өзгемен сөйлесу), яғни не ойлап отырсақ, ол біздің шынайы бейнемізді, өзіміз жайлы ой-пікір, көзқарасымызды анықтап береді. Өзіңізді жəне басқаларды бір нəрсеге қабілетсіз екендігіне сендіре бастаңыз, сайып келгенде, бəрі оған сенеді («Құлдық Сана»). Көп елдерде осындай тендецияны байқауға болады, «Құлдық Сананы» қалыптастыру бағыты бойынша.
Сіздің сенімдеріңіз шындық пен ақиқатқа сəйкес келе ме, жоқ па? Себебі олар сіздің өміріңіздің сапасын анықтайды. Өтірікке алдану, жалған идеяны ақиқат деп қабылдау, қате сенім мен түсінікті қалыптастыра бастайды жəне ешқандай сыртқы күштер бұған кедергі болмайды, керісінше қолдайды. Сыртқы күштерден сіз шынымен қаласаңыз, ешқандай кедергі жоқ, барлығы өзімізге жəне Жаратушымен байланыстың дұрыстығына байланысты. Мысалы, егер біздің санамызда өзіндік кемшілік туралы ой, оның мүмкіндіктері мен қабілеттері шектеулі екендігі туралы ой болса, онда ол ойлар біздің өмірімізді бұрыс, қате, теріс жолға қарай басқара бастайды. Бұл проблема ақыл-ойдың (сананың) өзгеруі, түзелуі, сауығуы арқылы ғана шешіле алады. Мысал келтірейін: қызанақ отырғызсаңыз – қызанақ өседі. Шешіміңіз өзгеріп, «Маған негізі қияр керек еді» деп ойыңызды қанша өзгертсеңіз де, қанша позитивті ойласаңыз да, қияр болмайды, сіз кешіктіңіз, ол жерден енді қияр өсіп шықпайды. Дегенмен сіз қиярды басқа жерге отырғыза аласыз.
Сіз қызанақ отырғызып жатқанда, оларға аллергияңыз болса да, ол жерден қызанақ тұқымы өніп шығады. Қызанақ сіздің аллергияңыз бар екен деп сізді аямайды. Яғни қанша өмір заңдылықтарын жақтырмасаңыз да себебін жасағаннан кейін салдарын көресіз. Сондықтан да себебін жасамас бұрын салдары туралы ойлану керек. Жаратушының ескертуіне және оның заңдылықтарына құлақ асу керек.
Сіздің шындық (Ақиқат) деп жүргеніңіз қандай құндылықтар мен сенімдерге негізделгені туралы ойланыңыз. Біздің əрқайсымыз өмірге келген кезден бастап күндер, айлар, жылдар бойы багаж жинаймыз жəне оның ішінде неше түрлі (əр алуан) көзқарастар, ой-пікірлер, түсініктер мен сенімдер жатыр.