Мақсаттарыңыз бен растамаларыңыз туралы, тек олар туралы білуі керек немесе оларды тезірек жүзеге асыруға көмектесетін адамдарға ғана айтыңыз. Біз бірінші кезекте жеке мақсаттар туралы айтып отырмыз. Егер біз топтық туралы айтатын болсақ, онда оның мүшелері ортақ мақсаттар қоюмен бірге айналысуы керек. Біздің көпшілігімізге мақсат қоюға жəне олар туралы айналасындағыларға айтуға үйретілді, содан кейін артқа бұрылу ұят болды. Менің ойымша, мұндай тəсіл тиімсіз, өйткені бұл жағдайда мақсат міндеттемеге, жүктемеге, қысымға айналады. Стрессті, шиеленісті, алаңдаушылықты, уайым мен қорқынышты тудырады. Егер сіз өзіңіздің мақсаттарыңыз бен растамаларыңызды құпия ұстасаңыз, айналаңыздағы адамдар сізді керісінше көндіруге немесе тоқтатуға мүмкіндігі аз болады. Əрине, олар сізге «кеңестерді» тек «сіздің пайдаңыз үшін» береміз деп сендіреді. Сенбеңіз! Басқалардың кеңестері олардың өмір туралы ой-пікірлеріне негізделген, бірақ олар сіздікі емес. Өз мақсатыңызға жеткеннен кейін, орындалғаннан кейін бірақ айтыңыз, солай сізге ешкім дым дей алмайды, себебі сіз дәлелдедіңіз. «Міне, мен… жасайын деп жатырмын» дегеннің орнына «Міне, мен… жасадым» деп айтыңыз. Бұл сізге Растауды таңдауда толық еркіндікті қамтамасыз етеді жəне келесі мақсаттарыңызға жетуге толық көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
ДҰРЫС ЕМЕС РАСТАУДАН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ?
Бұрын біз басқалар үшін бір шынайы ой-пікір (сөз) айту мүмкін емес екендігі туралы əңгімелестік, өйткені біз олар үшін не жақсы екенін біле алмаймыз. Жалпы алғанда, біздің жеке растау туралы да солай айтуға болады. Кейде біз өзіміз үшін ең жақсы нəрсені білеміз деп ойлаймыз жəне өзімізді дұрыс сезінеміз. Кейде біз өзімізге жақсылықтан гөрі көп зияндық келтіреміз. Растаудың зор күші бар екенін ұмытпаңыз жəне ол сіздің өміріңізге үнемі ойлайтын, әсерлі эмоциялар тудыратын нəрсені ғана тартады. Егер сіз үнемі қайталайтын растау сіздің жақсы, оң, жағымды, позитивті сөздерге сəйкес келмесе ше? Онда бейсанаға бекітілген нəтиже керісінше болады. Сондықтан дұрыс емес растаудан сақтану керек. Əрбір растау үшін Мен келесі сөйлемді қосамын: «Мен өмірдегі ең жақсы нəрсені қабылдаймын. Қайырлы және берекелі болғанын қалаймын. Өмірде ешнарсеге өкінбеймін. Мен бақытты болуға шешім қабылдадым». Бұл маған көмектеседі. Осылайша, растау зиян тигізбейді жəне қосымша мүмкіндіктер береді.