Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім

ШЕКТЕУСІЗ ОЙЛАУ

Нағыз тəуелсіздікке ие адамдар біздің өмірімізде көп емес. Біз мүмкіндіктерді байқамаймыз, себебі біз өзіміздің бейсанамыз арқылы ақылымызды шектейміз. Себебі бізді шектеулі ойлауға үйретіп тастаған.

Біз шектеулерден тыс ойлануды үйренуіміз керек. Біздің ішімізде қарама-қайшы ақпарат немесе сенім ақылда кездескенде, біз əдетте психологиялық ыңғайсыздықты, жайсыздықты сезінеміз. Эмоционалды дисбалансқа жол бермеу үшін ақылымызда ашық қақтығыс тудыратын ойлардан, сөздерден қашамыз.

Шиеленісті жеңілдету жəне өзгерістерден туындаған алаңдаушылықтан арылу үшін мінез-құлықты немесе жағдайға деген көзқарасты өзгерту керек. Біз саналы түрде психикалық тепе-теңдікті қалпына келтіруге тырысамыз, қандай да бір жолмен қабылданған тəжірибені өмір туралы ойларымызбен біріктіруге тырысамыз. Ішкі жанжалдарды шешудің ең көп таралған механизмі – рационализация. Оның мəні – сіздің логикаңыздың немесе ойлау жүйеңіздің, əрекеттеріңіздің, ой-пікірлеріңіздің немесе мінез-құлқыңыздың себептерін түсіндіруге тырысу. Жалпы адамның қалай қалыптасатынына, бұзылатынына, түзелетініне мән беру.

Ақымақ болып көрінгісі немесе күлкілі жағдайға тап болғысы келмейтіндер, өзінің дұрыс адам екенін дәлелдеу үшін, жалған маска киіуге, өз ойын шектеуге мәжбүр болады. Басқаға тәуелді адам, өз іс-əрекеттерінің дұрыстығын растау үшін басқа адамдардың сөз-пікірлеріне құл болады. Яғни сыртқы Аффирмацияларға тәуелді болады және өз ойларын шектеуге мәжбүр болады. Өзінің дұрыстығын растайтын адамдарды ортадан іздеп жүреді.

Бір адаммен қарым-қатынасты сақтағымыз келсе, біз оның қадір-қасиетін бағалаймыз, оның кемшіліктерін саналы түрде елемейміз, біз оған бар шындықты айтпай оның ойлау жүйесін шектейміз. Шешім қабылдау барысында біз əдетте сыртқы жағдайға ғана мән береміз, ішкі жағдайды елемейміз, бұл біздің ақылымызды шектейді. Шектелген ақыл жаңа ақпаратқа сезімтал болмайды.

Поделиться

Добавить комментарий

Прокрутить вверх