Ежелден бері барлық ұлы тəлімгерлер біздің көзімізді бір қарапайым шындыққа ашуға тырысты: біз өз шындығымызды (өзімізді, өмірімізді) өзіміз жасаймыз. Сонымен қатар, біз өмірімізде болып жатқанның бəріне – жақсы мен жаманға, қуанышқа, қайғы-мұңға, сəттілік пен сəтсіздікке толық өзіміз ғана жауап береміз. Егер біз өз проблемаларымызға қандай да бір сыртқы факторларды кінəлайтын болсақ, онда біз əрқашан өзіміздің ішкі əлемімізден тыс шешімдерді іздейміз. Бақытты сырттан басталады деп ойлаймыз. Бірақ біздің сұрақтарымызға объективті (әділ) жауап табу үшін біз өзімізге, өзгеге, өмірге, Құдайға жаңа ж/е дұрыс көзқараспен қарауымыз керек, бірақ бұл бізді өзімізбен немесе басқа көзқарастағы адамдармен конфликтіге апармауы керек. Адам тек шынайы табысқа (рухани пайдаға) ұмтылған кезде ғана өмірдің дұрыс ақиқатын көруге мəжбүр болады.
Сыртқы əлем көбінесе ішкі əлемнің көрінісі (салдары) болып табылады жəне сіз мұны түсінуіңіз керек. Миллиондаған адамдар қиын жағдайға тап болып, бұл аспектіні мүлдем ұмытып кетеді. Егер сіз сыртқы əлемнен ғана шешім іздесеңіз, ешқандай табандылық, ерік-жігер, шабыт, мотивация, проблеманы шешуге көмектеспейді.
ҰҚСАСТЫҚ ЖӘНЕ ТАРТЫЛЫС ЗАҢДЫЛЫҒЫ
Біздің өмірімізде болып жатқанның бəрі мына негізгі заңның біріне бағынады, онда былай делінген: «Ұқсас ұқсасқа». Бұл «Ұқсастық Заңдылығы». Сіздің ішкі жан-дүниеңізге сіздің сыртқы ортаңыз сəйкес болады. Сыртқы айнала (ортаңыз) қандай болса, ішіңіз де сондай болады. Сізді бала кезден қалыптастырған сол сыртқы орта болатын. Сіз ұқсастық заңдылығымен өсіп, дамыдыңыз.
Ішіңіз қандай болса, сыртыңыз да (орта) сондай болады. Өзіңізге қарай, өмірден сіз не тартсаңыз (жақсылық пен жамандық, сәттілік пен сəтсіздік, байлық пен кедейлік т.б.), ол сізге қарай тартылады. Бұл «Тартылыс заңдылығы».