Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім

СІЗ ӨЗІҢІЗГЕ ҚАЛАЙ ҚАРАЙСЫЗ?

Отбасыңызда бәрінен «Мен Қандаймын?» деп сұрап көріңісші, әрине батылдығыңыз жетсе, сіз ең бірінші «біртүрлі, не деп жауап береді?» деп ойлайсыз. Бұл стресс тест деп аталады. «Əке (Ана) Мен Қандаймын?» деген сияқты, көп балалар не қорқады, не ұялады, ал әке-шешесі өлсе де баласына ондай сұрақ қоймайды, себебі ол өзінің баласының алдында дәрежесін түсіріп аламын деп ойлайды.

Сіздің өмірлік мақсаттарыңыздың ауқымы мен əртүрлілігі өзін-өзі бағалау деңгейіне байланысты бірдей өзгереді. Егер ол төмен болса, сіз өзіңіздің мақсаттарыңызға жетуге кедергі болатын жағымсыз əсерлерді тартасыз. Сіз кәсіпкер болсаңыз қандай клиенттермен жұмыс жасайтындығыңызды, қандай адамдармен сөйлесетіндігіңізді қараңыз. Шын мəнінде, сіздің қасыңызда əрқашан сізге лайықты адамдар болады. Бұл отбасыларға да, достарға да, іскери серіктестерге де қатысты. Тартылыс пен ұқсастық заңы: «ұқсас ұқсасқа», есіңізде ме? Айналаңыздағы заттарды қараңыз. Сіз дағдыларыңыз мен қабілетіңіз бар болғанда, неге, сіздің ойыңызша, «лайықсызбын» деп есептейсіз. Бұл автомобильге, киімге жəне тұрғын үйге ғана қатысты емес. Сіздің өміріңіздің деңгейі мен сапасы толығымен сіздің өзін-өзі бағалауыңызға жəне өзіңізге деген көзқарасыңызға байланысты.

Өміріңіздің деңгейі мен сапасы = өзін-өзі адекватты бағалау + өзіңізге деген көзқарастың шынайылығы.

Өмір бойы əрқайсымыз өзімізден, басқалардан мұндай сөздер естиміз: «Мен жақсы адаммын», «Мен табандымын», «Мен ұялшақпын», «Мен ақкөңілмін», «Менің достарым жоқ», «Мен ақымақпын», «Менің жағдайым жоқ», «Мен жалқаумын», «Мен қайыршымын». Біз өзіміздің жеке ойларымызға сəйкес əрекет ететіндіктен, бұл белгілер біздің мінез-құлқымызды басқарады. Олардың тек кейбіреулері ғана пайдалы. Бірақ адам ретінде өсу жəне даму үшін олардың көпшілігін өзгерту керек. Тағы да қайталаймын, біз өзіміз туралы не айтып отырғанымызды мұқият қадағалауымыз керек. Өйткені, өз əлеуетін іске асыру мүмкіндігі тек өзін-өзі растаумен (аффирмация) шектеледі. Бұл шек біздің шынайы мүмкіндіктерімізге ешқандай қатысы жоқ, дегенмен біз əрқашан өзімізді «қабілеттімін» деп санайтын нəрсені ғанс жасаймыз. Сондықтан біз ішкі диалогты саналы түрде бақылауымыз керек, əйтпесе ол бізді басқарады. Өзіңіз туралы ой-пікірлер, яғни ортаның сізге ілген идеялары жай жадтан өшіріле салмайды, өйткені олар бейсанада терең сақталады, бірақ оларды оң ішкі диалог арқылы ауыстыруға болады. Өзі туралы жаңа позитивті, адекватты тұжырым (аффирмация) басым сенімге айналады. Біз əрқашан біздің бейсанамызда басым болатын сенімге сəйкес əрекет ететініміз белгілі. Яғни Бейсанамызда қандай сенім басым болса, біз соған сəйкес амал-əрекет жасаймыз. Өзіңіздің «Мен» бейнесін өзгертудің басты себебі, сіз белгілі бір қызмет саласындағы жетістіктеріңізге қанағаттанбауыңыз. Өз əрекеттерімізде біз автоматты түрде бейсанаға бағынамыз. Біздің өзіміз туралы көзқарасымыз өзгермейінше, біз автоматты түрде сол баяғы əрекеттерді қайталаймыз жəне бірдей нəтиже көре береміз. Біз өзімізге деген қарым-қатынасты өзгертпей, өз əлеуетімізді толық іске асыра алмаймыз. Біздің əрекеттеріміз ішкі бейсаналық өзгерісті бастағанда, алаңдаушылық пен психологиялық ыңғайсыздық сезімі бірден пайда болады, өйткені саналы түрде біз əрқашан өзіміздің қатып қалған «Мен» бейнесіне сəйкес келуге тырысамыз. Ол бейне қазіргі уақытта біз өзімізді қабілетті, мүмкін деп санайтын сенім мен түсініктен тұрады.

Поделиться

Добавить комментарий

Прокрутить вверх