Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім

Сіздің өміріңізге молшылық ағысын арттыру үшін қабылдауды үйрену өте маңызды. Біз қанша берсек, сонша аламыз, сондықтан қанша алғымыз келсе, сонша беруіміз керек. Көптеген адамдар бұл маңызды сəтті елемейді. Қабылдауды үйрену оңай сияқты көрінеді, ақшаны алғанды кім жек көреді? Бірақ алушы берушіге қарағанда осал. Беру арқылы біз жағдайды басқарамыз, ал алу арқылы керісінше бақылауды жоғалтамыз, себебі біз тепе-теңдікті сақтай алмай әрдайым бергеннен гөрі көп алғымыз келіп тұрады.

Сізге комплимент жасалды делік. Сіз оған қалай қарайсыз? Егер сізге «Маған сіздің костюміңіз ұнады» десе, не деп жауап бересіз? Мүмкін: «Бұл ескі костюм ғой. Мен оны бірінші жыл киіп жатқан жоқпын». Егер біреу сіздің тағамыңызды мақтаса, сіз: «Ойбай, қиын ештеңе жоқ. Жай ғана араластыра салғаным ғой»? Комплименттерге реакцияңызды мұқият талдаңыз. Оларды қабылдауға үйреніңіз, өйткені олардың көмегімен басқалар бір нəрсе беру мүмкіндігін жүзеге асырады яғни сізге алғыс айтады не мақтайды, бірақ сіз қабылдамайсыз. Жалпы алғанда, біз бір уақытта аламыз жəне керісінше. Беріп жатсақ, алып жатамыз, алып жатсақ беріп жатамыз. Сізге берілген барлық нəрсені оңай қабылдай білу сізге молшылықты тартуға көмектеседі. Сізге жақсы нəрсе ұсынылған кезде бас тартпаңыз. Егер сізге сыйлық берілсе, оны қабылдаңыз жəне жай ғана рахмет айтыңыз. Егер мейрамханада басқа біреу шотты төлегісі келсе, оның ізгі амал істеуіне қарсы болмаңыз, дау айтпаңыз. «Рахмет» деп айтыңыз жəне адамға жақсылық қимылын жасауға, «беруге» мүмкіндік беріңіз. Əйтпесе бұл процесс тоқтайтын болса адамзат рухани құрдымға кетеді. Сыйлықтар туралы қате түсініктерден арылыңыз. Олар сізді осал немесе міндетті ететінін ұмытыңыз. Егер сізге ұнамайтын немесе қажет емес нəрсе берілсе, ол сізге ұнайтындай көңіл білдіріңіз. Өзіңіз де сыйлық беріңіз. Бұл жағдайда бəрі жеңеді. Сіз сыйлықтан бас тарту арқылы, сіз молшылық ағынын тек өзіңізге ғана емес, сыйлық берушіге де тоқтатып жатырсыз. Өзіңізге ғана жамандық жасамайсыз, басқаға да жамандық жасайсыз. Сіз өзіңіз сыйлық жасаған кезде, оны қабылдағанын қалайсыз ба? Есіңізде болсын: сіз бере алмай, ала алмайсыз, ала алмай бере алмайсыз. Сыйлық ала отырып, өзіңізге донор табасыз, беру жəне алу циклін аяқтауға көмектесесіз деп ойлаңыз.

Поделиться

Добавить комментарий

Прокрутить вверх