Мен тағы да қайталайын: себеп-салдар заңы объективті (дұрыс, шын) жəне бейтарап, əділ, барлығына бірдей ортақ. Сондықтан барлық жағынан жағымды, позитивті, жақсы адамның (болып көрінетін) өзінде, өмірінде сəтсіздіктер мен қиындықтар, проблемалар болуы мүмкін – бұл салдары. Ал себеп мынада, ол белгілі бір уақытта, Жаратушының заңдылықтарын дұрыс түсінбеді немесе дұрыс қолданбады. Жалпы заң мен ережеге бағынбау – бұл адамның ешнарсеге жарамсыз екенін, сүюді білмейтінін, жаман адам екенін білдірмейді. Адам жай ғана білмегендіктен немесе түсінбегендіктен, сол себеп-салдар заңын теріс, жағымсыз, негативті пайдалануы мүмкін.
Физика ғылымының барлық заңдары мен ережелерін білмеуіңіз мүмкін. Бірақ оған бағыну, бағынбау сіздің таңдау еркіңізде емес. Жаратушының заңдылықтары да дәл солай, адамға еш зияндық тигізе алмайды, бірақ оның əрекет ету принципін түсінбеушілік – сіз қанша мейірімді, жақсы жəне адал адам болсаңыз да қиындық пен қателіктерге тап болуыңыз мүмкін. Өмір заңдылықтары өз суларын бейбіт түрде ағызып жатқан өзен сияқты жəне сіз бақытты немесе бақытсызсыз ба, жақсы немесе жаман адамсыз ба, сәтті немесе сәтсіз екеніңізге мүлдем бей-жай, бейқам, қарамайды. Ол жай ағып жатыр. Біреу бұл өзенге қайғыру, мұңаю үшін келеді, біреу бұл өзенге қуану, шаттану үшін келеді, бірақ ол (табиғат заңдылықтары) бізге мəн бермейді. Біз оның салқын суына қуана шомыла аламыз немесе жартастан құлап, батып та кете аламыз. Өзен əрдайым ағып жатады, өйткені ол бейтарап (нейтралды), ешкімді алаламайды, риясыз. Дегенмен өмір заңдылықтары бізді қолдай да, жоя да алады. Нəтиже немесе дəлел, Құдайдың заңдарын қалай түсінетінімзге жəне қолданатынымызға байланысты.