Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім

ЖАЛҒАН СЕНІМДІ ҚАБЫЛДАУ ӨЗІН-ӨЗІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА КЕДЕРГІ КЕЛТІРЕДІ

Тəуекелге барып кез-келген, жалған ақпаратқа сену адамның өсіп-дамуын, өзгеруін қиындатады. Бұл бірінші шындық, ал екінші шындық – адамдар өмірінің көп бөлігін өздерін жасаудың, рухани өсіп-дамудың орнына, уақытын күтуге жұмсайды.

Біздің шығармашылық əлеуетіміз бен энергиямыз (күш-қуат) қиялдың байлығына тікелей байланысты. Алайда қиялдың мүмкіндіктері біздің шындықты қабылдауымызбен шектеледі. Əркім оны белгілі бір шектеулерге дейін қабылдай алады, бірақ оларды кеңейтуге болады. Егер біз оларды өзіміз ойлап таппасақ, ешқандай шектеулер жоқ. Жағдайды түзету үшін алдымен шындық пен ақиқатты қабылдау керек, шектеулі немесе бұрмаланған сенім бар екенін түсіну керек.

Əр адам қоршаған əлемді (орта) өз көзқарасымен көреді жəне бұл бізді ерекше, бір-бірімізге ұқсамайтындай етеді. Бірақ бəрібір бəріміз дүние деп аталатын өмірдеміз, бірақ əркім əртүрлі (ішкі/сыртқы) жағдайда. Бірақ бəрі сол бір өмір. Аспанда ұш, жерде жүр, айырмашылық тек көзқарас, сенім мен түсінікте.

Әркім бір ақиқаттты әртүрлі түсінеді. Егер біздің қабылдауымыз шектеулі болса, біздің мінез-құлқымыз, ойларымыз жəне сезімдеріміз шектеулі болады. «Өзіміз жайлы шындықты» қабылдау бала кезінен жинақталған əсерлерден жəне ой-пікірлерден тұрады. Басқаша айтқанда, бұл біздің өмірлік тəжірибеміз. Біздің өмірімізге əсер ететін барлық нəрсені түсіну, сенімнің сапасын анықтайды. Бізбен болып жатқанның бəрі қабылдау сүзгісінен өтеді. Біздің əрекеттеріміз өзіміз ж/е өзге жайлы шындықты білудің деңгейімен өлшенед. Егер өзіміз, өмір туралы біздің ойларымыз қате, Жаратушы заңдылықтарына сай болмаса, онда əрекеттер қате болады. Демек, біздің проблемаларымыздың себебі біздің білгенімізде емес, білгеніміз туралы жалған сенімдерде жатыр.

Өзімізді толық түсіну үшін:

1) біз үнемі өзгеріп, жаңарып,

2) қабылдау шекарасын кеңейтіп,

3) айналамыздағы өзіміз, өзге, өмір, Жаратушы туралы ойларымызды байытуымыз керек.

Поделиться

Добавить комментарий

Прокрутить вверх