ҚАЖЕТТІ УАҚЫТТА ҚАЖЕТТІ АҚПАРАТ
Адам миының 95% қажетсіз, пайдасыз, керексіз, өмірде түк қолданыс таппайтын, қоқысқа апарып тастай беруге болатын ақпараттарға толы. Адам күнделікті 80% уақытын босқа өткізеді екен.
Сіз өзіңіздің қалауыңыз бен мақсаттарыңызды нақты ж/е анық шешкеннен кейін, барлық жағынан қажетті ақпарат бірден түсе бастайды. Есіңізде болсын: сіз бір затты көрмейтіндігіңіз оның жоқ екенін білдірмейді. Сіздің миыңыз қазіргі уақытта сіз үшін маңызды емес сигналдарды бұғаттайды. Бұл процесс толығымен табиғи жəне бізді психикалық жүктемелерден қорғайды, кейде бұл процесс шамадан тыс болуы да мүмкін. Егер ол дұрыс басқарылмаса, ол біздің мүмкіндіктерімізді шектейді. Сіздің мақсатыңызды жүзеге асыру үшін сізде əрқашан керек ақпарат бар. Алайда, адамдардың немесе компания, үкіметтің көпшілігі алдымен қажетті нəтижеге жеткізетін ақпаратты анықтап алмай, проблемаларды шешуге тырысады. Олар қолда бар жалған фактілерге немесе қазіргі уақытта қол жетімді ресурстарға сүйене отырып қорытынды жасайды. Қажетті уақытта қажетсіз ақпарат пайда бермейді.
СОҢҒЫ НƏТИЖЕГЕ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Қазіргі уақытта сізге барлық сұрақтарға жауаптар қажет емес. Егер сіз оларды білсеңіз де, қазір бұл ақпарат сізге көмектесуден гөрі зиян тигізуі мүмкін. Енді сіз өзіңізге басқа сұрақтар қоюыңыз керек: «Соңғы нəтиже қандай болуы керек?», «Мен неге ұмтыламын?», «Не қалаймын, ниетім қандай?». Алдымен мақсат қойыңыз жəне қажетті ақпарат бірден түсе бастайды. Мақсаттың болмауы жалған ақпараттың көбеюіне алып келеді. Соның салдарынан апатия, демотивация, іш пысу, не істерін білмеу сізді шатастырады жəне сізді жалған жолға қарай бағыттайды.
Есіңізде болсын, қажетті ақпаратты жинауға кіріспес бұрын, сана мен бейсана соңғы нəтижеге назар аударуы керек. Соңғы нəтиже нақты болғаннан кейін сіз оған жету үшін қажет нəрсенің бəрін білесіз. Қажетті ақпарат біздің бейсанамызға жетеді, егер оның құрамында құндылығы бар, пайдалы, керекті болса.