БІЗ САЛДАР ЕМЕС, СЕБЕППІЗ
Шындығында, біз бәрін өзіміз жасаймыз, яғни өзіміздің қаржылық жағдайымызға себепкерміз. Біз өз байлығымыз бен кедейлігіміз үшін жауап береміз. Сондықтан ең бірінші жауапкершілікке деген көзқарасты өзгерту керек, байлық туралы дұрыс түсінік қалыптастыру керек. Егер біз өзімізді қаржылық жағынан сəтсіз сезінетін болсақ, онда біз ақша мен байлық туралы жағымсыз, теріс, негативті ойлар туралы ойлағандықтан ғана. Біз қиялда кедейліктің құбыжығын жасаймыз жəне ерте ме, кеш пе ол бізге шабуыл жасайды. Кедей жəне ұтылған адамның ойлау қабілетін қалыптастыра отырып, біз өзімізді байып кету мүмкіндігінен айырамыз.
Біздің өміріміз – ішкі əлемнің салдары. Елестетіп көріңізші, ғалам – бұл біздің ойларымызды, тілектерімізді үнемі бастырып отыратын үлкен принтер. Біздің қателіктеріміздің себебі біздің болмысымыздың кемшіліктерінде емес, білместік пен надандықта. Егер солай болса, онда біз осы надандықтан арылуға жəне өзіміз туралы жəне өмір туралы шындықты білуге мақсат қоюымыз керек. Біз өз əлеуетімізді толық іске асыруға, бұл жағдайда – қаржылық əл-ауқатқа қол жеткізуге кедергі келтіретін кез келген наным-сенімнен, ой-пікірден жəне жаңылысудан бас тартуымыз керек.
АҚША ТУРАЛЫ ОЙЛАР
Материалдық əл-ауқат туралы ойлар біздің менталитетімізде басым жəне олар жағымды да, мазасыз да болуы мүмкін. Ақша сізді бақытты етпейді, бірақ олардың көмегімен сіз бақытсыздыққа əкелетін көптеген нəрселерден арылуыңызға болады. Ақша əрқашан сіздің өміріңізде маңызды рөл атқарады, сіз оны қалайсыз ба, жоқ па. Көп жағдайда өмір сүру деңгейі соған байланысты, өйткені ол еркіндік береді. Сіз кедейліктен зардап шегіп, қаржылық қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін немесе осы қиындықтарды жеңу үшін, шығармашылық қабілетіңіз бен ішкі күштеріңізді пайдалана аласыз. Əлем халқының едəуір бөлігі жан сақтау үшін күресуде, кедейліктен зардап шегуде. Адамдар отбасын асырау үшін жалақыдан жалақыға дейін өмір сүреді. Ересектердің көпшілігінің, созылмалы стресстің себептері тізімінің басында қаржылық қиындықтар тұрады. Ақшаға байланысты үнемі алаңдаушылық моральдық жəне денсаулыққа нұқсан келтіреді. Егер ақша біздің өмірімізде денсаулықты бұзуға, қарым-қатынасты бұзуға, өмірдің мәнін бұзуға, бақытты жоғалтуға дейін қабілетті болып, үлкен рөл атқарса, онда қаржылық əл-ауқатқа қол жеткізу біз үшін бірінші кезектегі міндет болуы керек. Кез-келген адам бай бола алады. Бай болу дегеніміз – қаржылық жағдайыңызға риза болу, көбірек болуға деген ұмтылысты сезінбеу, үнемі қысым көрсететін ақша проблемаларынан аулақ болу. Егер бұл проблемалар сіздің психикалық тепе-теңдігіңізге немесе отбасындағы үйлесімділікке қауіп төндірсе, дəл қазір бір нəрсе жасауыңыз керек! Еңбек, жұмыс, кəсіп?