Өзін – өзі бұзатын мінез-құлыққа бейім адамдар аз емес, мұндай мінез-құлықтың басты себебі – өзін-өзі жек көру сезімі. Бұл жеккөрушілік олардың біреудің үмітін ақтамағанын түсінуден туындайды. Біздің көпшілігіміз өзімізді, өзгені сыртқы формаға жəне қол жеткізген нәтежиеге қарай бағалаймыз. Біз сəтсіздікке ұшырағаннан кейін өзімізді ғана емес, басқаларды да сəтсіздікке ұшырататын сияқты көрінеді. Ата-аналардың, жұмыс берушілердің, діни тəлімгерлердің, достардың, жақындардың үміттерін ақтай алмай, біз өзімізді «пайдам жоқ», «керегім жоқ» қорытындыға келеміз. Себебі олар бізге солай айтады: «Сенің түк пайдаң жоқ», «Сенің бәрібір керегің жоқ».
Бұл өзін-өзі не басқаны сынау деп аталады. Сыни ойлау, өзіңізді сынға алу – бұл өзіңіз туралы жаман ойлау. Өзіңізді айыптай отырып, сіз жағымсыз эмоцияларды сезінесіз. Өзін-өзі сынау адамның өзіне-өзі әділ баға беруін жояды. Ол адамға оң, жағымды, позитивті ештеңе бермейді, оның салдары толығымен жойқын. Біздің əрқайсымыз, əрине, біраз əрекеттер жасаймыз, кейіннен өкініп қаламыз, бірақ бір сəттері біз өкінуді тоқтатып, əрі қарай өмір сүруді жалғастырамыз. Бұл бізге өмір үйреткен сабақ.
Егер сіз өзіңізге қарсы болсаңыз, сіз біреу үшін болыса алмайсыз. Ал басқаларға қарсы болу-өзіңе қарсы болу. Эзотериктер ғана емес, психологтар да келіседі. Сындар көбінесе жалған, орынсыз, не айтып не қойғанын білмейтін, ақиқатқа сай келмейтін болып келеді. Ондай сындар адамның жан жарығын өшіреді. Біреудің даралығын басу жəне біреудің өміршеңдігін бұзу өзін-өзі бұзатын мінез-құлықтың ең нашар көрінісі болып табылады.
ӨКПЕ-РЕНІШ ТУРАЛЫ ҰМЫТЫҢЫЗ
Бұл қандай сезім ештеңеге өкінбеу? Кінəсінің, қылмысының дəрежесіне қарамастан, барлық құқық бұзушыларды толығымен кешіргеніңізді бір минутқа елестетіп көріңіз. Осыдан кейін сіз қандай сезімдерді сезінесіз? Енді сіз өзіңізді немесе біреуді кешіре алмайынша, бақытсыздықтар, қиыншылықтар мен аурулар сіздің өміріңізден кетпейтінін түсінесіз деп үміттенемін. Біздің көпшілігіміз басқа адамдардың қателіктерін, ренжіткенін кешіруден бас тартамыз. Бізді пайдаланып алдап кететін немесе ренжітетін кез келген адам – біз үшін ықтимал жау сияқты. Бірақ іс жүзінде біздің жеке қатысуымызсыз ешкім бізді алдап не ренжітіп кете алмайды. Жалпы алғанда, айналамыздағы адамдар бізді ренжітуге, (арам) ниеті бар болса да бізге ренжуге себеп жоқ. Себепті біз өзіміз жасаймыз, өзіміз ренжітуге жол көрсетеміз, жол береміз. Дəл қазір сіздің ішіңізде барлық түрмеде отырғандарды кешіріңіз, əйтпесе олар сізді жояды. «Жарайды» дейсіз, – бұл түсінікті, бірақ «Сіз менің жағдайымды білмейсіз. Мені ол шынымен де қатты ренжіткен. Мүмкін бір күні мені қорлағанды, сорлатқанды ұмыта алармын, бірақ қазір емес». Мұндай ойлау сізді ренжіткен адамға қарағанда, өзіңіз үшін зиянды жəне жойқын екенін түсініңіз.