Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім

СІЗ ӨЗІҢІЗДІ ӨЗІҢІЗ ЖАСАДЫҢЫЗ

Сіз өзіңізді өзіңіз жасағаныңызды түсінесіз бе? Сіз өмір туралы барлық мінез-құлық, қарым-қатынас стилі (өзінше слэнг қолданып) жүріс-тұрыс, бет-əлпет, ым-ишара, тіпті ойлау тəсілі мен байланған идеялар, стереотип, тренд, мода, хайп – негізінен сіз осының бəрін еліктеу арқылы біреуден жұқтырдыңыз не қиялдау арқылы өзіңіз ойлап таптыңыз. Рөл (идеал) үлгіснде ата-аналар немесе отбасының басқа мүшелері, сүйікті мұғалім, дос, кітаптан немесе фильмнен шыққан кейіпкер болуы мүмкін. Сіз тіпті ұнатпаған адамнан да мінез-құлық үлгілерін, белгілерін қабылдай ала аласыз. Мүмкін, сіз оларға бейсаналы түрде, еріксіз еліктеген боларсыз. Бос еліктеушілікке алданбаңыз. Саналы ерікті түрде еліктейтін игі жақсыларды табыңыз, оларды тыңдаңыз, ең бастысы оқыңыз.

ӨЗІҢІЗДІ ҚАБЫЛДАҢЫЗ

Өзіңіз жасаған адамға, өзіңізге мұқият қараңыз. Мүмкін, əлі күнге дейін сіз өзіңізге ұнаймайтын шығарсыз, əлі өзіңізді толық түсінбеген шығарсыз, мүмкін өмірдің жалған қызықтарына алданып жүрген шығарсыз? Мүмкін өміріңіз еліктеушілікпен өтіп жатқан шығар? Бұған қатты мəн беру керек.

Жеке тұлғаны таңдаулы ерекшеліктермен қалыптастыру мүмкін емес екенін түсініңіз. Біз бəріміз бір-бірімізге ұқсаймыз, өйткені біздің адамға тəн қасиеттеріміз ортақ. Сондықтан ақиқат пен өмір заңдылықтары, болмыс барлық адам үшін бірдей, дегенмен адамдар әртүрлі. Сіздің мінезіңіз басқа біреуден алынған болса да, сіз əлі де жалған емессіз. Сіз шынсыз, өйткені жеке бөлшектерді бір композицияға жинауға болады. Октавада тек сегіз нота бар екенін ұмытпаңыз, дегенмен олардан жүздеген мың əдемі жəне ерекше əуендер шығады. Мұның себебі олардың үйлесімінде.

Поделиться

Добавить комментарий

Прокрутить вверх