Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім

Ең алдымен мақсатты анықтау керек. Жетістікке жетуді білетіндер, жоспарларын жүзеге асыратындар, басты құпияны біледі: олар «сенеміз, сосын көреміз» дейді. Бəрі бір нəрсеге сенбестен бұрын фактілерді (реалды дәлел) алғысы келеді. Бірақ бұлай болмайды. Алдымен сіз өзіңіздің мақсатыңызға сенуіңіз керек, содан кейін сіз оны қалай жүзеге асыруды үйренесіз, өйткені сіз дұрыс ақпаратты бейсанамен реттейсіз. Қажетті сигналдар сіздің санаңызға жетпестен бұрын сіз үшін не маңызды екенін (қандай клиенттермен жұмыс істегіңіз келеді, қай үйде тұру керек, қандай білім алу керек) анықтауыңыз керек. Жоспар жазу барысында ең бастысы бар назарды соңғы нəтижеге аудару керек. Бейсана одан басқа тілді түсінбейді.

БІЗ ІЗДЕГЕНІМІЗДІ ТАБАМЫЗ

Не іздесеңіз соны табасыз, нені өміріңізге тартсаңыз соны тартасыз, кімге ұқсаймын деп шешім қабылдасаңыз соған ұқсайсыз, қандай себеп жасасаңыз, соның салдарын көресіз. Міне, осылай болады!

Сізді автомобильдің белгілі бір маркасы қызықтырды делік. Мүмкін сіз оны жаңа ғана сатып алған шығарсыз немесе оны əлі де сатып алғыңыз келетін шығар. Назар аударыңыз, сіз белгілі бір брендті таңдағаннан кейін, бұл көліктер барлық жерде сіздің көзіңізге түсе бастайды. Неліктен? Себебі бұл бренд қазір сіз үшін ерекше мəнге ие болды. Кітап оқу сізге қызықсыз болса, онда ол сіз үшін мәні жоқ деген сөз. Дəл осындай жағдай іскери серіктестермен, жұмыспен жəне қарым-қатынас шеңберімен қайталанады. Сізге не қажет екенін терең түсінсеңіз, сіз бірден қолайлы мүмкіндіктер мен пайдалы ақпаратқа назар аудара бастайсыз.

Егер сіз өзіңіз қалаған нəрсені білмесеңіз, онда оны көз алдыңызда таба алмайсыз жəне көре алмайсыз. Дəл осындай принципті бизнестегі клиенттерге қолдануға болады. Ол адамдардың қажеттіліктерін анықтаңыз – оларды қалай қанағаттандыру керектігін түсініңіз. Оларға не қажет екенін білмей, сіз оларға қалай көмектесуге болатындығы туралы ақпаратты біле алмайсыз. Жəне сол арқылы ақша табу, кәсіппен, саудамен айналысу қиынға соғады. Жақсы əңгімелесуші болу үшін оны тыңдап, әңгіменің ауысуын күту керек, серіктеске ол үшін пайдалы ақпарат бере білу керек. Əйтпесе, сіздің сөздеріңіз оның санасына жетпейді – өйткені біз тек біз үшін құнды жəне маңызды нəрсеге ғана назар аударамыз.

Поделиться

Добавить комментарий

Прокрутить вверх