СІЗ ҚАНША ҚАБЫЛДАЙ АЛАСЫЗ?
Маңызды сұрақ туындайды: сіз қанша ақша ала қабылдай аласыз? Адамдар əртүрлі, біреуде ақша көп, бірақ барлық ақшасымен не істеу керектігін білмейді, ал біреуге əрқашан жеткіліксіз, табу жолын білмейді. Бірінші жəне екінші адам бір-бірінен несімен ерекшеленеді? Көптеген адамдар бір күні көп ақша алғаннан кейін, олар өмір бойы өздерін қамтамасыз етеміз деп ойлайды. Бұл мүлдем олай емес. Тəжірибе көрсеткендей, адамның қолына «өзі таппаған» үлкен ақша түскен кезде, мысалы, лотерея ұтып алу немесе мұра алу, олар əдетте екі жылдан кейін өзінің бұрынғы қаржылық жағдайына оралады. Ол осы ақшаның көмегімен шоттарды төлейді, қарыздарын өтейді жəне қайтадан өмір басталады деп ойлайды. Бірақ бұлай ешқашан болмайды. Үлкен ақша ұтып алғандардың 90 пайыздан астамы жеңіске жеткенге дейінгі жағдайына қайтып оралады. Олардың тұрмыс деңгейі тез көтеріліп, тез төмендейді себебі байлық олардың миында емес қолында болатын.
Іс жүзінде ештеңесі жоқ адам кенеттен сəттілікке ие болған кезде, ол онымен бөліскісі келмейді. Егер біз барлық планетаның байлығын тұрғындардың арасында тең бөлсек, көп ұзамай байлар қайтадан байып, кедейлер қайтадан кедей болады. Кедей сияқты ойлау, кедейді бастапқы жағдайына қайтарады, тіпті қолына оған тым көп ақша тисе де. Ол өзінің психологиялық жайлылық аймағына оралу үшін бəрін соңғы тиынға дейін жұмсайды, сосын ноль болады. Бай сияқты ойлайтын шылқыған байдан барлық ақша мен мүлкін тартып алыңыз, ол оны қайтадан жасап алады және өзінің психологиялық жайлылық аймағына оралады. Байлық əмияннан, банктік шоттан немесе инвестициядан емес, ойлардан басталады. Мұның бəрі себеп емес, нəтиже. Адамның қаржылық жағдайы оның ақшаға қатысты сенімдеріне байланысты. Адам ақшасы болғандықтан бай емес. Оның ақылында байлық туралы дұрыс көзқарас болғандықтан оның ақшасы көп. Мен қайталаймын, дəл осы себептен байлар əрқашан бай болады, ал кедейлер ойларын өзгертпейінше одан сайын кедей бола береді.
БАЙЛЫҚТЫ КӨБЕЙТУ ҮШІН «ТҰҚЫМ» АҚШАСЫ ҚАЖЕТ