Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім

Позитивті ойлаумен шектелмеңіз. Позитивті ойлаудан да артық, өзгерек ойлау жүйесі бар екенін ұмытпаңыз. Позитивті ойлаған жақсы, бірақ олардың көбісі жалғандыққа негізделгендіктен, ол адамды толық кемелдікке, шынайы бақытқа жеткізбейді. Сондықтан позитивті ойлау тек ақиқатпен бірге, ақиқатқа сай болуы керек. «Дұрыс ойлау» деген осы. Бірақ кей проблемаларда қанша позитивті ойлаңыз, қанша жағымды, оң ойлар ойлаңыз, сіз сыртқы жағдайды өзгерте алмайсыз, себебі сіз ішкі шындықты өзгертпей сыртқы шындықты өзгерте алмайсыз.

Өмір (дүние) атты ойында «Өмір (Жаратушы) заңдылықтарын» білмеу ақымақтық пен надандықтан. Ақиқат нағыз бостандық береді, еркіндік сыйлайды, сондықтан Жаратушының жаратқан барлық табиғат (дүниелік) ж/е ғайып (ақырет) заңдылықтарына бағыну керекпіз.

Елестетіп көріңіз: адам фортепианоға отырады, ойнай бастайды, бірақ оның музыкасында үйлесімділік, əуезді, сазды, ырғақты əуен жоқ, өйткені ол əлі ноталарды білмейді. Ақыр соңында, бұл дисгармониядан, қанағаттанбау сезімінен, көңілсіздіктен шаршап, ол мұғалімге барады. Ал ол оған: «сізде музыкаға деген қабілет бар, бірақ оны ашу керек», – дейді. Адамның əрқайсысы өмір деп аталатын пьессаны, сценарийді үйлесімді, əуезді, қуанышпен ойнай алады, бірақ бұл үшін сіз өмір ережелерін, заңдылықтарын біліп, ойын техникасын игеруіңіз керек. Қоршаған əлемде бəрі физиканың белгілі бір принциптері мен заңдарына сəйкес бағындырылған. Егер олай болмаса, біз ұшақтармен ұша алмас едік, жердің тартылысы болмас еді, біз электр энергиясының не екенін білмес едік, ал бір плюс бір екі болмас еді. Əлемнің бұл заңдары əрдайым жəне барлық жерде қолданылады. Олар сенімді әрі тұрақты, сонымен бірге ешқашан өзгермейді. Сіз оларға кез-келген жағдайда сене аласыз: олар əрқашан мүлтіксіз жұмыс істейді. Басқаша айтқанда, ғалам сізді ешқашан сол заңдылықтардан босатпайды. Сіздің бойыңыз, салмағыңыз, жасыңыз, жынысыңыз жəне діни көзқарасыңыз ол заңдылықтар үшін маңызды емес. Бұл күш немесе энергия (өзіңіз қалағандай атасаңыз болады) барлығына бірдей əділ жəне бейтарап (ешкімді бөліп-жармайды), ал оның позитивтілігі немесе негативтілігі тек өз ойларымыз бен сенімдерімізге байланысты. Ал сенім біздің күнделікті сөйлеп жүрген (өзімізбен/өзгемен) сөздерімізге байланысты!

Поделиться

Добавить комментарий

Прокрутить вверх