Муслим Хайрулла
Құран мағналары мен түсіндірмелерінің аудармасы. Бақара Сүресі
ТҮПНҰСҚАМЕН
ҮНДЕСКЕН ТУЫНДЫ
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Құранды аударуға екінің бірі тәуекел ете бермейді. Қанша жерден діндар, қанша жерден ғұлама болса да Құран мәнін түйсіну, оның сырларын толық мәнінде ашу әсте мүмкін емес. Сондықтан Құран аудармасын, қаншалықты жетік аударма болса да, Құранның өзі, яғни Алланың кәләмі деп қабылдауға болмайды. Дұрысы, осы аудармада да атап өтілгеніндей, Құран мағыналары мен түсіндірмесінің аудармасы.
Бағымызға қарай қазақ тіліндегі мұндай аудармалар қатары жыл санап артып келеді. Рас, ала-құлалыққа да жол берілгендігін жоққа шығара алмаймыз. Алайда, әрқайсысының өзіндік жетістігі бар екендігін де мойындауға тиістіміз. Бірі – түпнұсқаға жақындығымен ерекшеленсе, екіншісі – көркем тілі арқылы оқшауланады. Үшіншісінде – діни таным басым. Ал біз қолға алып отырған Мүслім Хайрулланың аудармасы – өзге аудармалардан бөлек, өзінше бір әлем. Сондықтан бұл аударма бағасын біз емес, бізден гөрі аузы дуалы дін ғұламалары бірінің бергенін қалаған едік. Сол оймен кітаптың қолмен түптелген бір нұсқасын аялай ұстап Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасына да бас сұқтық. Бірнеше білікті мамандар алдынан өттік. Құтты болсын айтып, тілеулестік білдіріп баталарын беріп жіберді. Дербісәлі ағамызға да телефон шалып пікірін сұраған едік. Бұрыннан тонның ішкі бауындай жақын жүретін ағамыз бірден-ақ оң пейіл танытты. Әйтсе де, не керек, баталы сөз айту еншісі өзімізде қалды.
Мүслім Хайрулла аудармасындағы басты ерекшелік – бұл аударма емес, құйылып түскен маржан сөз. Аудармада сөз тересің, сөз аңдисың, содан барып қисынсыз тіркестер, орашолақ сөйлемдер бой түзейді. Ал М. Хайрулла аудармасында ондай жанқинау жоқ. Оның жаны Құран аятымен үндесіп кеткен. Сондықтан әр сөйлем, сөйлем емес аят, әуезді әуенмен төгіліп түскен. Бұл – басты ерекшелік. Құран мақамының аудармада сақталуы – бұл енді нағыз шеберлік.
Құранды айтпағанда, жай көркем шығармалар аудармасының өзіне көңіліміз тола бермейді. Ондай аудармалармен біз күнделікті жұмыс барысында ұдайы кездесіп тұрамыз. Мүслім ұсынған Құран аудармасын қолға алғанда сондай күмәннің болғаны рас. Алайда, «біссміллә» деп Құран беттерін парақтай бастағаннан-ақ ол ойдан айныдық. Қайталап айтайық, бұл аударма емес, құдірет қалауымен төгіліп түскен туынды. Бұл – біз ұғына бермейтін, сырын ішіне бүккен құпиялы Құран тылсымының қазақ тіліндегі бір көрінісі. Оқып көріңіз. Сіздің де дәп солай ойлайтының күмәнсіз.
Құдияр БІЛӘЛ,
жазушы, ҚР Мәдениет қайраткері,
Қазақстан Мұсылмандары
Діни Басқармасының алқа мұшесі
1-СҮРЕ.
ӘЛ-ФАТИХА.
БЕТАШАР.
Аса қамқор, ерекше мейірімді,
Алланың атымен!
1.
Барлық мактау – Аллаға, әлемдердің Раббысына1;
2.
Рақымды, мейірімді
3.
Қиямет Күнінің Әміршісі Ол ғана –
4.
Тек Саған ғана табынамыз1а,
Сенен ғана жәрдем тілейміз:
5.
“Бізді тура жолыңа сала гөр.
6.
Өзіңнің қайырымыңа бөленгеннің
Сала көрмеші, қаһарына ұшырағанның,
Және адасқанның жолына”.
2-СҮРЕ
ӘЛ-БАҚАРА2
Сиыр
Аса қамқор, ерекше мейірімді,
Алланың атымен!
1.
Әлиф – Ләм – Мим3.
2.
Міне осы Кітапта күдік жоқ,
Көрсетуші тура жолды,
Раббысынан қорыққаннан тақуа
болып жүргенге4.
3.
Көмеске сеніп5,
Намазына мұқият болып5а,
Кеңшілік етіп садақаны беретінге5ә,
Біз оған берген нәсіптен.
4.
Кім саған түсірілген (Кітапқа) сенеді,
Тағы сенен бұрын (елшілерге) түскендерге,
Кім Ақыретке нанады,
Әрі онда (ол жайында) күмән жоқ.
5.
Міне, солар Раббылары тарапынан,
Хақ жолда,
Солар ғана қуанышқа ие болар56 !.
6.
Ал кәпірлерге бәрі бір —
Үгітте, үгіттеме,
Олар (Аллаға) иман келтірмейді.
7.
Алла олардың бітеген,
Құлақтарын, жүректерін,
Көздерінде перде тұр,
Олар үшін зор қинау!
8.
Бірақ кейбірі екіжүзді (мұнафық):
“Аллаға, Ақырет күніне сендік”, —
дейді,
Бірақ жүректерінде иман жоқ.
9.
Алланы және иман келтіргендерді
алдай жақ.
Бірақ өздерін ғана алдағанын сезбейді.
10.
Олардың жүректерін дерт басқан,
Алла сол дерттерін қоздырар.
Өтірікшілер есебі –
Күйзелтуші азапта.
11.
Қашан да оларға:
“Жер жүзінде бұзақылықты
қылмаңдар”, делінсе,
Олар айтады:
“Жоқ біздер жақсылыққа ғана
шақырамыз”, – деп.
12.
Сақ болың!
Шын мәнінде олар бұзақылықты
ғана жайуда
Алайда олар түсінбейді6.
13.
“Иман келтіргендер сияқты,
Иман келтіріңдер”, – делінсе,
Айтар сөзі олардың:
“Надандар, ақымақтар сияқты
Иман келтірейік пе?” – деп.
Шын мәнінде олар білмейді,
Өздері ақымақ, адасушы екендерін!7
14.
Ал мүміндерге кездессе
Айтар сөзі олардың:
“Біз де иман келтірдік”, – деп,
Бірақ өз шайтандарымен оңашада8,
Олар айтады:
“Расында біз сендермен біргеміз,
Оларды тәлкек етіп жүрміз”, – деп.
15.
Алла азғындықта қаңғыртып
Ұшыратар оларды мазаққа.
16.
Олар тура жолды қисыққа
Айырбастап алғандар.
Саудалары пайдасыз!
Тура жолды таппайды.
17.
Олар от жаққан адам сияқты, —
Маңайын жап-жарық қылғанда,
Алла оны өшірді,
Қараңғылықта қалдырып,
Енді олар көрмейді.
18.
Саңырау, мылқау, соқыр болып,
Алла жолын таппайды.
19.
Әлде (тағы бір мысал9), —
Қараңғылықта күркіреп, жарқылдап
Аспаннан нөсерлете құйған жаңбырда,
Олар құлақтарын бармақтарымен бітейді,
Қорқып найзағайдан өлем деп.
Бірақ Алладан құтыла алмас имансыздар!
20.
Олардың көздері найзағайдан
шағылысады,
Оларға одан жарық болғанда,
Олар ұмтылады алдыға.
Қараңғы болып қалғанда,
Тұра қалады жылжымай.
Егер Алла қалағанда жояр еді
Олардағы есту, көру сезімін –
Өйткені, Алла күші толық,
әр нәрсеге жетуші!
21.
Әй, адамзат!
Құлшылық қылың Раббыларыңа,
Кім жаратты сендерді,
Әрі бұрын болғандарды!
Әрине, сақтанғаннан боларсыңдар.
22.
Кім сендер үшін,
Жерді төсек етіп жайды,
Аспандарды қорған қылып көтерді,
Көктен жаңбыр жаудырып,
Шығарды сендер үшін өсімдіктен ризықты.
Сондықтан біле тұра (Ақиқатты),
Аллаға серік қоспаңдар.
23.
Ал егер құлымызға
Біз түсіргенге күмән болса.
Онда осындай бір сүрені келтіріңдер,
Қалағандарыңды шақырып!
Егер сөздерің рас болса!
24.
Бірақ оны егер сендер қылмасаңдар,
Ал оны сендер сірә істей алмайсыңдар.
Оттан қорқыңдар – әзірленген кәпірлерге.
Отыны оның болады,
Тастар мен (бұзақы) адамдар.
25.
Иман келтіріп Аллаға,
Ізгі амал істеушілерді шаттандыр.
Кіреді олар Үжмаққа – өзендерді ағызған,
Оларға одан әр кезде ризық бергенде,
Олар айтады:
“Осы біздерге берілген еді ғой бұрын да”, – деп,
Ол сыртынан ғана ұқсас келеді10.
Оларға онда өте пәк жұбайлары бар,
Олар мәңгі онда болады.
26.
Алла тартынбайды мысал келтіруден –
Ол кішкентай ғана маса болсын11,
Мейлі, болсын ең қастерлі жаратылысы.
Ал мұміндер оны біледі,
Ол Раббыларынан (Ақиқат) деп,
Ал қарсы келгендер айтады:
“Алла бұл мысалмен не демек?” – деп.
Алла онымен көбісін салар адасуға,
Және көбісін тура жолға салады,
Тек бұзақыларды жолдан тайдырып.
27.
Аллаға берген уәдесінде тұрмаған,
Біртұтас болуға бұйырылғанды бұзып12,
Жер жүзіне бұзақылықты таратқан,
Рас, алданғандар, міне, солар13.
28.
Сендер қалайша сенбейсіңдер Аллаға?
Өлі едіңдер,
Ол сендерге жан берді14.
Өлтіріп, қайта тірілтеді соңыра.
Сөйтіп, қайта ораласыңдар, Келесіңдер,
Оның алдына тағы да.
29.
Ол – Сол, сендердің мұқтаждарың үшін
Дүниедегі бар нәрсені жаратты
Одан кейін аспанға (жаратуға) көңіл қойды.
Оны жеті қабат көк етіп реттеді.
Алла, расында, әр нәрсені білуші!
30.
Раббың сенің сол кезде періштелерге:
“Мен жерге,
Өз орынбасарымды қоямын”, – деді.
Сонда (періштелер) айтады:
“Олар, онда бұзақылыққа беріліп,
Қанды жерге төгеді,
Сонда да оны қоясың ба?
Ал біз Саған мақтау айтудамыз
әрқашан ұлықтап”, – деп.
Алла оларға:
“Сендер білмегенді, Мен білемін”, – деді.
31.
Алла Адаматаға үйретті,
Әр нәрсенің атауын15.
Одан кейін оларды көрсетіп періштелерге:
“Маған осы нәрселердің
атауларын айтыңдаршы,
(Сөздерің) егер болса рас”, – деді.
32.
Сонда періштелер айтты:
Біз гек Сенің үйреткеніңді ғана білеміз –
Саған мадақ, (Жаратушы Иеміз)!
Расында, Сен бәрін білушісің,
өте данышпансың!” – деп.
33.
Сонда, Алла: “Әй, Адамата!
Оларға мәлімде,
Бұл (нәрселердің) атауларын ”, – деді.
Ол оларды толық атап айтқанда,
Алла айтты оларға:
“Айтпадым ба сендерге,
Көктер мен жердің құпиясын,
білемін деп?
Маған бәрі мәлім сендердің
(Жүректегі) жасырғандарың
Әрі ашық жария қылғандарың” – деп.
34.
Сол сәтте періштелерге біз айттық:
“Адамға сәжде қылыңдар”, – деп.
Сонда бәрі сәжде қылғанда
Тәкаппар Ібіліс16 бас тартты,
Сөйтіп, қарсы келушілерден болды.
35.
Адаматаға айттық Біз сонда:
“Жаннатқа еркін кіріңдер!
Қалағаныңмен ризықтан,
Бірақ бұл ағашқа жолама,
Харам еткен Мен саған,
Жамандыққа ұшыратады”17, – деп.
36.
Бірақ залым Шайтан алдады,
Нығметтерден шығарды.
Алла айтты оларға:
“Шығыңдар сендер Жаннаттан,
Бір-біріңе қас болып,
Жер бетіне түсіңдер,
Сендерге онда ризық бар,
Мен белгілеген сәтке дейін”, – деп.
37.
Кейін Адамата Раббысынан
сөздер үйреніп17а,
Тәубе қылып жалбарынды.
Алла қабыл етті тәубесін!
Өйткені, қабылдаушы тәубені
Ерекше мейірімді бір Алла!
38.
Сонда айттық Біз:
“Шығыңдар сендер бұл жақтан!
Менен хабар келгенде.
Оған ерген адамда,
болмайды қорқыныш сезімі,
Қайғырмайды ешқашан.
39.
Бірақ қарсы келгендерді,
Біздің аяттарды өтірік дегендерді,
Тозақ отына саламыз,
Онда мәңгі қалады олар”, – деп.
40.
Әй, Исраиль ұлдары!
Естеріңе алыңдар, рақымымды сендерге.
Серттеріңде тұрындар18,
Мен де тұрамын уәдемде,
Менен ғана қорқыңдар.
41.
Мен (қазір) түсіргенге19
Растау үшін сендердегіні.
Бойсұнып сеніңдер,
Оған алғашқы қарсы
Келгендерден болмандар,
Менен келген хақ Сөзді,
Аз бағаға сатпаңдар.
Менен ғана қорқындар.
42.
Хақ екенін біле тұра,
Жалған етіп шығармаңдар.
Жасырып қалуға тырыспаңдар.
43.
Ие, болыңдар намазға,
Зекет төлеуін беріңдер,9а,
Әрі бас иіңдер,
Маған бас игендермен бірге20.
44.
Басқаларға игілікті бұйырып,
Ал өздерің оны ұмытасыңдар ма,
Раббы Кітабын құрметтеген бола тұра,
Қалайша түсінбейсіңдер осыны?
45.
Өздеріңе шақырыңдар жәрдемге
Сабыр21 мен намазды.
Расында, намаз ауыр соғады
Тақуалар мен мүміндерден басқаға.
46.
Нақ сенетін Раббысына қайтарына,
Оған (мәңгілікке) оралып.
47.
Әй, Исраиль ұлдары!
Естеріңе алыңдар.
Рақымымды сендерге
Басқа елден үстем еткен.
48.
Әрі қорқыңдар сол күннен –
Ешбір жан болыса алмайтын,
Шапағат кабыл болмайтын,
Әрі (күнәға) бодау алынбайтын,
Ешкімге жәрдем етілмейтін.
49.
Мынаны (еске алындар):
Біз сендерді Перғауыннан
Әрі оның сыбайластыларынан
құтқарғанымызды.
Сендерге соншалықты ұзақ уақыт
Жаман зорлық көрсеткен –
Ер балаларыңды өлтіріп,
Әйелдерді ғана тірі қалдырып,
Сол – сендерге зор сынақ еді Алладан.
50.
Тағы (еске алындар):
Құтқару үшін сендерді,
Біз теңізді қақ жардық
Сөйтіп көздеріңнің алдында
Перғауынды әскерімен батырдық.
51.
Және (еске алындар):
Белгіледік Біз Мұсаға22 қырық түнді,
Ал сендер оның артынан
Бүзауды тәңір қылдыңдар,
Батып сонымен ауыр күнәға.
52.
Сонда біз сендерді кешірдік
Тәубесіне келсін23 деп.
53.
Мынаны (еске алыңдар):
Мұсаға бердік Біз –
Ажырата білуді және Кітапты24,
Тура жолмен сендер жүрсін25 деп.
54.
Мынаны (еске алыңдар), қалай:
Мұса еліне айтты:
“Ей, менің жұртым!
Расында, бұзауды тәңір етумен,
Өздеріңе қастық қылдыңдар.
Ал енді шынайы өкініш түрінде
Тәубе етіңдер, Жаратушы Иелеріңе,
(Бұл күнәларың үшін) өздерің
Өздеріңді өлтіруге тиістісіңдер26,
Сөйтсендер – Жаратушының қасында
Сендер үшін қайыр бар”, – деп
Сонда да Алла қабыл етті тәубені.
Өйткені, қабылдаушы тәубені
Ерекше мейірімді бір Алла!
55.
Мынаны (еске алыңдар):
Сендер айттыңдар Мұсаға:
“Ей, Мұса! Саған сенбейміз,
Көрмейінше Алланың біз жамалын”27,
– деп.
Бірақ найзағай мен ащы дауыс,
Төбеден түсіп жайратты сендерді –
Соған куә болдыңдар өздерің.
56.
Сосын қайта тірілттік
Өліп қалған сендерді,
Бізге шүкір қылар деп.
57.
Кейін көлеңкеледік сендерді бұлттармен
Ризықтадық мәннамен және бөденемен:
“Жақсы аспен тамақтаның
Біз нәсіп еткен сендерге ”, – деп.
Бірақ (айтқанға көнбей),
Олар Бізге зиян ете алмады –
Өз жандарын залалға ұшыратты.
58.
Мынаны еске алындар,
Біздің (сендерге) айтқанымызды:
“Кіріңдер де осы қалаға28
Онда барымен рахаттанып ризықтаныңдар.
Бірақ кірерде қақпасына оның бас иіп:
“Алладан (кешірім) тілеймін” деңдер,
Сонда Біз күнәларынды кешіріп,
Игілердің арттырамыз несібін”, – деп.
59.
Бірақ ауыстырды залымдар,
Өздеріне айтылған сөзді басқаға.
Сонда біз оларға көктен азап тусірдік,
Болғаны үшін бұзақы.
60.
Мынаны еске алыңдар, Мұсаның қалай,
Жұрты үшін су тілегенін,
Сонда Біз:
“Сен асатаяғыңмен жартасты ұр!” – дедік.
Сонда сол жартастан,
Он екі (мөлдір) бұлақ20 атқылады,
Сөйтіп әр тайпа өз суатын белгіледі, —
Жеңдер, ішіңдер, Алла берген несіптен
Бұзақылық қылып жүрмеңдер.
61.
Мынаны еске алыңдар,
Өздерің айтқан:
“Ей, Мұса! Қашанғы жейміз біртағамды,
Жалбарыншы сен Раббыңа,
Бізге жерде өсетін көкөністен берсін деп,
Қияр мен бұршақты, сарымсақты шығарсын”, – деп.
Сонда Мұса айтты оларға:
“Қалайша сендер айырбастап аласыңдар,
Сапалы бұл нәрсені сапасы жоқ нәрсеге?
Бір қалаға30 барсаңдар
Онда қалағандарыңды табасыңдар”, – деп.
Сөйтіп өздеріне Алла ашуын шақырып,
Олар тап болды жоқшылық пен қорлыққа.
Бұның бәрі оларға,
Алла аяттарын жоқка шығарып
Оның пайғамбарларын еш жазықсыз,
өлтіргені үшін31
Қарсы келіп, барлық шектен шыққаны үшін32.
62.
Шындығында (Құранға) иман келтіргендер,
Яһудилер, назорейлер-3 мен сәбейлер34 –
Аллаға және Ақырет Күніне сенгендер,
Жасап жақсы амалдарды,
Сыйлық алар Алладан,
Оларда еш қорқыныш болмайды,
Әрі олар қайғырмайды.
63.
Мынаны еске алындар:
Біздің сендерден уәде алғанымызды Тауды35
Көтеріп айтканымызды:
“Біз сендерге түсіргенге36 берік болыңдар,
Сендер (ашылған сырды) есте сақтандар,
Сонда бәлкім тақуа боларсыңдар”, – деп.
64.
Бірақ одан кейінде сендер жалтардыңдар,
Соңда Алланың сендерге деген
Қайырымы болмаса,
Әлбетте ұшырар едіңдер зиянға.
65.
Рас, сендер білесіндер,
Сенбінің37 қағидасын бұзғандарды.
Біз айттық оларға: “Маймылға айналындар,
Жиіркенішті, қор болған”, – деп.
66.
Бұл жазаны Біз үлгі қылдық,
Сол елге және ұрпақтарына,
Әрі сақтанғанға өсиет.
67.
Мынаны еске алыңдар,
Мұсаның қалай өз жұртына айтқанын:
“Алла сендерге сиырды бауыздауға38 бұйырды”, – деп.
Сонда олар айтты:
“Бізді мазақ етіп тұрсың ба?” – деп.
Ол айтты: “Алла мені сақтасын,
Ақымақтардан болудан! – деп.
68.
Сонда олар айтты:
“Біз үшін жалбарыншы Раббыңа,
Ол сиыр қандай болуы тиіс”, – деп.
Ол айтты:
“Ол кәрі де емес, жас та емес,
Орта жасар болсын, – деп, —
Алла айтты сендерге,
Ал енді орындандар үкімді”, – деп.
69.
Сонда да олар айтты:
“Біз үшін жалбарыншы Раббыңа,
Ол сиырдың түсі қандай болсын”, – деп.
Мұса айтты: “Ол сарғыш түсті, дағы жоқ
Көрген көзді қуантатын болсын, – деп, —
Алла айтты сендерге”
70.
Олар айтты:
“Біз үшін жалбарыншы Раббыңа,
Қандай болсын ол сиыр,
Өйткені ұқсас сиыр көп екен,
Тек қалауымен Алланың
Дұрыс тандау жасармыз”, – деп.
71.
(Мұса) айтты оларға: “Ол сиыр
Жер жыртуға, су тасуға жегілмеген,
Теңбілі жоқ оның, болсын кіршіксіз”, – деп.
Сонда олар айггы:
“Міне, енді келтірдің шындықты”, – деп.
Сосын бауыздады сиырды,
Құлықсыз, әрең жүріп орындап.
72.
Мынаны (еске алыңдар), қалай
Сендер өлтіріп болып тірі жанды,
Өзара жанжалдасып тартыстыңдар.
Бір-бірінді “жауыз” деп айыптап,
Сонда құдіретімен Алланың
Жасырғандарың айқын болды.
73.
Біз айттық:
“Сиырдың бір мүшесін алыңдар да,
Өлікті сонымен қағындар”, – деп.
Алла солай тірілтеді өлгенді,
Әрі Өз белгілерін көрсетеді
Сендер ақылға келсін деп.
74.
Енді сол заманнан бері
Қатыгез болып жүректерің қатайды,
Тіпті тас сияқты,
Әлде одан да қаттырақ –
Бірақ тастың да түрі бар:
Кейбірі – бұлақ суын шығарады,
Енді бірі бөлініп өзендерді ағызады.
Алайда тастар арасында, әлбетте,
Алладан қорқып қирайтындары бар.
Әрі Алла бейхабар болып қалмайды,
Жасаған істеріңнен сендердің.
75.
(Әй, мұсылмандар!):
Сендер үміт үзбей жүрсіндер ме,
Олар (үгіттеріңе) сенер деп,
Олардың арасында болған кезде
Алла сөзін естігендер,
Олар оны ұғынып болып
Мағынасын оның (қасақана)
Біле тұра өзгертті.
76.
Мынаны (еске алыңдар):
Имандыларға кездескенде олардың:
“Біз де иман келтірдік”, – деп айтқанын.
Ал өзара оңаша қалғанда:
“Сендерге Алла
(Кітапта) берген шындықты,
Оларға айтуларың керек пе,
Мүмкіндік беріп оларға,
Раббылары алдында дәлелдеуге сендерге.
Соны неге түсінбейсіндер?” – деп.
77.
Қалайша, олар білмегені ме,
Алланың анық білетінін,
Олардың (әдейі) жасырғанын ішінде,
Әрі (арам оймен) ашқанын?
78.
Олардың арасында бар надандары,
Кітаптан мүлдем бейхабар,
Онда өзіне қалағанын ғана көреді,
Әрі тек болжау ғана жасайды.
79.
Қарғыс болсын, Кітапты жазғанға
Сол бір (пасық) қолдарымен,
(Раббы сөзін өзгертіп),
Кейін адамдарға айтады:
Бүл Алладан түскен”, – деп,
Сосын саудаласып. өткеніне сататын.
Қарғыс болсын, оларға.
Өз колдарымен жазғаны үшін,
Одан пайда табам деп.
80.
Олар айтты:
“Тозақ оты күйдірмейді бізді” – деп.
Ал күйдірсе де аз бір уақыт39
бөгейді”,– деп.
Сұра олардан: “Алладан уәде39а алдындар ма?
Ол Өз уәдесін бұзбайды,
Әлде Аллаға жабасындар ма,
Өздерің білмеғен нәрсені?” – деп.
81.
Әлбетте, пайда көргендер жаманнан,
Күнәға толық батқандар.
Олар – Оттың тұрғындары
Онда қалар мәңгілікке.
82.
Бірақ кім иман келтіріп,
Жақсы амал жасаса,
Ұжмақтық болады,
Онда мәңгі жасайды.
83.
Мынаны еске алындар, қашан
Исраиль ұлдарына
Біз Өсиет еттік:
Алладан басқаға құлшылық қылмауды,
Әке-шеше, жақын-тума, жетімғе,
Міскіндерге қарайласуды,
Әдеппен сөз сөйлеуді,
Толық намаз оқуды,
Сосын зекет беруді.
Сонда сендер бас тарттындар,
өте азыңнан басқасы,
(Біздің Өсиеттен) тайдындар.
84.
Мынаны еске алыңдар, қашан
Біз сендерге Өсиетті түсірдік:
(Өз бауырларыңның) төкпендер қанын дедік,
Бір-біріңді сыртқа теппеңдер дедік
Осы (Өсиетке) сендер серт бердіңдер,
Өздерің оған куә болып.
85.
Содан кейін,
Бір-бірінді өлтіріп,
Басқаларды өз үйлерінен қуалап
Жауыздық пен дұшпандықты
бір-біріне қостыңдар40.
Ал егер тұтқын түссе,
Оларды сатып алып41
құтқарасыңдар.
Негізінен (Өсиет) бойынша, қудалауға
Тиым салынған еді сендерге.
Сол Кітаптың кей сөзіне
Қалайша сене отырып,
Басқасына қарсы болып шығасыңдар.
Қандай болар жазасы,
Ондай бұзақы болғандарға?
Бұл дүниесі жамандық пен
Қорлық көру болады,
Ал Қияметте зор қинау,
Алла бейхабар қалмайды,
Істеріңнен сендердің.
86.
Олардың бәрі, бұл дүниенің қызығына,
Ақыреттерін сатқандар,
Олар қорланып азапталады,
Оларға көмек те берілмейді.
87.
Біз Мұсаға (Ашылған сырлар),
Кітабін бердік.
Одан кейін де, елшілерді жібердік.
Біз Марйам ұлы Исаға42 анык
Уахи бердік,
Қасиетті Рухпен оны қуаттадық.
Бірақ әрқашан – сендер емес пе,
Пайғамбарлар әкелсе,
Көңілдерің қаламаған нәрсені,
Боласыңдар тәкаппар.
Өтірікші деп біреулерің –
Қинап өлтіріп басқаларын.
88.
Олар айтады:
“Жүрегімізде перде бар,
(Тек бізге түскенді сақтаушы)”, – деп.
Жоқ, олар кәпір болған үшін,
Алла қарғысына ұшырады,
Қаншалықты, сенімдері аз ғана!
89.
Алладан Кітап оларға келгенде,
Олардағы барды растау үшін42а,
Бұрын кәпірлерге қарсы,
Жеңіс тілеген бола тұра,
Ал енді келген кезде оларға,
Танытылған Тәуратта өздері оны білетін42ә
Оған қасарысып сенгілері келмейді.
Кәпірлерге Алладан қарғыс болады!
90.
Нендей жаман бағаға,
Олар сатты иманын –
Қызғаныштан, күйінгеннен,
Шықты олар қарсы болып,
Мойынсұнбай Раббылары жібергенге.
Оны Алла рақым етіп,
Қалаған құлына түсірді,
Олар ашу үстіне ашу қосып,
Шақырады, өздеріне пәлені,
Кәпірлерге, қорлаушы азап бар.
91.
Қашан оларға:
“Алла түсіргенге Иман келтіріңдер”,
– делінсе,
Олар айтады:
“Біз иман келтіреміз
Өзімізге ғана түсірілгенге ”, – деп,
Еш кейін түскенді қабылдамай,
Ол Ақиқаттын, нағыз өзі болса да.
Айт оларға:
“Егер айтқандарың рас болса
Алладан келген елшілерді
Неге өлтірдіңдер бұрындары?” – деп.
92.
Мұсаны анык мұғжизалармен жібердік,
Сонда да, бұзауды тәңір етіп алдыңдар,
Залым болып, қасарысып.
93.
(Мынаны еске алыңдар):
Бастарыңа (Ат-Тур) тауын көтеріп:
“Бергенімізге берік болып,
Айтқанымызға құлақ салыңдар”,
– дегенімізді.
Ал сендер:
“Естідік, бірақ бағынбаймыз”, – дедіңдер –
Салдарынан бұзақы,
Бұзауға жүректеріңді бердіңдер.
Оларға айт: “Имандарың сендердің
Бұйырды сендерге, қандай жаман нәрсені,
Әлі жүректеріңде тірі болса сол иман”.
94.
Айт оларға:
“Егер сендерге ғана – әрі ешкімге басқа,
Алла қасында.
Ақыретте орын болмаса,
Онда тілеңдер өздеріңе өлімді,
Айтқандарың рас болса’, – деп.
95.
Бірақ, олар тілемейді өлімді
Қылмыстары себепті,
Қолдарымен өздерінің істеген,
Алла анық біледі, залымдарды бұзақы.
96.
Әлбетте. Сен көресің олардың
Құмарлығын өмірге,
Барлық адамдардан асады,
Тіпті мүшріктерден43 де асады.
Әрбіреуі олардың,
Мың жыл өмір қалайды,
Алайда ұзақ өмір болса да,
Олар құтылмайды азаптан,
Алла толық көреді,
барлық істерін олардың.
97.
(Әй, Мұхаммед) айт оларға:
“Кім дұшпан болса Жәбірейілге44
(Дұшпан болады Аллаға),
Өйткені, ол Алла бұйрығы бойынша,
Бұрынғыларды растаушы,
Көрсетуші тура жол,
Барлық мүміндерге қуанышты хабарды,
Сенің жүрегіңе қондырды.
98.
Кімде кім дұшпан болса Аллаға,
Оның елшілері мен пепіштелеріне.
Сондай-ақ Жәбірейіл мен Микәйілге45.
Әлбетте,
Алла дұшпан болып шығады,
Барлық діннен безген кәпірлерге.
99.
Расында, саған, ашық аяттар түсірдік,
Оған бұзақылар ғана сенбейді.
100.
Әрқашан олармен уәде бекітілсе,
Әрдайым олардың арасынан табылады,
Оны бұзып кететіндері.
Өйткені олардың көбі сенбейді Аллаға.
101.
Алланың елшісі келген шақта
Олардағы (Кітапты) растау үшін,
Бір бөлімі, Алла Сөзін алғандардың,
Алла Кітабынан теріс айналды,
Тіпті мүлдем оны білмегендей46.
102.
Кетті соңынан ілесіп Шайтанның,
Жала жауып патшалығына
Сүлейменнің47.
Бірақ Сүлеймен (қарсы келмеді)
Көрсетпеді сиқырды,
Имансыз болған шайтандар,
сиқырлыкқа үйреткен.
Тағы Бабылдағы,
Харұт, Марұт48 есімді,
Екі періштеге, түсірілгенді үйретті.
Және ол екі періште,
үйретпеді ешкімді!
Айтпағанша оларға:
“Біз – сынақпыз сендерге
Сондықтан қорқыңдар кәпір,
болып қалудан”, – деп.
Сонда да олар ол екеуінен үйренді,
Қалай, әйелін ажыратуға ерінен –
Бірақ ешкімге, залалдары тимейді,
Оған Алланың рұқсаты болмаса.
Үйренгені олардың
Өздеріне пайда келтірмей,
Тек зиянын ғана тигізді.
Білді олар, оны алған адамда,
Ақыретте, нәсібінің жоқтығын.
Қандай жаман нәрсеге,
Имандарын сатқанын,
Егер олар білсе ғой!
103.
Ал егер олар иман келтіріп,
Сақтанғанда жамандықтан.
Қандай үлкен сыйлықты,
Алар еді Алладан!
Егер олар білгенде ғой!
104.
Әй, мүміндер! (пайғамбарға):
“Рағина” – “Бізді сақтай гөр”, – деп айтпаңдар,
“Ұнзұрна” – “Бізге назар аудар”, – деп айтындар.
Әрі оны тындаңдар,
Сенбегенге күйзелтуші азап бар.
105.
(Қасиетті) Кітап иелері және,
Қәпірлер мен мүшріктер,
Сендерге Раббыларыңның
қайыры түсуін қаламайды,
Бірақ Алла рахымын,
Қалаған адамына арнайды.
Өйткені, Алла зор кеңшілік Иесі!
106.
Біз, аяттың ешқайсысын ауыстырмаймыз49,
Сендерге ұмытуға бермейміз.
Одан жақсысын,
Не сол сияқтысын келтірмейінше.
Қалайша білмейсің,
Алланың бәрінен құдіретті екенін!
107.
Қалайша сен білмейсің,
Аллада ғана екенін,
Көк пен жердің иелігі?
Сендерде одан басқа не қамқоршы,
Не қорғаушы жоқ!
108.
Енді сендер сұрайсыңдар ма?
Пайғамбардан,
Бұрын Мұсаның50 елі сұрағанды?
Кім шындықты қарсылыққа ауыстырса,
Тура жолдан таяды.
109.
Кітап иелерінің көпшілігі,
Сендер қабылдағанды көре алмай,
Қарсылыққа (дінсіздікке) қайтаруды қалайды,
Оларға шындық айқын болғанда!
110.
Ал сондықтан,
Мұқият болындар намазға,
Зекеттерінді ықыласпен беріңдер.
Қайыр қылған амалынды,
Ақыретке арнаған,
Алланың қасынан табасындар.
Кешіріңдер оларды,
Ұмытындар істегенін сендерге,
Олар жайлы Алла үкімі шыққанша,
Алла құдіретті бәрінен!
111.
Олар айтады: “Ұжмаққа ия, яһудилер,
ия, христиандар кіреді, – деп.
Бұл олардың (орындалмас) арманы.
Айт оларға: “Айтқандарың рас болса
Келтіріңдер дәлелді, – деп.
112.
Әлбетте!
Кім Аллаға бет бұрса ықыласпенен,
Ізгі істер істесе,
(разылығы үшін Алланың),
Оған, Раббысында сыйлық бар,
Әрі. онда қорқыныш деген болмайды,
Қайғырмайды ешқашан.
113.
Яһудилер айтады:
“Адасқандар христиандар”, -деп.
Христиандар да айтады:
‘‘Яһудилер адасқан’, -деп.
Алайда оқығаны бір Кітап,
Тағы солай айтады, олардағы
Әлі ешнәрсені білмейтіндері51.
Қиямет күні болғанда,
Алла олардың таласқанын шешеді.
114.
Кім залымырақ –
Зікірге тыйым салынғаннан,
Алланы дәріптейтін орында,
Әрі оны бұзуға тырысқаннан.
Оларға ол жерлерге кіргенде
Табалдырығын қорқынышпен аттау керек.
Оларга бүл дүниеде қорлық бар,
Ал Ақыретте зор қинау.
115.
Шығыс, батыс әр тарап —
Билігінде Алланың,
Қарасаң да – қай жаққа,
Алланың жүзі сол жақта!
Алла бәрін толығымен қамтиды,
Алла бәрін толық білуші.
116.
Олар айтты:
“Алла бала алды өзіне”, – деп.
Сұбханалла!
(Бұл есуастың сандырағы),
Барлық мақтау Аллаға,
Көктер менен жерге,
Тек жалғыз Ол ғана ие,
Оның әміріне бағынады бүкіл зат.
117.
Ол көктер мен жерді жаратты,
Егер бір нәрсені қаласа,
Оған тек “Бол!”-дейді.
Сонда бола қалады ол нәрсе.
118.
Білмегендер айтады:
“Неге Алла бізбен сөйлеспейді,
Неге бізге белгі бермейді Көктен”, деп
Мұндай сөзді, бұрынғылар да айтқан еді.
Олардың жүректері ұқсас болып келеді.
Негізінде, дініне (ықыласпен) берілгенге,
Аяттарды ашықтан-ашық баян етеміз.
119.
(Әй, Мұхаммед!):
“Біз сені қайыр қылып, ақикатпен жібердік,
Алла Сөзін жеткізіп – жамандықтан тыйсын деп.
Сен жауапты емессің,
Тозақ отының тұрғындарына.
120.
Саған разы болмайды ешқашан,
Яһуди де, христиан да,
Сен ермейінше, діндеріне олардың.
Оларға айт:
“Шынында Алла бізге көрсеткен жол,
Тек сол болады туралық”, – деп.
Бірақ егер еліктесең,
Олардың көңілдері тартқанға,
Болмас саған Алладан не дос, не жәрдемші.
121.
Кімге түсірдік Біз Кітапты52,
Оны шынайы, көркем түрде оқиды.
Олар оған сенгендер.
Бірақ оған қарсы келгендер,
Үлкен зиянға ұшырайды.
122.
Әй, Исраиль ұлдары!
Естеріңе алыңдар,
рақымымды сендерге,
123.
Үстем еткен елдерге.
Сол Күннен қорқыңдар,
Қашан ешбір жан,
Өзгенің азайта алмайды азабын,
Болысу да пайда бермейді,
(Күнә ісіне) құн төлеп
құтыла алмайды.
Күнәкар жанның ешбіріне,
көмектесу болмайды.
124.
Сендер Ибраһимді53 (еске алыңдар),
Сөздермен54 Алланың сынағына ұшыраған.
Сонда ол толық орындады болғанды.
Раббы айтты: “Мен сені адамдарға
басшы етемін”, – деп55.
Сонда айтты Ибраһим:
“Ұрпақтарымды да жарылқай гөр”, деп.
Раббы айтты: “Менің Өсиетімнің –
Залымдарға қатысы жоқ”, – деп.
125.
Еске ал: Біз бұл Үйді56,
Адам баласының
Жиналар орны етіп белгілегенімізді,
Ол жерді (адамдар үшін)
қауіпсіз еткенімізді, –
Ибраһимнің орнын –
Құлшылық орны етіндер дегенімізді”.
Уәде алдық Ибраһимнен,
Және оның ұлы Исмаилден,
Тазалауға ол Үйді,
(ширік болған нәрседен)
Айналып тәуап еткендерге57,
Ғибадатта отырғандарға,
Алланың есіміне иіліп,
Адамдарға жығылғанға сәждеге!58
126.
Еске алыңдар, Ибраһимнің айтқанын:
“Я, Раббым!
Осы қаланы тыныш ете гөр!59
Бір Аллаға, Қиямет күніне сенгендердің
Нәсібін ағыл-төгіл етіп бере гөр”, – деп.
Алла айтты:
“Сенбегендерге де несібесін беремін,
Оларға рахаттанар аз уақыт.
Сосын оларды от азабына тастаймын.
Қандай жаман барар жақ!” – деп.
127.
Еске алыңдар, Ибраһим мен Исмаилды,
Іргетасын қалап болып,
(Жалбарынды Құдайға).
“Я, Раббым!
Осыны бізден қабыл ала гөр.
Бір Өзің бәрін толық естуші,
Бәрін толық білушісің!
128.
Я, Раббым!
Бізді Өзіңе мойынсұнғаннан қыла гөр60,
Ұрпақтарымызды, әміріңе бағындыр.
Құлшылық орнын, амалдарын көрсетіп,
Бізге мейіріміңмен, назарыңды аударушы.
Қабылдаушы тәубені,
ерекше мейірімді бір Өзің!
129.
Я, Раббым!
Ұрпағымның ішінен Өз елшіңді бере гөр,
Оларға аяттарды окитын61,
Кітапты, даналықты үйретіп,
Тазартатын оларды,
Расында бәрінен күшті бір Өзің
Даналығың өте үстем!” – деп.
130.
Кім Ибраһимнің жолынан бас тартады,
Күмәнмен жүрегі толыққаннан басқа?
Хақ Ибраһимді бүл дүниеде таңдадық,
О дүниеде орны мүміндердің қасында.
131.
Бір кезде Раббы оған айтқанда:
“Маған ғана бойсұнатын бол”62, – деп.
Жауап берді Ибраһим:
“Бүкіл әлемдердің Раббысына бойсұндым”,
– деп.
132.
Ұлдарына өсиет етті, Ибраһим,
Йақуб63 та солай етті:
“Әй, перзенттерім!
Сендерге Алла осы дінді таңдады,
Сондықтан,
Шынайы мұсылман болмай өлмеңдер”63а.
133.
Сендер куә болдыңдар,
Йакубқа ажал келген кезде,
Ол ұлдарына айтты:
“Мен өлгеннен кейін,
Кімге құлшылық қыласыңдар”, – деп.
Жауап берді ұлдары:
“Біз сенің Құдайыңа,
Және сенің ата-баба Құдайыңа:
Ханиф Ибраһимнің, Исмаилдің,
Ысқақтың, Бір Құдайына сенеміз.
Соған ғана иіліп, құлшылық қылып өтеміз”
– деп.
134.
Міне, солар дүние асып кеткен елдер,
Олар алады өздерінің тапқанын64.
Сендер өздеріңе тиістіні аласыңдар,
Әрі сендерден,
Олардың күнәлары сұралмайды.
135.
Олар айтады:
“Яһуди не христиан болыңдар, –
Сонда тура жолда боласыңдар”, – деп.
Айт оларға: “Жоқ!
Біз ереміз Ибраһимнің —
сенімді (ханифтың)65 дініне,
Аллаға серік қоспаған”, – деп.
136.
Сосын айтыңдар:
“Бір Аллаға сенеміз, бізге түсірілгенге,
Сосын Ибраһимге. Исмаилге,
Ысқаққа және Йакубке,
Сосын барлық он екі Исраиль ұрпағына;
Сосын Мұса мен Исаға түсірілгенге.
Сосын барлық пайғамбарларға берілгенге,
Айырмай араларын олардың,
Сөйтіп Оған ғана бойсұнамыз”, – деп.
137.
Бірақ егер олар, сендер сияқты сенсе,
Онда тура жолды табады.
Ал егер олар бет бұрса –
Адасқаннан болады.
Олардан Алла сені сақтайды,
Ол толық бәрін естуші!
әр нәрсені білуші!
13865а.
Осындай сұхбат Алладан66,
Ол сұхбаттан не жақсы?
Әрі Оған ғана берілдік.
139.
Айт оларға:
“Бізбен Алла жайында, бар ма,
таластарың?
Ол сендердің де, біздің де Раббымыз.
Біз өз ісімізге жауаптымыз,
Сендер өз істеріңе бересіңдер жауапты,
Аллаға құлшылық қылғанда,
Амалымыз ықыласпен”.– деп.
140.
Әлде айтасындар ма,
Ибраһим мен Исмаилді,
Ысқақты, Йакубты және
Ұрпақтарын66* (Исраиль ұлдарының),
Мұсаның не Христан дінін ұстанған деп?”66ә.
Айт:
“Кім біледі көбірек – сендер ме,
Әлде Алла ма?
Алла бергенді жасырғаннан,
Кім болады залымырақ?
Алла назарынан қалдырмайды,
істерінді істеген”, -деп.
141.
Міне солар дүние асып кеткен елдер,
Олар алады өздерінің тапқанын.
Сендер өздеріңе тиістіні аласыңдар,
Әрі сендерден олардың,
күнәларын сұрамайды.
142.
Адамдардың надандары айтады:
“Басында жүзін бұрған Құбыласынан67
Оларды бұрды не нәрсе?” – деп.
Айт оларға:
Шығыс, Батыс бір Алланың иелігіңде,
Ол Өзі калағанын,
Тура жолмен алып жүреді”, – деп.
143.
Біз осымен68сендерді,
орташа бір үмбет еттік.
Адамдардың істеріне куә болу үшін:
Пайғамбарды,
Сендердің істеріңе куә болсын деп.
Бұрын ұстанған Құбылаңды,
Қойып едік, ажырату үшін.
Алланың елшісіне ергенді,
Басын теріс бұрғаннан.
Шынында, бұл өте ауыр сынақ болды,
Бірақ, Алла тура жолға салғанға емес,
Сендердің сенімдеріңді,
Ешқашан Алла зая қылмайды69 –
Алла адамға өте жұмсақ,
Ерекше Ол мейірімді!
144.
Біз көрдік,
Қалай сен жүзіңді көкке жөнелтің70,
Енді бұйырамыз саған Біз,
Өзің разы болған Құбылаға,
Харам мешіті жаққа бет бұруды71,
Ал енді қай жерде болсаңдар да,
Жүздеріңді жөнелтіндер сол жаққа,
Кітап елдері жақсы біледі –
Бұл Раббың жақтан Ақиқат –
Рас, Алла назарынан қалдырмайды
істеріңді істеген.
145.
Егер де Кітап елдеріне көрсетсен,
Барлық анық мұғжизасын Алланың
Сонда да Олар қарамайды Құбылаңа,
Сен де, қарамайсың
Құбыласына олардың.
Олар өз арасында да,
Бір Құбылаға қарамайды.
Бірақ олардың залым ойларына еліктесең,
Білгеннен кейін Хақ ілімді,
Сен залымдардан боласың.
146.
Оны72 біледі Кітап елдері,
Өз ұлдарын білгендей.
Бірақ арасында олардың бар
Шындықты біле тұра
жасырғысы келетіндері.
147.
Бірақ Ақиқат Раббыңнан келеді,
Сондықтан сірә күдіктенуші бола көрме.
148.
(Бұл өмірде) әркімнің
Бет алатын жағы бар,
Тағдырланған Алламен,
Сондықтан жарысыңдар жақсылықта,
Бір-біріңнен озам деп,
Қай жерде болсандар да,
Алла барлығыңды жинайды.
Рас, Алла әр нәрсеге құдіретті!
149.
Қай жердікі болсаң да,
“Месжід Харамға” қарат жүзінді.
Бұл сенің Раббыңнан ақиқат,
Рас, Алла назарынан қалдырмайды,
істеріңді істеген.
150.
Қай жердікі болсаң да,
Құбылаң болсын “Месжід Харам”;
Болсандар да қай жақта,
Бет бұрыңдар сол жаққа.
Адамдар да сендерге,
қарсы дәлел болмасын.
Айта берсін залымдар,
Бірақ олардан қорықпаңдар,
Менен ғана қорқыңдар.
Толықтау үшін рақымымды сендерге,
Әрі сеңдер болу үшін тура жолда —
151.
Өздеріңнен сендерге,
елші Бізден жібергендей73,
Сендерге Менің аяттарымды оқитын.
Тазартып сендерді,
Кітаппен даналықты үйрететін,
Бұрын білмегенді үйретіп.
152.
Сондықтан Мені естеріңде сақтаңдар,
Мен де сақтаймын сендерді,
Маған риза болыңдар,
Ешқашан қарсы Маған келмеңдер!
153.
Әй, иман келтіріп, сенгендер!
Шақырыңдар жәрдемге.
Сабыр мен намазды –
Шынында Алла қолдайды
Сабыр еткен кісіні.
154.
Алла жолында өлгендерді,
Оларды өлі демеңдер.
Жоқ! Олар тірі,
Бірақ оған білімдерің жетпейді.
155.
Әрине, Біз сендерді сынаймыз,
Қауіп-қатермен және ашықтырумен,
Әрі дүние-мүлікті кемітіп,
Және (қымбат) жанды алумен,
Зая етіп жемістерін (еңбектің).
Сен жеткіз қуанышты хабарды
Барлық сабыр сақтап, төзгендерге.
156.
Барлық айтатындарға,
Қиыншылық басқа туған кезінде:
Расында, біз Алланың қолындамыз,
Әрі оған ғана қайтамыз”, – деп.
157.
Олардың бәріне: Алладан,
Жарылқау мен рақым бар.
Алла оларды тура жолға салады.
158.
Негізінде, Сафа және Мәруа74 –
Алланың белгілерінің (бірі).
Сондықтан кім қажылық75
Не умра жасаса,
Сол екі төбеге тәуап етсе –
күнә жоқ.
Кімде-кім қайыр іске
ынталанса артықша,
Расында Алла жақсы істі қадірлеуші,
бәрін толық білуші!
159.
Ал жасырғанға Бізден келген,
Ашық аяттарды және
туралыққа сілтеушіні,
Біз баян еткен Кітапта76 —
Олардың бәрі
Алла қаһарына ұшырайды,
Оларға лағынет етушілердің77 қарғысы, —
160.
Ал тәубесіне келгендерге,
(Жаман ісін, жақсы іспен қайтарып)78,
Шындықты ашып айтқандарға,
Оларға назарымды аударып,
Қабыл қыламын тәубесін.
Расында Мен, қабылдаушы,
тәубені және өте мейірімдімін!
161.
Өмір сүріп имансыз,
Имансыз болып өлгенге.
Алланың және оның періштелерінің,
Барлық ізгі адамзаттың лағынеті.
162.
Ол мәңгілік оларға болады,
Әрі оларды азаптармен қинайды,
Оларға мұрсат та берілмейді.
163.
Сендердің Тәнірлерің біреу-ақ
Одан басқа Тәңір жоқ.
Рақымды Ол, мейірімді!
164.
Расында, көктер мен
Жердің78” жаратылуында,
Сосын түн мен күннің ауысуында.
Теңізде жүзген кемеде,
қажетімен адамның,
Жаңбырда,
Алла жаудыратын аспаннан,
Сонымен өлген жерді
қайта тірілтетін,
Жан-жануарда79,
жер жүзіне таратқан,
Әрі қимылымен,
ауысуында желдердің,
Көк пен жер,
арасындағы бұлттарды,
Мал жайғандай жаятын.
Расында, ойлаған елге белгі бар.
165.
Бірақ арасында адамның,
Аллаға өзгені қосып
сиынатындары бар,
Оларды сүйеді,
Қалай Алланы ғана
сүю керек.
Алайда шексіз үлкен,
Мүміндердің махаббаты Аллаға.
Егер сенбегендер ақылға келсе,
Олар көрер еді азапты.
Сөйтіп түсінер еді (барлық болмысқа),
Бір Алланың ғана күші жетерін,
Ол азабында өте қатты екенін.
166.
Сонда бастағандар өздеріне,
ергендерден безеді,
Зор азапты көргенде,
қатынастары үзіледі.
167.
Сонда ергендері айтады:
“Әй, егер қайту мүмкін болғанда,
Олар бізден безгендей,
Безер едік біздер де”, – деп.
Солай Алла көрсетеді,
өз істерін оларға,
Жамандыққа әкелген.
Оларға Оттан енді шығу жоқ!
168.
Әй, адамдар!
Алла рұқсат еткен,
Тек халал нәрсемен ризықтанып,
Шайтанның соңына ермендер!
Ол сендердің – қас жауларың.
169.
Ол сендерге,
Жамандықты, арсыздықты бұйырады,
Сендер білмеген нәрсені,
Аллаға қарсы айтуға шакырады.
170.
Қашан оларға айтқанда:
“Еріңдер Алла сендерге ашқанға”, – деп.
Олар айтады: “Жоқ, біз,
Ата-баба салтына ереміз”, – деп.
Сонда оларда тура жолға,
шығарар нұсқаулары болмастан,
Адасқаннан болса да ма?
171.
Сенбегендер шакырғанды естімей,
Тек ұрыс, айғайды еститіндер тәрізді.
Саңырау, мылқау; соқыр болып,
Еш нәрсені аңғармайды.
172.
Әй, мүміндер!
Халал ризық алыңдар.
Алла берген сендерге
Шүкір етіңдер Аллаға,
берілсеңдер шынайы.
173.
Ол харам етті сендерге,
Қанды, өлексені, доңыз етін,
Әрі сойылғанды,
Алла аты аталмай.
Бірақ кім мәжбүр болып шегінен шықпаса
Ол адамда күнә жоқ.
Өйткені Алла өте мейірімді,
бәрін толық кешіруші!
174.
Кім Алланың Кітапта
түсіргенін жасырса,
Оны аз бағаға сатса.
Олардың ризықтары от қана,
Қиямет күні Алладан.
Ол тазартпайды оларды,
Тіл қатпайды оларға.
Күйзелтуші азаппен
Жазаларын береді.
175.
Олар тура жолды, адасуға сатқандар
Азапты – кешірім орнына алғандар.
Сонда олар, қалай Отқа шыдайды?
176.
Осы болды оларға,
Алла хақ Кітапты түсіргенде.
Ол жайында таласып,
Қайшылықта болғаны үшін
Сөйтіп шыққаны үшін
(хақ) діннен!
177.
Жүздеріңді шығысқа
Не батыска жөнелтуде,
Онда емес тақуалық.
Расында,
Иман келтіріп Аллаға,
Ақыретке және періштелерге.
Сондай-ақ елшілермен, кітаптарға
Жақсы көре тұра (байлығын),
оны бөліскенде.
Жақын туысымен,
Жетімдермен пақырмен,
Жолда қалған жолаушыны
және құлды азат етуде.
Намазды толық орындап,
Зекет80 берсе,
Уәделерін орындаса.
Қиындығына заманның,
Сабыр етіп шыдаса.
Сонда болады тақуалық
Хақ Аллаға берілген!
178.
Әй, мүміндер!
Сендерге есе қайтару81 жазылды,
Өлі болса ортада
Азаттыққа – азаттық,
Құлға – құл,
Әйелге – әйел82.
Ал егер туыс жағынан83
кешірім болса.
Ақысын риза қылып төлесін.
Бұл Алла жағынан
жеңілдік пен рақымшылық,
Ал кім шектен шықса
Оларға күйзелтуші азап бар.
179.
Әй, ақыл иелері!
Бұл занда сендер үшін өмір бар,
Әрине, тура жолға түсерсіндер.
180.
Міндет еттік сендерге
Ажал келген шағында.
Ие болсандар мал-дүниеге, —
Онда әке-шешеге,
және тума-туысқа,
Өсиет етіп қалдырсын,
Әркімге дұрыс үлес берілсін.
Парыз еттік бұны Біз,
Қорыққаңдарға Алладан!
181.
Бірақ кім білгеннен,
кейін өсиетті,
Алып оны өзгертсе,
Өзіне күнәні артады –
Алла әр нәрсені естуші,
Бәрін толық білуші!
182.
Егер біреу өсиет, берген
адамның,
Қателесіп күнәлі болуынан қорықса,
Өсиеттегі қатені,
дүрыстап койса болады.
Ол адамда күнә жоқ.
Расында Алла аса рақымды,
және өте мейірімді!
183.
Ой, мүміндер! Ораза,
Бұрынғыларға парыз болғанындай,
Сендерге де парыз болды,
Әрине, тақуа болар деп сендерді.
184.
Санаулы күндерге берілді,
Сонда болса сендерде сырқат84,
Басқа күндерде өтесін.
Оразаға шамасы әрең келгендер,
Бір міскінге тамак берсін,
Не оның (өтеуін) төлесін.
Бірақ кім өз кеңшілігімен,
Қайыр қылып шығарса,
Нұр үстіне нұр болар.
Негізінде,
Кім ықыласпенен тұтса,
Разылығы үшін Алланың,
Оған Раббысынан сыйлық бар.
Егер сендер білсеңдер ғой!
185.
Рамазан айы сондай ай,
(Рақым болып Алладан),
Құран түсірілді сол айда.
Көрсетуші тура жолды,
Анық нұсқау,
Ажыратушы (жаксы мен жаманды),
Оны карсы алғандар (үйінде),
Толық уақыт ұстасын.
Сапарда жүргендер,
мен сырқаттанғандар,
Басқа күні орнын толтырсын.
Сендерге Алла оңайлықты қалайды,
қиындықты қаламайды.
Ол рақымын толық
жеткізу үшін сендерге,
Шүкір етіп,
күнін85 оның толтырыңдар,
Әрі ұлықтандар Алланы.
186.
Құлдарым Мен туралы сұрағанда,
Мен қастарында тұрамын.
Олардың әр тілегін естимін,
Менен намазда сұрағанда.
Олар да Менің әмірімді тыңдасын.
Сенетін болсын Маған хақ,
Тура жолда болу үшін.
187.
Ораза айы кешінде,
Халал болды сендерге,
әйелдеріңе жақындау.
Жаулық86 олар сендерге,
Сендер жаулық оларға.
Алла біледі сендерді,
Сондықтан кешірім етіп сендерге,
Қабыл етті тәубені.
Ал енді оларға
еркін түрде жақындап,
Алыңдар Алла өздеріңе жазғанын.
Ішіп, жеу болады сендерге,
Қара жіптен ақ жіпті,
Айыру мүмкін болғанша.
Сол уақыттан күн батқанша,
Ораза толық ұстаңдар.
Жақындаспаңдар оларға,
Мешітте болған кездерде,
Ғибадат қылған кештеріңде87, —
Осы Алла қойған шектері,
Енді оған жоламаңдар
(атгап өтуден қауіптеніп)!
Осылай Алла, аяттарын түсіндіреді,
Тақуалыққа жетсін деп.
188.
Араларыңдағы малдарды,
Бұзық жолмен88 жемендер.
Билерге пара етіп бермендер,
Біреудің малын жеймін деп.
189.
Сенен олар жаңа ай жайлы сұрайды:
Айт: “Ол (адамдарға) білдіреді,
Шаруасының мезгілін,
Қажылык89 мезгілін де білдіреді.
Үйге артқы есіктен кіруде90—
Онда емес тақуалык
Бір Алладан қорқуда –
Сонда болар тақуалык.
Үйлеріңе кіріңдер – қалай кіру тиісті,
Алла ашуынан қорқыңдар,
Зор табысқа жету үшін.
190.
Өздеріңе қарсы шыққандармен,
Алла үшін шайқасындар,
Шектен шығып кетпеңдер.
Алла жақсы көрмейді,
Шектен шығып кеткенді.
191.
Шайқасындар жауменен
қайда оны көрсендер.
Сендерді қуған жерлерден,
оларды да қуындар.
Өйткені бүлік пен қудалау,
өлімнен де жаманырақ,
Бірақ Мәсжид Харам жанында,
соғыспандар олармен.
Соғыспайынша олар сендермен.
Егер олар, бірінші болып бастаса,
Өлтіріңдер оларды, —
Осы болар кәпірлердің жазасы.
192.
Егер олар бұзақылықтан тыйылса –
Алла жарылқаушы (құлына),
Шексіз (оған) мейірімді!
193.
Соғысындар олармен,
Бүлік, қорлық жоқ болғанша,
Алла діні гүлденгенше90а.
Егер олар тиылса,
Соғысуды қойындар.
Араға от салатын,
Бүлікшілерді қуыңдар.
194.
Құрметті ай – құрметті аймен91,
(Құрметті айда соғыспау –
екі жаққа тиісті),
Ал егер олар
қиянат жасаса сендерге,
Сендер де жасандар
сол мөлшерде қиянат92.
Алла ашуынан қорқындар.
Сосын мынаны біліңдер:
Алла, өз ашуын
тиялғанмен болады.
195.
Алла жолына садақа етіп,
Малды құрбан қылыңдар.
Өздеріңе өз қолдарыңмен,
Зиян қылып алмандар.
Жақсылық істеңдер,
Өйткені жақсы іс істегендер –
Раббысына жақынырақ.
196.
Қажылық пен умраны93
толық етіп өтеңдер,
Разылығы үшін Алланың.
Ал сапар шегу мүмкін болмаса,
Құрбандықтың қолайлысын жіберіңдер94.
Жетпейінше құрбандығың ол жерге,
Шаштарыңды алдырмандар.
Бірақ біреу науқас болса (ықрамда)
Әлде ауру болып шаш алса95,
Оған ораза не садақа, немесе
Құрбан шалу – уәжіп.
Ал қашан амандықта болғанда,
Қажылық пен умраны қосуды қалаған.
Құрбан шалсын, өзіне қолайлы,
Оған мүмкіндігі болмаған.
Ораза тұтсын үш күн қажылық уақытында,
Жеті күн үйіне қайтқан кезінде,
Сөйтіп санын онға толтырсын.
Бірақ бұл “Мәсжид Харамның”
қасында тұрмағанға қатысты.
Алла ашуынан қорқындар,
Ол азабында өте қатты.
197.
Қажылық амалдарын жасаңдар,
Сендерге белгілі болған айларда96.
Кім өзіне міндет етсе сол айларда,
Қажылық амалын қылуға.
Әйелге жақындаудан тиылсын.
Ұрыс-айқай, жанжалдан,
сол уақытта сақтансын.
Қандай қайыр жасасандар,
Алла оны біледі.
Жолға азық алындар97,
Бірақ ең абзалы тақуалық.
Алла ашуынан қорқындар.
198.
Әй, ақыл иелері!
Күнә болмайды сендерге,
Егер (қажылық кезінде),
Раббыларыңнан кеңшілігін сұрап,
(Сауда-сатгық қылсаңдар).98
Қашан Арафаттан» қайтқанда,
Масжидул-Харамның қасында100,
Мадақ айтып, шүкір етіңдер,
Аллаға.
Сендер адасуда жүргенде,
Тура жолға салғанға.
199.
Сосын сол жерден,
Ел мен бірге қайтындар,
Кешірім тілеп Алдадан,
Алла өте кешірімді,
және өте мейірімді!
200.
Қажылық амалдарын бітіріп,
Мадақ айтындар Аллаға101.
Бұрын аталарыңа айтқандай102,
Бірақ одан гөрі жақсырак та,
күштірек.
Адамдардың арасында:
“Я, Раббым!
Бұл дүниеде
Өз кеңшілігіңді бере гөр”, —
дейтіндері болады.
Бірақ оларға
Ақыретте нәсіп жоқ.
201.
Ал айтқандарға:
“Иә Алла бұл дүние мен
ақыретте нәсіп бер,
Және азабыңнан сақтай гөр!” – деп.
202.
Міне, солар үшін үлес бар,
Амалдарына тиісті, —
Алла есебінде өте тез.
203.
Санаулы күнде зікір етіңдер Аллаға103,
Кім асығып (Минадағы зікірді),
екі күнде бітірсе,
Ол адамға күнә болмайды.
Ал кім одан артық жасаса,
Такуалыққа жақындау деп,
Күнә болмайды онда да.
Сондықтан Алла ашуынан қорқындар,
Үмытпаңдар, қайтуларың – Аллаға!
204.
Адамдардың ішінде бар сондайлары104.
Олар бұл дүниені айтқанда,
Таңғалып, аузың ашылып қалады,
Олар жан-жүрегі толғанға,
Алланы айғақ қылады.
Бірақ олар касарысқан қаскүнем.
205.
Сенен шыққан сәтінде,
Асығады жер жүзіне
бұзакылықты жаюға,
Егінді және малды құртуға,
Алла жауыздарды сүймейді.
206.
Ал қашан оған
“Алладан қорықсайшы!” – делінсе,
Тәкаппарланып, зор күнәні істейді.
Оның орны Тозақта —
Қандай жаман барар жағы!
207.
Бірақ адамдардың ішінде
Сондай жақсылары балады,
Раббысы үшін жанын, тәнін беретін,
Алла құлдарына тым жұмсак.
208.
Әй, иман келтіріп, сенгендер!
Исламға105 бүтіндей кіріңдер,
Шайтан ізіне ермеңдер
Ол ашық дұшпан сендерге.
209.
Бірақ жолдан шығып кетсеңдер,
Өздеріңе ашық дәлел келген соң,
Онда біліңдер:
Алла өте құдіретті, аса данышпан!
210.
Олар нені күтіп жүр,
Қашан Алла
Бұлттардың көлеңке астында,
Өз періштелерімен түсіп,
Сөйтіп барлық істі шешкенің бе?
Тек Аллада барлық істің шешімі.
211.
Исраиль ұлдарынан сұра,
Оларға қаншама ашық
белгілерді түсірдік?
Ал кім өзгертсе, мейрімдерін Алланың,
Ол өзіне анық болғанда.
Рас Алла азабында өте қатты.
212.
Кәпірлерге бұл өмір,
өте қызық болып көрінеді,
Тәлкек етеді, мүміндерді,
Ал Қиямет күні болғанда,
Мұсылмандар олардан үстем болады.
Алла қалағанын Өзінің,
Шексіз ризығына бөлейді!
213.
(Бір заманда) адамдар,
бір ел-болып тұрған еді,
Сонда Алла қуандырушы,
қорқытушы пайғамбарлар жіберді.
Тағы олармен бірге,
Хақ кітапты жіберді,
Адамдар өзара ойласатын,
Көрсетуші тура жолды.
Сонда анық дәлел келгенде,
Тек ішіне жамандыққа толғандар,
Қарсылықта қала берді.
Сонда Алла рақым етіп,
Сенгендерді ақиқатқа жеткізді.
Бұрын қайшылыққа түсірген,
Хақ Алла қалағанын
Өзіне,105а тура жолға салады.
214.
Ойлайсыңдар ма,
Жұмаққа кіреміз деп,
Бұрынғы елдің көргенін
өздерінен өткізбей?
Оларға қайғы, аштық, ауру келді,
Еңселері түсіп, соншалықты қиналды.
Пайғамбар және оған сенгендер,
Жалбарынды Аллаға:
“Я, Раббым, жәрдеміңді жібере гөр!” – деп
Шынында, Алла асығады көмекке!
215.
Олар сенен сұрайды106.
Алла жолына не берейік деп?
Айт:“Бергендерің сендердің
жақсы нәрсе болсын”107, – деп.
Ол – әке-шеше,
жақындар мен жетімдер,
Міскіндер мен жолда қалғандар үшін.
Әр қайырдан не істесеңдер де біліндер,
Алла оған куәгер.
216.
(Әй, мүміндер!),
Сендерге сүйкімсіз болса да,
Соғыс108 парыз етілді?
Бәлкім сендерге сүйкімсіз болған нәрсе,
(Уақытында) қайыр болады сендерге.
Жақсы көрген нәрселерің,
(Ертең) жаман болуы мүмкін.
Сендер білмейсіндер,
Алла білетін нәрсені.
217.
Олар сенен
құрмет болған айларда,
Соғысу мүмкіндігін сұрайды.
Айт:
“Ол айда соғысу – зор күнә”, – деп.
Бірақ Алла жолына тосқауыл қою,
Одан да үлкен күнә болады.
Алла Сөзінен бас тартып,
Мәсжид Харамға кіргізбей,
тұрғындарын қудалау.
Шынында, бүлік пен қудалау
өлімнен де жаманырак.
Олар седермен соғысудан тиылмайды.
Сендер діндеріңнен бас тартқанша,
Егер оған шамалары келгенде.
Бірақ кім діннен кері қайтып,
Кәпір күйінде өледі.
Екі дүниеде амалдары оның бос болады,
Тозақ отына түседі,
Онда мәңгі қалады.
218.
Шынайы иман келтіргендер,
Қудалауға ұшырағандар109,
Әрі Алла жолында күрескендер,
Оларда Алла рақымынан үміт бар.
Алла барлық күнәні кешіруші,
және өте мейірімді!
219.
Олар сенен арақ пен
құмарлық жайында сұрайды,
Айт: “Екеуі де зор күнә,
Оларда пайда бола тұра,
Пайдасынан күнәсі зор”, – деп.
Мынаны сұрайды:
“Алла жолына не беру керек?”110 – деп.
Айт: “Өз қажетіңнен асқанды”, – деп.
Алла Өз аяттарын түсіндіреді,
ойланар деп сендерді.
220.
Тағы бұл дүние мен Ақыретті,
Сосын жетімдер жайын сұрайды.
Айт: “Оларға қайыр істі істеген,
Қайыр істің жақсысы, – деп.
Оларды өздеріңе қоссаңдар,
Олар ағайын болады сендерге.
Алла айыра біледі
істегенді қайырды,
істегеннен зұлымды.
Егер Алла қаласа
қорлар еді сендерді,
Алла күшті бәрінен, даналықтың Иесі!
221.
Мүшрік111 әйел алмаңдар,
Олар сенбейінше (Аллаға).
Аллаға сенген күң әйел,
Сендер үшін жақсырақ
мүшрік болған қатыннан.
Егер екіншісі қызығырақ болса да,
Қыз бермеңдер мүшрікке,
Олар иман келтірмейінше,
Өйткені,
Құдайға сенген құл еркек,
Ол ұшін жақсырақ,
Азат мүшрік еркектен.
Ежіншісі ұнаса да көбірек,
Мүшріктер Жаһаннамға шақырады.
Раббың сенің шақырады –
Кешірім мен Жаннатқа.
Адамдарға Өз аяттарын түсіндіреді,
Сақтасын деп есінде,
Мадақ айтып жүрсін деп.
222.
Олар сенен (әйелдердің)
Етеккірі жайында сұрайды,
Айт: “Ол лас ағын мен ауру”, – деп.
Сондықтан жақындаспаңдар сол кезде,
Олар тазарып болғанша.
Ал тазарудан өткенде,
Алла, айтқанындай сендерге,
Еркін барыңдар оларға.
Алла жақсы көреді,
Тәубе еткен адамды,
Өздерін тазалықта ұстаған.
223.
Сендерге әйелдерің егіндік,
Ол егіндікке, қалаған кезде келіңдер.
Алдымен өздеріңе
бір қайырды дайындап,
Алла ашуынан қорқыңдар.
Әрі біліңдер – Оны бәрің көресіндер,
(Әй, Мұхаммед!) бұл хабармен,
мүміндерді қуантып қой.
224.
Алла атымен жамылмаңдар,
Тақуалықта жүрмін деп,
Алла ашуынан қорқам деп,
Жарастырамын адамдардың арасын деп,
(Ол қолдарыңнан келген болмаса да).
Алла әр нәрсені естуші және бәрін білуші!
225.
Алла бос сөздегі анттарыңды тергемейді,
Алла сұрайды сендерден
сақтағанды жүректе.
Өйткені Алла өте кешірімді, және өте төзімді!
226.
Кім талақ айтып, ант етсе,
Төрт ай болсын (әйелінің қасында).
Сол уақытта, аралары жарасса,
Алла бәрін түсінеді, жарылқаушы бір Өзі.
227.
Бірақ егер талағынан қайтпаса,
Алла бәрін естиді және бәрін біледі.
228.
Талақ алған әйелдер,
Күтсін үш етеккір мерзімін112.
Алланың жаратқанын – жатырдағыны,
жасыруға болмайды.
Егер шын сенетін болса,
Алла мен Ақыретке.
Олардың ерлеріне дұрысырақ,
Қайтып алу әйелін – ол жарасуды қаласа.
Бұл жерде, еріне әйелінің хақы бар,
Хақы сияқты ерінің,
Бірақ ердің хақы басымырақ”3,
Алла өте күшті, даналықтың Иесі!
229.
Талақ мерзімі тұрар екі сатыдан114,
Сонда, не тұралықпен – тұрыңдар.
Не жақсылықпен – ажырасыңдар,
Олардан бергенінді алуға,
Халал емес еш нәрсе!
Бірақ егер қорықса екеуі,
Алланың шегінен шығуға,
(Тағы куәгер болған адамдар),
Алла шегін бұзбауларынан
қауіптенсе,
Күнә балмайды оларға.
Егер өз еркіндігі үшін,
бодау берсе әйелі”5.
Алла шегі осындай,
Алланың шегінен шыққаңдар,
Нағыз залым болады.
230.
Ал егер ері әйелінен мүлдем ажырасса,
Оған халал болмайды ол әйел,
Ол басқа күйеуге шыққанша,
Сөйтіп одан талақ алғанша”6.
Сонда екеуіне күнә болмайды,
Табысуға қайтадан.
Алланың шегін бұзбауға,
Екеуінде ниет болса.
Бұл білген елге Алланың,
Баян еткен шектері.
231.
Ажырасканда талақ алған әйелмен,
Белгіленген мерзімі аяқталған кезінде.
Оларды үйлеріне
көркем түрде апарыңдар,
Яки жақсы сөзбен жіберіңдер.
Еркінен тыс ұстамаңдар,
Оларға зиян етіп, әдепсіздік істемеңдер.
Кім сондайды істесе –
өзіне зұлымдықты қылғаны,
Аяттарын Алланың
мазақ еткен болмандар,
Түсінікпенен біліңдер,
Алланың берген рақымын.
Түсіргенін сендерге –
Кітап пен хикметті1,6а
Көрсетушің тура жол.
Бір Алладан қорқыңдар,
Мына бір жайтты біліңдер –
Көреді Алла бәрін де!
232.
Ажырасқанда талақ алған әйелмен,
Белгіленген мерзімі,
аяқталған кезінде,
Бұрын болған ерімен
қосылуынан тоспаңдар,
Риза болысып екеуі,
аралары жарасса.
Бұл – насихат,
Сенгендер үшін –
Алла мен Ақыретке.
Бұл сендер үшін
өте таза және пәк,
Сендер білмегенді Алла толық біледі.
233.
Анасы баласын,
Толық екі жыл емізсін.
Әкесі емізуді доғаруды қаласа,
Қорегі мен киімін өз мойнына алады.
Әркімге шамасы келетіні жүктеледі.
Анасы баласы үшін зиян тартпасын,
Әрі әкесі де және мұрагер де.
Әке-шеше ризалықпен кеңесіп,
Омыраудан айыруды қаласа,
Оларға күнә болмайды.
Қаласа емізуді өзгеге,
Ақысын риза етіп беріндер.
Алла ашуынан қорқындар
және біліндер-
Алла толық көреді істеріңді істеген.
234.
Біреу сендерден қайтыс
болған жағдайда.
Артында әйелі жесір қалғанда,
Жоқтау мерзімін сақтап117’
Торт ай он күн күтеді.
Сол уақыты біткенде,
Сендерге жауапкершілік жүктелмейді,
Олардың еткен істеріне.
Шынында Алла толық білуші
істерінді жасаған.
235.
Күнә болмайды сендерге,
Ол әйелге айтсаңдар
үйленетін ойларыңды
Іштеріңнен тиылып,
жасырсаңдар ол ойды.
Алла біледі сендердің,
Ол жайында ойларынды сақтаған,
Бірақ жасырын уәде бермеңдер,
Көркем түрде сөйлендер.
Бітпейінше белгіленген уақыты,
Некелеспендер олармен.
Мынаны біліңдер –
жүректегі сырларыңды,
Раббыларың толық біледі,
Алла ашуынан қорқындар.
Біліндер – жарылқаушы бір Алла,
Ол өте шыдамды!
236.
Күнә болмайды сендерге,
Әйеліңмен қалыңмалды берместен,
Жақындаспай ажырассаңдар,
Сонда шамаларың жеткенше,
Сыйлық беріндер оларға.
Ауқаттылар – өз жағдайына лайықты,
Кедейлер – өз шама-шарқынша.
Сыйлықты риза етіп беріңдер,
Кеңшілік білдіріп, жомарттық танытып.
237.
Бірақ егер:
Қалыңмалда тоқтасып,
Жақындаспай ажырассандар,
Оларға- қалыңмалдың жартысы.
Егер әйел одан өзі бас тартса,
Неке түйінін өзі118 кешсе – жөні басқа.
Бірақ кеңшілік етіп берсеңдер,
Ол тақуалыққа жақынырақ.
Өзара мейірімшілікті,
және рақымдылықты ұмытпандар,
Алла анық көреді істеріңді істеген.
238.
Намазды уақытымен оқыңдар.
Ортаңғы намазға119 мұқият болыңдар.
Раббыларың алдында бойсұнған,
Мүсәпір халде тұрыңдар.
239.
Ал, қауіп-қатерде болсандар,
Жаяу әлде көлікте (ишарамен) оқыңдар;
Қауіп-қатер қайтқан кезде,
Аллаға зікір етіңдер,
Бұрын білмегенді, ол үйреткендей сендерге.
240.
Сендерден кім бүл өмірден қайтқанда,
Артынан жесір әйел қалдырып.
Үлес берсін оларға,
және олар бір жыл тұрсын үйінде.
Бірақ ол өз еркімен шығып кетсе,
Олар өздеріне тиісті
қандай шешім жасаса да,
Күнә болмайды сендерге.
Алла күдіретті бәрінен, даналықтың Иесі!
241.
Ажырасқан әйелге,
Жақсы үлес берілуі,
Таққуаларға бір міндет.
242.
Алла осылай түсіндіреді, аяттарын,
Ойлансын деп сендерді.
243.
Көрмейсің бе оларды?
Өлімнен қорқып.
Үйлерінен қашқандарды,
Болды олар мыңдаған.
Алла айтты: “Өліңдер”, – деп,
Сосын қайта тірілтті.
Алла адамдарға тым жұмсақ,
Бірақ адамдардың көбі
шүкір етпейді Аллаға!
244.
Алла жолында күресіңдер,
Біліңдер, Алла толық естуші,
Бәрін (анық) білуші!
245.
Кім олар,
Аллаға көркем қарыз бергендер120,
Қайырымын Алла еселеп арттырған?
Алла ғана тарылтады,
Не мол ризыққа бөлейді,
Оған тән – қайтуларың сендердің.
246.
Көрмедің бе,
Исраиль ұлдарының ақсүйектерін,
Мұсадан кейін болғандарың?
Олар айтты пайғамбарға121:
Ортамыздан падиша бер,
Алла үшін соғысамыз , – деп.
Пайғамбар айтты оларға:
Қашан сендерге белгілесе шайқасты,
Сендердің шықпай
қалуларың мүмкін бе?» – деп.
Олар айтты:
“Неге Алла үшін соғыспаймыз,
Үйлерімізден қуылсақ,
бала-шағадан айрылсақ?” -деп.
Алайда соғысу керек болғанда,
Олардың көбісі бас тартты,
Өте азынан басқасы.
Шын, Алла залымдарды ажырата біледі!
247.
Оларға айтты пайғамбар:
“Алла Талутты падиша етті сендерге”, – деп.
Олар айтты:
“Ол қалай падиша болады бізге.
Одан гөрі біз лайықпыз билікке?
Оның байлығы да,
ақылы да жетпейді”, – деп.
Бірақ ол айтты оларға:
“Сендерге Алла оны сайлады,
Оның даналығы мен
батырлығын арттырды”, – деп.
Рас Алла билікті қалағанға береді,
Озінің мейір-шапағатымен
бәрін Өзіне сыйдырады.
Өз әмірін жүргізеді,
әр нәрсе мен әр кімге.
248.
Олардың пайғамбары айтты:
“Оның падиша болар белгісі122,
Сендерге (Өсиет) кемесінің123 келуі,
Онда Раббының қасиетті
қобдиының болуы124.
Онда Мұса әулетінен қалған нәрсе бар,
Онда Харұн әулетінен қалған нәрсе бар –
Оны періштелер әкеледі сендерге,
Мұнда расында дәлел бар.
Әлбетте, шынайы иман келтірсеңдер”, – деп.
249.
Сөйтіп Талут әскерімен шыққанда,
Әскеріне айтты:
“Расында Алла сендерді
бір өзенмен сынайды.
Одан ішкен адамдар,
Менің әскерімде болмайды,
Бірақ кім қолымен
бір-екі жұтым ішсе,
Оған кешірім болады”, – деп.
Сонда көбі ішті өзеннен,
Азы ғана ішпеді.
Сөйтіп озеннен бәрі асқанда,
Айтты олар сол кезде:
“Енді біздің күшіміз аз,
Жалұт пен оның әскерін
жеңуге”125, – деп,
Бірақ іштерінде хақ
Аллаға сенгендері.
Оған жолығудан
кумәнсіздары айтты:
“Қолдауымен Алланың
қаншалықты аз күштер,
Жеңген еді көп топты,
Расында Алла шыдамды мен
төзімдіні қалайды.
250.
Жалұттың әскерімен кездескенде,
Олар жалбарынды Аллаға:
“Иә, Алла Өзің қолдап, сабыр бер,
Табанымызды бекітіп,
Кәпірге қарсы жәрдем бер!” – деп.
251.
Сөйтіп, қолдауымен Алланың,
Олар кәпірлерді мәжбүр қылды қашуға.
Сол шайқаста Дәуіт126 Жалұтты өлтірді,
Алла берді Дәуітке даналық пен билікті.
Оған қалағанын үйретті.
Алла адамзатты
бір-бірінен қорғамаса,
Жер беті, толар еді қайғыға —
Алла өз әлемдеріне өте кең!
252.
Осындай аяттары Алланың,
Оны саған шынайы түрде оқимыз.
Расында сен елшілермен
бір қатарда, тұрасың.
253.
Барлық елшілерге,
Біз өзіне лайықты нәсіп бердік127,
Кейбірін басқаларынан артық қылдық.
Араларында болды
Раббысымен сөйлескендері.
Басқаларының (пайғамбарлық)
дәрежесін үстем еттік.
Марйам ұлы Исаға,
анық мұғжизаларды Біз бердік.
Жәбірейіл арқылы оның
(пайғамбарлығын) қуаттадық.
Егер Алла қалағанда,
Олар анық мұғжизаларды
көрген соң
Олар сағыспас еді өзара.
Бірақ олар қайшылыққа түсті өзара,
Алла Өзінің әмірін
жүргізеді (Әлемге)!
254.
Әй, мүміндер!
Алла жолында,
Біз бергенді жұмсаңдар.
Болмайынша сол бір Күн,
Қашан ешкім төлеу беріп
құтылмайды.
Достық пен шапағат деген
болмайтын.
Кәпірлер, расында,
ессіз жүрген ақымақтар.
255.
Алла! Одан басқа тәңір жоқ,
Ол тірі әрі мәңгі өмір сүруші.
Ол қалғымайды, ұйықтамайды,
Барлык көктер менен жердегіге ол Ие.
Оның алдында кім шапағат етеді?
Оған Оның рұқсаты болмаса.
Ол біледі не болғанын,
олардың алдында,
Сосын олардан кейін не боларын128а.
Ал олар біледі Оның ілімінен,
Тек Оның қалаған нәрсесін.
Оның Күрсісі көктер мен жерді сыйдырады
Оған оларды қорғау қиын емес.
Ол Өз құдіретінде өте биік, аса зор.
256.
Дінге зорлықты Ол харам етті,
Расында ұқсамайды туралық пен адасу.
Кім жауыздықтан бет бұрып, Аллаға сенсе,
Нақ басатын тіреу тапты,
қирамайтын ешқашан.
Хақ Алла, расында,
Әр нәрсені істейді және бәрін біледі!
257.
Алла – барлық Өзіне сенгенге,
Дос әрі қорғаушы,
Оларды қараңғылықтан
жарыққа шығарды.
Ал Шайтан адастырады кәпірді,
Жарықтан караңғылыққа жеткізіп.
Міне, солар бәрі тозақтық,
Онда мәңгі қалады.
258.
Көрмедің бе адамды,
Ибраһиммен Алла жайлы таласқан.
Оған Алла патшалықты берді деп.
Оған Ибраһим айтты сол кезде:
“Алла береді өлім менен өмірді”, – деп.
Ол айтты:
“Мен де берем өлімді және өмірді”-деп.
Сонда айтты Ибраһим:
“Расында Раббым
Күнге шығыстан шығуды бұйырады,
Ал сен бұйыр оған батыстан шығуға”, – деп.
Кәпір сонда сөз таба алмай үн қатпады,
Алла залым елді тура жолға салмайды.
259.
Әлде (жолаушыны) көрдің бе,
бір мекеннен өткенде,
Ол айтты:
“Бұны Алла қалай тірілтеді,
Мұнда бәрі өліп жатқанда?” – деп.
Алла оны өлімге ұшыратты жүз жылға,
Сосын қайтып тірілтіп,
Ол адамнан сұрады:
“Қанша болдың бұл жерде?” – деп.
Ол айтты:
“Бір күн не оның бір бөлігіндей”, – деп.
Алла айтты сол кезде:
“Әй, жоқ!
Жүз жыл жаттың бұл жерде,
Енді тамағың мен сұсыныңа қарап көр,
Олар мүлдем бұзылмаған.
Ал енді есегіңе қарап көр,
(Одан қалды қу сүйек)
Сені адамдарға үлгі қылдық,
Енді сүйектерге назар сал,
Оны қайтып жинаймыз.
Әрі оған қайтып ет жабындаймыз!” – деп,
Бұл жағдай оған ашық көрінгенде,
Ол айтты: “Енді білдім —
Алланың күші – ең құдіретті!” – деп.
260.
Еске алыңдаршы,
Ибраһимнің айтқанын:
“Я, Раббым?
Өлгендерге қалай жан беретінінді,
Корсетші маған расында», – деп.
(Раббы) айтты:
“Маған сенбейсін бе?” – деп.
“Сенемін Саған күмәнсіз. –
деді сонда Ибраһим. —
Бірақ сезгім келеді жүрегіммен”, – деп.
(Раббы) айтты:
“Онда төрт құсты өзіңе үйірлестір.
Сосын сойып, бөлшектеп,
Әр қайсысын, әр төбенің басына қой.
Сосын шақыр өзіңе оларды,
Олар асығып саған ұшып келеді.
Енді біліп қой:
Алла бәрінен құдіретті, даналығы асады?” – деп.
261.
Рас кім Алла жолында, мал жұмсаса,
Сол – бір ұрық тәрізді,
Өзінен жеті сабақ шығарған,
Әр сабақ – жүз ұрықтан сақтаған,
Алла қалағанға Өзіне арттырады үлесін
Шын, Алла өте кең, әр нәрсені білуші!
262.
Разылығы үшін Алланың.
Садақа берген адамдарға,
Артынан міндет етіп,
беріп болып бұлданбаса,
Оған Раббысынан сыйлық бар.
Оларға қорқыныш деген болмайды,
Әрі олар қайғырмайды.
263.
Кешірім менен көркем сөз,
Әр садакадан жақсырақ –
Артынан ілестірген міндет пен ренжуді.
264.
Әй, мүміндер!
Садақаның сауабын,
Міндет қылып ренжітумен жоймандар.
Адамдарға көрсету үшін,
Мал сарып қылғандай.
Ал өзі сенбей Аллаға да.
Ақыретке де,
Олар қырда тұрған тас сияқты,
Үстіне топырақ жайылған.
Оған жаңбыр құйса төгіліп,
Тасы қалады ашылып!
Солай олардың еш болады еңбегі, —
Алла бұзақыны тура жолға салмайды.
265.
Кім садақаны береді,
Разылығы үшін Алланың,
Қуаттау үшін иманын.
Биік төбе үстіндегі,
Жеміс-жидек бақшадай,
Оған жауын жауса нөсерлеп,
Өнім береді екі есе.
Егер жаңбыр жауған болмаса,
Оны жеңіл дымқыл ауыстырады,
Алла көреді сендердің істеріңді жасаған.
266.
Кім қалайды өзіне,
Жеміс-жидек, бақшаны,
Құрма, жүзім өсетін,
Өзендерді ағызған,
Ішінде қалағаны өнетін.
Оған кәрілік жеткен шағында,
Балалары әлсіз әлі болғанда,
Сол бақшаны жалындаған, –
Құйын күйдіріп, өртеп кетуін. –
Алла осылай аяттарын баяндайды,
Түсінсін деп сендерді.
267.
Әй, иман келтіріп, сенгендер!
Садақаға жақсы нәрсе таңдаңдар129,
Табыстарыңнан әлде жерден сендерге,
Біз Рақым етіп шығарғаннан,
Сөйтіп ұмтылмаңдар жаманға,
Содан берем деп садақа,
Ал өзің оны алмайтын,
Әлде әрең көзінді жұмып алатынды.
Біліп қой, Алла мұқтаж емес сендерге,
Асып-толған мақтауға
268.
Шайтан кедейлікпен қорқытады сендерді,
Сөйтіп арсыздыққа шақырады.
Алла болса уәде етті сендерге,
Кешірім менен рақымын
Рас Алла бәрін Өзіне сыйдырады.
Бәрінен тегіс хабардар.
269.
Алла кімді қалайды,
Соған даналыкты береді.
Ал оны алған адамның,
қалағаны болады.
Мұны түсіне алады,
Терең ойлап білетіндер
270.
Садака етіп не берсең де,
Қандай нәзір атасаң да,
Алла оны біледі.
Залым елге жақтасушы жоқ.
271.
Егер садаканы ашық берсеңдер,
Сендер үшін ол жақсы.
Ал егер, жасырын көзден берсендер,
Мұқтаж болған пакырға,
Нұр үстіне, нұр болып,
Разы болған Раббыңнан
Күнәңа кешірім аларсың.
Алла біледі сендердің
істеріңді істеген!
272.
Оларды тура жолмен жүргізу,
Саған міндет болып жүктелмеді.
Алла қалағанын Өзіне,
тура жолмен жүргізеді.
Садақаға не берсең,
ол толық қайтады Алладан,
Өйткені сендер бересіндер,
Тек ризашылығы үшін Алланың130,
Сондай-ақ не қайыр берсеңдер,
Ол толық төлейді есесін.
Сендерге әділетсіздік болмайды.
273.
(Кімге беру керек садақаны сендерге)
Мүқтаж болған адамға,
Алла жолын іздеуменен
отырғанға қамалып,
Дүние іздеу талаппенен
жер бетінде жүрмейтін.
Білмегендер оларды,
бай екен деп ойлайды,
Оларды бейнесінен танисың.
Жабысып олар қайыр тілемейді,
Садақаға не берсең де,
Алла оны біледі.
274.
Сондай-ақ күндіз-түні, жасырын, ашық
Садақаны бергендер.
Оларға Раббысынан сыйлық бар.
Оларды қорқыныш баурамайды,
Олар қайғы дегенді білмейді.
275.
Ал өмірін өсім жеумен өткізген131,
(Ақыретте) жын соғып
есеңгіреп тұрады,
Оны Шайтан ақылсыздыққа ұшыратты –
Бұл оларға, айтқан ұшін:
“Өсім де сауда еткен сияқты, – деп,
Негізінде Алла харам етті өсімді.
Әрі халал етті сауданы,
Бұл үкімді ести салып, тыйылғанға132
Кешірім, өткен ісіңе болады,
Оның ісі Алла алдына барады.
Ал кім қайталаса ол істі,
Мекені Тозақ болады,
Онда мәңгілікке қалады.
276.
Раббыңнан өсімге қатал
түрде рұқсат жоқ,
Ол жақсы істің – арттырады үлесін.
Алла бұзақы күнәкарды сүймейді.
277.
Хақ иман келтіріп,
ізгі істі жасаған,
Намазды уақытымен оқыған.
Зекет төлеуін бергендер,
Оларға Раббысынан сыйлық бар.
Оларды қорқыныш сезімі баурамайды,
Әрі олар қайғырмайды.
278.
Әй, иман келтіріп сенгендер,
Құдайдан қорқып бас тартыңдар,
Өсімнен түскен пайдадан,
Шынайы сенген болсаңдар.
279.
Бірақ егер оны тыймасандар,
Алладан және пайғамбардан ұрыс,
болады сендерге.
Ал тыйылып тәубе етсеңдер.
Ақшаларың өздеріңде қалады.
Адамдарды зиян етіп ренжітпеңдер,
Сонда зиянға ұшырамаған боласындар.
280.
Егер қиыншылықта болса қарыздар,
Күту міндет сендерге.
Жақсарғанша жағдайы.
Ал егер кешіріп садақа етсең қарызды,
Сендер үшін жақсырақ.
Егер сендер білгенде ғой!
281.
Сол Күннен қорқындар!
Қашан Құдайға қайтқанда,
Әр жан толық алады,
Өзіне алдын-ала жиғанды,
Ешкімге әділетсіздік болмайды.
282.
Әй. иман келтіріп, сенгендер!
Егер өзара қарыз беріп,
қарыз алсандар,
Белгілі бір мерзімге,
Сонда оны жазыңдар.
Әрі хатшы оны тура жазсын
Екі жаққа да бірдей.
Олай істеуден бас тартпасын,
Раббы оған үйреткендей.
Ал сондықтан жазсын ол,
Әрі борышты кісі жаздырсын,
Раббы Алладан қорқып,
Әрі еш нәрсені кемітпесін.
Ал егер қарыз алған адамның,
Ақылы не денсаулығы нашар болса,
Әлде өзі жаздыра алмаса,
Онда Оның қамқоршысы
Дұрыс етіп жаздырсын.
Оған араңыздан екі куәгер қойыңдар133.
Егер екі еркек болмаса,
Онда екі әйел134 бір еркек,
Олардың куә етуіне
мақұлдаса екі жақ,
Егер біреуі жаңылса,
екіншісі түзетеді.
Куәгер болған адамдар,
Шақырғанда бас тартпасын.
Қарыз үлкен болсын, аз болсын
Дұрыс болады жазбаша бекіткен,
Қайтарар уақытын көрсетіп,
Ол – Алла алдындағы тұралық,
Куәлік үшін және
Күдік болмау үшін жақсы.
Ал егер сауда болса қолма-қол135,
Жазбасаңдар,
күнә болмайды сендерге.
Бірақ әр саудаласқан кезінде,
Куәгерді қойыңдар.
Куәгер мен хатшыға қинау,
зорлық болмасын,
Егер ондай қылсаңдар –
боласындар адасқан.
Алла ашуынан қорқыңдар?
Шынында Алла үйретеді сендерді,
Ол әр нәрсені білуші!
283.
Ал егер де сапарда болып,
Таба алмасаң хатшы
болар адамды.
Қарыз берген адамға,
Кепілдік берсе болады.
Кепілдік алған адамға,
Аманат болған нәрсені,
Қиянат етпей тапсыруы,
Міндет болып жүктеледі.
Бір Алладан қорқындар,
Айғақ болған нәрсені,
жасырмандар әдейі,
Қасақана оны жасырған адамның,
Күнәдан шіриді жүрегі.
Алла біледі сендердің істеріңді істеген.
284.
Тек Алла ғана Иесі
Бар нәрсенің көктер менен жердегі.
Ішіндегі нәрсені ашсаң да, жасырсаң да,
Алла шақырады есепке.
Алла Өзі шешеді – кімді жарылқайтынын,
кімді жазалайтынын.
Алланың құдіреті әр нәрсеге жетеді!
285.
Пайғамбар толық сенеді
Алла оған бергенге,
Оны біледі мүміндер, әрі олар сенеді –
Бір Аллаға,
Оның періштелеріне,
Оның елшілері мен Кітаптарына,
Және олар айтады:
“Елшілердің айырмаймыз арасын,
Оны естейміз және Оған бойсұнамыз!
Я, Раббым! Сенен ғана жарылқау,
Әрі Саған ғана қайтамыз ’, – деп.
286.
Құдай жүктемейді сендерге,
Шама жетпес нәрсені.
Толық береді сендерге,
Жақсылықтың пайдасын,
жамандықтың зиянын:
“Я, Раббым! Рақымыңа бөлей гөр,
Қателесіп күнә қылсақ!
Я, Раббым! Ауыртпалық жүктеме,
Бұрынғыларға жүктеген.
Я, Раббым арта көрме біздерге,
Шама келмес нәрсені!
Бізді жарылқа және бізге кешіріміңді
жібере гөр!
Сен – Біздің Раббымызсың,
Кәпірлерге карсы жәрдемінді бере гөр!”