Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім

Көптеген адамдардың дүниетаным жүйесіндегі ең көп таралған қате түсініктердің бірі – «көреміз сосын сенеміз». Шын мəнінде, біз бір нəрсені көрмесек, бұл оның жоқ екенін білдірмейді. Біз мүмкіндіктер мен шешімдерді олар жоқ болғандықтан емес, іздеу нысанын дəл анықтай алмағанымыз үшін көрмейміз.

Айқын мақсат қою қиын емес. Нақты мақсат болған кезде ақыл мен бейсана, табиғи сүзгі механизмін дəлелді түрде қалыптастырады, оның көмегімен оған қол жеткізуге жағдай жасалады. Күтуді мақсатқа, мақсатты жоспарға, жоспарды әрекетке айналдыру тізбегі дұрыс сенім мен түсініктен басталады.

СІЗ НЕГЕ ҰМТЫЛАСЫЗ?

Біріншіден, сіз өзіңізден: «Мен үшін не құнды?», «Мен үшін не маңызды?», «Мен өмірде не іздеймін?», «Нені айтқым келеді?», «Қандай нəтиже күтемін?» деп сұраңыз. Бұндай сұрақтармен, оларға табылған жауаптар, жетістікке жету үшін өте маңызды. Ақыл мен бейсана одағы сізге мақсатыңызды жүзеге асыруға көмектесе алмайды, егер сіз мақсатыңызды нақты елестетпесеңіз, көрмесеңіз. Сіз өзіңізге: «Мен не қалаймын?» деп айтыңыз. Қалаған нəрсені қалай алуға болатынын білмес бұрын, сіз өзіңіздің нақты не қалайтыныңызды дəл анықтауыңыз керек. Себебі көп адамдар өзіне не маңызды, пайдалы, керек екенін білмейді. Осыларды шешкеннен кейін, сана мен бейсана бірден қажетті ақпаратты игере бастайды. Өзіңіз қалаған нəрсені (үй, жұмыс, көлік, табыс деңгейі, достар, қарым-қатынас) нақты түсіну арқылы сіз қолайлы мүмкіндіктерді байқауды едəуір арттырасыз. Сана мен бейсананың сүзу механизмі сіздің мақсаттарыңыз тұрғысынан құнды емес немесе пайдасы жоқ, керексіз, маңызы жоқ кез-келген ақпаратты жояды. Мұны түсіну өте маңызды. Сіз өзіңіздің мақсаттарыңызға жету үшін қажет емес ақпаратты игермейсіз, оған уақыт құртпайсыз. Бұл тежегіш ақпараттар сіздің бейсанаңыздан автоматты түрде шығарылады. Электрондық пошта жəшігін спамнан қорғайтын бағдарлама сияқты, сана мен бейсана тандемі сізді мыңдаған сыртқы ақпараттардан, тек сіз үшін маңызды ақпаратты ғана өткізіп отырады. Егер ол сізге күнделікті түсетін барлық ақпаратты жіберіп алса, онда сіздің жүйке жүйеңіз үлкен жүктемелерге тап болады жəне сыртқы сигналдардың ағынын және зияндығын жеңе алмайды. Сондықтан сіз миыңызға ақпараттың тек екі түрін қабылдаңыз: мақсатқа жету үшін пайдалы ақпараттарды жəне сіздің физикалық немесе психикалық денсаулығыңызға қауіп төндірмейтін ақпаратты. Ақпараттық майдан заманында, қоршаған əлем ақпаратқа толы. Оны толық игерудің қажеті жоқ, сондықтан біз қалаған нəрсені нақты шешуіміз керек. Бұл сана мен бейсана одағына неғұрлым таңдамалы əрекет етуге жəне біз үшін құнды ақпаратты ғана қабылдап алуға мүмкіндік береді.

Поделиться

Добавить комментарий

Прокрутить вверх