ӨЗГЕРІСТЕРДІ МƏЖБҮРЛЕУ СƏТТІЛІК ƏКЕЛМЕЙДІ
Сәттілік пен Табысқа жету жолындағы ең үлкен қателіктердің бірі – өзгерісті мəжбүрлеу, мысалы сіз, ерік-жігерлі болуға тырысып, өзіңізге: «Мен мұны істеуім керек», «Мен салмақ тастауым керек», «Мен көп жұмыс істеуім керек» деп айтсаңыз, мəжбүрлеу сіздің санаңыздағы қажетті нəтижеге жетуге кедергі келтіреді. Сіз өзіңізге бір нəрсе «жасау керек» деп айтқан сайын, бейсанаға салмақ түсіресіз. «Мен… керек» дегенде, сіз: «Мен мəжбүрмін, бірақ егер ертең істей алмай қалсам, мен сәтсіз адаммын» дегенді білдіресіз. Сіз одан кейін артығырақ тырысасыз және өзіңізді одан сайын мәжбүрлейсіз, ең жаманы – асығыстық танытасыз және қателесіз.
Сіз: «Керек» деп айтудан бас тартып, «Мен осылай шештім» деп айтуға көшуіңіз керек.
Жалпы «керек» деген сөз, саясаткерлердің ең көп қолданатын сөзі екен, бірақ олардың керек деп айтқандары іс жүзінде көбісі орындалмайды. Себебі олар іске асыруға шешім қабылдаған жоқ, тек жоспарлады, ал жай «керек» ешнарсені өзгертпейді.
Өзгерте алатын немесе өзгерткіңіз келетін нəрсені түсіну сізге үлкен күш береді. «Мен жасағым келеді» -ні, «Мен жасай аламын» – ға өзгертіңіз. Сіз өзіңіз ойлағандай бола аласыз жəне осы мақсатқа дұрыс көзқараспен қарай аласыз, тек миыңызда өзіңіз бүлдірген ойларды (сөздерді) өзгерту маңызды. «Маған… керек» деген қарапайым қажеттіліктер, «Мен осылай шештім» деген нақты әрекетке көшемін дегенді білдіреді.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: СІЗДІҢ СӨЗІҢІЗ-ЗАҢ
Егер сіз əрқашан өзіңізге жəне басқа адамдарға берілген уəделерді орындап жүрсеңіз, онда сіз мықты адамсыз. Сіздің рухани күш-қуатыңыз сіздің сөзіңіздің күшіне тең. Егер сіз біреуге, белгілі бір уақытта, белгілі бір жерде болатындығыңызды айтсаңыз, онда сіз оны орындауыңыз керек, өйткені əрбір орындалмаған уəде сіздің күшіңіздің (энергия) бір бөлігін алады. Бір нəрсені өзгерту ниетін білдіре отырып, сіз басқаларға ғана емес, өзіңізге де сөз бересіз. Өзіңізге уəде беру, өзіңізге сене алатындығыңызды білдіреді. Осы күшпен, осы сезіммен, осы сенімділікпен сіз үшін «мүмкін емес» деген сөз жоқ, өйткені сіз өз жоспарыңызды жүзеге асыра алатындығыңызды білесіз. Ең бастысы – керексіз, қажетсіз, пайдасыз ақпаратқа назар аудармау жəне қажетті, пайдалы ақпаратқа ақылмен назар аудару. Сіз жалған ақпаратты бейсанаға жазуға уақыт жұмсамаңыз. Уақытыңызды пайдалы, табысты жұмсайтын саудагер болыңыз. Ақылыңыз сіздің жеке кәсібіңіз, сондықтан сауданы адал жасаңыз яғни өзіңізбен шынайы болыңыз.