Біздің əрқайсымызда таңдау бар: бір орнында қалу немесе саналы, ерікті шешім қабылдау арқылы өзімізді өзгерту қажеттілігіне сендіру. Егер сіз екінші жолды таңдаған болсаңыз, онда сіз өзіңізді жаңа жолдамын деп елестетуіңіз керек. Прагматикалық ішкі диалог пен қиял сізге өзіңіздің мүмкіндіктеріңізге қатысты шектеулерден арылуға, тəуелділік жəне артық стресс, шиеленіс жəне жағымсыз көңіл-күйден құтылуға, өзін-өзі дамыту жолына түсуге көмектеседі. Біздің əрқайсымызда өз «Мен» бейнесі де бізге көмектесетінін түсіну керек. Бейсана біздің əрекеттеріміз əрқашан біз ойлағандай шындыққа сəйкес келуі үшін қолдан келгеннің бəрін жасайды. Сондықтан сіз тек өзіңіз жайлы, өмір жайлы, өзгелер жайлы, Құдай жайлы шындықпен айналысыңыз. Яғни əрекет сосын ойлану емес, бірінші ойлану сосын əрекет. Бейсанаға сену үшін сещім мүшелері арқылы дұрыс тамақ (ақпарат) беру керек. Біздің əрбір əрекетіміз өзімізді ішкі қабылдаумен байланысты.
ІС-ƏРЕКЕТТІ ӨЗГЕРТПЕС БҰРЫН, НАНЫМ-СЕНІМДЕРДІ ӨЗГЕРТІҢІЗ
Амал-әрекет өзгерсе сенім өзгермейді, Сенім өзгерсе ғана амал-əрекет өзгереді.
Талғамныңызды өзгертіңіз! Ең алдымен, мінез-құлықты емес, өзі туралы ой-пікірді өзгерту керек. Мұны қалай жасауға болады? Қалыптасқан тəсілмен: ішкі диалог арқылы. Өзіңізге деген көзқарас бойынша, жұмысты өзгерткіңіз келетін әрекеттен бастаңыз. Саналы, ерікті түрде ішкі диалогтың мазмұнын бақылаңыз:
Жаңа «Мен» – ге тəн қасиеттерді біріктіріңіз: «Мен жеңімпазбын, «Мен өмірді жəне адамдарды жақсы көремін», «Мен жетістікке түбінде жетемін», «Мен көпшіл жəне мейірімдімін». Жетістікке жетіп, бұрынғы «Мен» емес əрекетті жасай отырып, ішкі диалог арқылы жаңа көзқарасты күшейтіңіз: «Мен осындаймын…», аффирмация айту бұл шығармашылық процесс, әр аурудың емі себебіне қарай әртүрлі болған сияқты, аффирмациялардың да себебіне қарай сөздері әр түрлі болады, бірақ ол әрдайым «Мен…» деп басталуы шарт емес. Өйткені кез-келген ой ол сөз, ал кез-келген сөз ол аффирмация, ал кез-келген аффирмация ол сенім. Сенімдер бейсанада сақталады. Бейсана іс жүзінде не болып жатқанын емес, сіздің болып жатқан жағдайға деген көзқарасыңызды жазады. Сондықтан аффирмация не болып жатқанды, яғни жағдайды емес, жай ғана көзқарас пен ой-пікірді білдіреді. Сіз бұндай Аффирмацияларды өзіңізге де, өзгеге де әрдайым айтып жүріңіз.